Ақтөбе қаласындағы
№32 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі
Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Мәтіндерді танып алу программасы.
Сканерлеген мәтіндерді редакциялау.
Құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау
Қазіргі кезде нарықта сәйкестендіру жүйелерінің біршама түрлері бар, олар әртүрлі іскерлік ортадағы қолданушыға, сондай-ақ әртүрлі платформаға негізделген. Мысалы, FineReaderOnline.ru, ABBYY FineReader, Readiris, Persian Reader, Kirtas Technologies Arabic OCR, CuneiForm және т.б.
Атауы
|
Лицензия
|
ОЖ
|
Ескерту
|
FineReaderOnline.ru
|
Коммерциялық
|
Online
|
Сканерленген көптілді құжатты, фотосуреттерді сәйкестендіре алатын Online OCR жүйесі. Жұмыс нәтижесі редакторленетін (PDF, PDF/A, DOC, RTF, XLS, TXT) форматына конверттеледі.
|
ABBYY FineReader
|
Коммерциялық және жекеменшік
|
Windows; Linux, Mac OS
|
Қандай да бір тілде сәйкестендіру үшін сол тілдің қолдауы керек.
|
Readiris
|
Коммерциялық және жекеменшік
|
Windows, Mac OS
|
Бельгиялық фирманың - I.R.I.S.Group өнімі. Сәйкестендірудің аймақтық пакетін және Азия тілдері мен орталық шығыс тілдерін қамтиды.
|
Persian Reader
|
Коммерциялық және жекеменшік
|
Windows
|
Парсы тіліне арналған.
|
Kirtas Technologies Arabic OCR
|
Коммерциялық
|
Windows
|
Ағылшын және араб тілдерін оқи алады.
|
CuneiForm
|
BSD
|
Windows (GUI), Linux, Mac OS, FreeBSD (CLI)
|
Мәтінді сақтайтын, кестелерді тани алатын өнеркәсіптік, көптілді жүйе.
|
Осы программалардың ішіндегі көп қолданылатындары – FineReader, CuneiForm.
FineReader – мәтіналғы арқылы алынған суреті бар мәтінді түрлендіретін оптикалық сәйкестендіру жүйесі OCR (Optical Character Recognition). Ресейдің ABBYY Software House компаниясы жасаған. Бұл программа әлемнің 186 тілін қолдайды. Оның ішінде 38 тіл орфографиялық тексеру жасай алады. Әрі программа арқылы қолжазба түріндегі мәтінді де сәйкестендіре аламыз, дегенмен де әркімнің жазуы әртүрлі болатындықтан біраз қиыншылық кездеседі.
FineReader программасының негізгі мүмкіндіктерін қарастырайық:
сканерленген кескінді сәйкестендіру кезіндегі жоғары дәлдік пен программаның жұмыс кезіндегі жылдамдығы;
қолданушы үшін программа терезесі интерфейсінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
программа функциясының тізбектеле орындалуы: сканерлеу, сәйкестендіру, конверттеу;
Microsoft Office пакетімен жұмыс істегенде құжаттарды сәйкестендіріп танудың мүмкіндігі;
мәтінді сәйкестендіріп тану кезінде құжаттағы гиперсілтемелерді, электронды жәшіктердің адресін программа автоматты түрде танып, оқи алады;
программа FineReader бойынша кез келген мәліметті бере алатын анықтамалықпен жабдықталған.
Программа терезесі (1-сурет):
1-сурет. FineReader жұмыс алаңы
ABBYY FineReader-де құжат енгізу 4 кезеңнен тұрады: кескінді алу, сәйкестендіріп тану, құжатты тексеру, құжатты сақтау.
Бірінші құжатты мәтіналғыға саламыз;
құралдар тақтасынан Сканерлеу бұйрығын таңдаймыз;
сканерленген құжат Кескіндеме терезесіне келіп түседі;
сәйкестендіріп тану үшін Құралдар тақтасынан Танып алу бұйрығын басамыз;
оны тексереміз;
құжатты Microsoft Office Word мәтіндік процессорына экспорттаймыз.
FineReader программасында қазақша мәтінді де сканерлеп, сәйкестендіріп тануға, экспорттауға болады. Ол үшін сендер дербес компьютерлеріңе KazKey v8.1(New) қазақ тілі драйверін орнатып алсаңдар болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |