Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылы Имантаева Әлия Садуақасқызы



Дата22.08.2017
өлшемі74,01 Kb.
#24041
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Құтикөл ауылы

Имантаева Әлия Садуақасқызы

Т.Шонанұлы атындағы орта мектептің І санатты

география пәнінің мұғалімі
7 класс

География пәні

Сабақтың тақырыбы: Еуразия.Физикалық- географиялық орны,материк жағалауындағы мұхиттар және басқа да нысандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі материк туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін,картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын, қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.

.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау



Сабақтың көрнекілігі: карта ,атлас, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,оқушыларды түгелдеу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.



«Орныңды тап» ойыны арқылы 3 топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау.

Қызығушылықты ояту кезеңі

(үй тапсырмасы)

Адамнан ғылым айла асырмаған

Құпиясын құлыптап жасырмаған.

Ал, балалар, Солтүстік Американы зерттеп,

«Сыр сандықты» ашайық ашылмаған

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

І.1.Солтүстік Америка жер көлемі бойынша және нешінші орын алады?(24,2млн . шқ2)

2.Дүниежүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі(Кордильер, 9000 шқ)

3.Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биікорналасқан нүктесі (Мак-Кинли 6193м)

4.Солтүстік Американың құрамына енетін ең үлкен арал,ауданы (Гренландия)

ІІ.Сәйкестігін табыңдар

І-топ

Миссури тау

Карибу арал

Кордильер ағаш

Койот сарқырама

Гренландия аң

Секвоя өзен

Ниагара бұғы
.ІІ-топ

Миссисипи шығанақ

Аппалач өзен

Гризли тау

Онторио аң

Кактус

Гудзон шығанақ

ІІІ топ

Макензи тау

Гризли өзен

Фанди көл

Эри аң

Мексика шығанақ

Аппалач ел
Тірек сөздермен жұмыс
І-топқа: Торнадо, Миссисипи,Каньон

ІІ-топқа:Сьерра,Миссури,Ниагара

ІІІтопқа:Ураган, Прерий, Маккензи
Географиялық диктант

Солтүстік Америка оңтүстігінде сүйірленіп.....................арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады.Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейін аралықты ...............деп атайды. ХХ ғасырдың басында Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғатырып тұратын ........................салынған.1492 жылы .............................. бастаған Испан экспедициясы материктің оңтүстік жағалауын ашты.ХҮ ғасырдың аяғында италяндық .......................... Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегін ашты.



Солтүстік Америка туралы кім өлең біледі?

Оқушылардан сұрау

Мағынаны тану кезеңі

(жаңа сабақ )

«Еуразия» өлеңі

1.Қашаннан бесік болған адамзатқа,

Бұл материк аталған Еуразия.

Таңғажайып табиғаты таңдандырған,

Екі бөліктен тұрады:

Еуропа мен Азия.


2. Материк жағалауын шайып жатыр,

Төрт мұхит және оның теңіздері.

Әсер етіп жылы, суық ағыстары,

Құрлықтың климаты түрленеді.


3. Байлығы, берері көп мұхиттардың,

қойнауы мұнай менен газға толған.

Осы алып материктің тұрғындары,

Балығын қорек етіп, кәсіп қылған.




Кластер құру.

1. Құрылықтың 1/3 бөлігін алып жатқан

2. Жер шарындағы халықтың ¾ бөлігі қоныстанған

3. Төрт бірдей мұхит қоршап жатқан

4. Біздің отанымыз ҚР жер кіндігі болып саналатын құрлық?






Сұрақтар

Жауаптар

1

Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық




2

180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық




3

180-200 млн жыл бұрын Оңтүтік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық




4

Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған

Төрт мұхит бірдей қоршап жатқан

Біздің Отанымыз ҚР орналасқан

Дүние жүзінің ең биік шыңы орналасқан

Дүние жүзіндегі ең үлкен құрлық




(Тақтада берілген карталар бойынша тестің жауабын сәйкестендіру)



Берілген карталар:Еуразия,Лавразия,Пангея,Гондванна,Солтүстік Америка құрлықтарының карталары.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі
Солтүстік шеткі нүктесі- Челюскин мүйісі (77 с.е,104 ш.б)

Оңтүстік нүктесі-Пиай мүйісі (1с.е,103 ш.б)

Батысындағы шеткі нүктесі-Рока мүйісі(38 с.е,9 б.б)

Шығысындағы шеткі нүктесі-Дежнев мүйісі(66 с.е,169 б.б)

Материк батысынан шығысына қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.Екі шеткі нүктесінің арақашықтығы 16000км жуық.Материктің браз жері шығыс жарты шар ауқымынан шығып,батыс жарты шарды қамтиды.Географиялық орнының осындай ерекшеліктеріне сәйкес материкте барлық климаттық белдеулермен табиғат кешендерінің толық жиынтығы кездеседіЕң биік нүктесі Джомолунгма -8848м.Материктің биік нүктесі Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы Гималайдағы Джомолунгма шыңы.Мұнда Гималайдың оңтүстік шығыс беткейіндегі Жер шарындағы жылдық жауын-шашын ең көп түсетін Черапунджи елді мекені орналасқан.Жылына 12000мм артық жауын-шашын түседі. (кескін картаға түсіру,ерекшелігін қысқаша айту)

Терең нүктесі-Өлі теңіз(-403).Бұл теңіз Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері және Жер шарындағы ең үлкен Арабия түбегінде орналасқан.Түбектің ауданы 3млн.км. кв.

Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр?»

2.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттарды көрсетеді:


  1. Тынық мұхиты

  2. Атлант мұхиты

  3. Солтүстік Мұзды мұхиты

  4. Үнді мұхиты


Мұғалім: Теңіз дегеніміз не? Сұрайды.

3.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы

  1. Тынық мұхиты

  2. Атлант мұхиты

  3. Солтүстік Мұзды мұхиты

  4. Үнді мұхитының теңіздерін көрсетеді.


ІІІ.Ой-толғаныс кезең

(қорытындылау)

Әр дұрыс сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.



1. Логикалық ойлау. Әлемдегі ең,ең,ең...

Е. Ең үлкен құрлық ...................................................

У. Ең биік шың ...........................................................

Р. Ең терең нүкте (теңіз деңгейінен).......................

А. Ең үлкен көл ............................................................

З. Ең тұзды теңіз.........................................................

И. Ең терең көл ............................................................

Я. Ең жауын- шашын көп түсетін аймақ ...............

«Ең, ең, ең ...» ойыны.



Ең, ең, ең ...

Жауаптары



Ең суық мұхит






Ең таяз мұхит






Ең жылы мұхит






Ең терең мұхит






Ең үлкен мұхит






Ең кіші мұхит






Ең енді мұхит






Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит






Ең тұзды мұхит






Ең тұздылығы аз мұхит






Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит





«Түрлі-түсті теңіздер» ойыны. (Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді)

Теңіз атаулары әртүрлі түсті білдіреді. Мәтінде жасырынған қай теңіз туралы айтылып тұрғанын табыңдар.


1-топ. Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі. Бұл қай теңіз?

(Жауабы: Ақ теңіз)

2-топ. Бұл теңіз Еуразия және Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз?

(Жауабы: Қызыл теңіз)

3-топ. Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз?

(Жауабы: Қара теңіз)

Бұл теңізге Азиядағы қытай тілінен аударғанда «сары өзен» деп аталатын Хуанхэ өзені құяды. Сазды шөгінді жынысты жазықпен ағатындықтан суы лайлы болады. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Бұл қай теңіз?



(Жауабы: Сары теңіз)

Бағалау:сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.


Үйге тапсырма: Еуразия.Физикалық- географиялық орны,материк жағалауындағы мұхиттар және басқа да нысандар, кескін картаға түсіру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет