Сабақтың тақырыбы:
|
§59. Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.
|
Мақсаты:
|
1. Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары және биологиялық ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. 2.Жаңа сабақтағы басты мәселеге назарын аударып,жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және шығармашылық ізденіске итермелеу. 3.Сабаққа өз еркімен белсене араласуы,білімдерін көрсете алуға ықпал ету,жауапкершілікке,өз бетімен еңбектенуге,өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
-Бунақденеқоректілер, қолқанаттылар, кемірушілер мен қоянтәрізділерді айыра біледі; -Қойылған сұраққа нақты жауап беру, өз беттерімен қорытынды жасай білу дағдыларын дамиды; - Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерінн тексеріп бағалайды, білімдерін нығайтады; -Тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады, ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады;
|
Ресурстары
|
АКТ (видео, слайд, интерактивті тақтамен жұмыс), электронды оқулық, сүтқоректілердің қаңқасы , деңгейлік тапсырмалар, плакаттар, суреттер, смайлик, стикер, маркер және т.б.
|
Табыс критериі
|
Барлық оқушылар:
|
Оқушылардың көпшілігі:
|
Жекеленген оқушылар:
|
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары және биологиялық ерекшеліктері туралы мағлұматпен танысады.
|
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары (бунақденеқоректілер, қолқанаттылар, кемірушілер, қоянтәрізділер) және биологиялық ерекшеліктері туралы түсінеді.
|
Теорияда алған білімдерін практика жүзінде қолдана білуге машықтанады.
|
Кезеңдері
|
Уақыт
|
Сабақтағы іс – әрекет
|
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Оқушының іс - әрекеті
|
Ұйымдастыру
Психологиялық тренинг
|
2 мин
|
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында психологиялық тренингін өткізу.
Бір – бірімізге гүл сыйлайық!
|
Оқушылардың сәлемдесуі (қазақша,орысша,ағылшынша) және топқа бөлініп,өз орындарына орналасады.
Оқушылар берілген күлтелерге тілек жазып гүл құрастырады.және оны келесі топқа сыйлайды.
|
Қызығушылықты арттыру
|
10 мин
|
Үй тапсырмасы : Презентация қорғау
1-топ: Сүтқоректілер
2-топ: Сүтқоректілердің маңызы
3-топ: Сүтқоректілердің зияны
4-топ: Сүтқоректілерді қорғау «Қызыл кітап»
«Ой қозғау» стратегиясы: Бейнекөтсетілім «Сүтқоректілер»
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша презентация қорғайды ( слайд )
Оқушылар бейнекөрсетілім арқылы жаңа тақырыпты ашады.
|
Миға шабуыл
|
1 мин
|
«Отрядтар» туралы ой – пікір.
-Қазақстанда сүтқоректілер қанша отрядқа бөлінген?
-Қанша сүтқоректілердің түрі таралған?
-Оның қанша түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына » (2010) тіркелген?
|
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өз ойларын айтады.
|
Мағынаны тану
|
15мин
|
1.«Өз отрядынды тап» ойыны. Суреттер арқылы өз тобын табу.
1– топ Бунақденеқоректілер
2 – топ Қолқанаттылар
3– топ Кемірушілер
4– топ Қоянтәрізділер
2.Мәтінмен жұмыс. Үлестірмелі мәтінмен жұмыс жасау.
3.«Жұптас,ойлан,бөліс» әдісі арқылы 4 топ тақырып бойынша постерге түсіруге және оны қорғауға тапсырма алады
|
Оқушылар суреттер алып, сол суреттер арқылы өз тобын табады.
Оқушыларға тобының атауына байланысты мәтін үлестіріліп беріледі. Сол мәтінмен танысып, өз орнында талқылайды.
Талқылағаннан кейін топтарын алмастырады. Келесі топқа барып, өздерінің түсінігін жеткізеді.
Постер құрады,қорғайды.
|
Сергіту сәті:
|
2 мин
|
Ал, енді балалар бойымызды сергітіп алайық....
Сурет сыр шертеді. Жасырын суретте берілген бейнені табу.
|
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
(жасырын сурет салу арқылы)
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
8 мин
|
Оқушыларға А В С деңгейінде тапсырмалар орындату.
1-топ: Сүтқоректілердің қаңқасы
2-топ: Сүтқоректілердің ішкі құрылысы
3-топ: Ұрықтың жатырда дамуы
4-топ: Суреттерге назар аудар. Мекен ету ортасына байланысты әр түрлі ортадағы бағанға сәйкес қателеспей орналастыру.
1.Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер.
2.Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер.
3. Суда тіршілік ететін сүтқоректілер.
|
Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды және түсіндіреді.
|
Бекіту
|
3 мин
|
Жаңа сабақ бойынша тест тапсырмасы беріледі.
Тест
1. Сүтқоректілер дегеніміз – ол?
А) Қарапайымдар Б) Омыртқалы жануарлар В) Омыртқасыз жануарлар С) Микроағзалар
2. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымы?
А) Герпетология Б) Ихтиология В) Териология С) Орнитология
3. Сүтқоректілерге жатпайтындар:
А) Құстар Б) Саршұнақтар В) Дельфиндер С) Бөкендер
4. Қоянның буаз болу мерзімі неше ай?
А) 8 – 9 ай Б) 12 – 13 ай В) 1,5 ай С) 10 - ай
5. Алғашқы жұмыртқа салатын аңдар?
А) Қалталы сүтқоректілер Б) Үйректұмсық В) Құндыз С) Жарқанат
6. Сүтқоректілердің жүрегі неше қуысты?
А) 1 қуысты Б) 2 қуысты В) 3 қуысты С) 4 қуысты
7. Еділ, Жайық өзендерінде кездесетін терісі бағалы сүтқоректі?
А) Кәмшат Б) Жарқанат В) Жұпартышқан С) Қоян
8. Жақсүйекті иекпен жалғастыратын бұлшық ет?
А) Жұтқыншақ Б) Ұрт В) Ұлтабар С) Көкет
9. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында қандай мүше пайда болған?
А) Ұрықжолдасы Б) Жатыр В) Ұлтабар С) Көкет
10. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратынҚазақстанда қанша қорық бар?
А) Бауыр Б) Көкет В) Ұйқы безі С) Қуық
Дұрыс жауабы: 1-б, 2-б, 3-а, 4-в, 5-б, 6-с, 7-в, 8-б, 9-а, 10-б.
|
Оқушылар сүтқоректілер туралы тест жауабын белгілейді және көршісімен алмастырып тексереді.
|
Бағалау
|
2мин
|
Бағалау маршруты картасы бағалауы және әр айтылған дұрыс ойды үш шапалақ арқылы қошеметтеу.
|
Өзін – өзі бағалау, үш шапалақ, екі жұлдыз, бір тілек.
|
Үйге тапсырма
|
2 мин
|
Сүтқоректілер туралы қосымша материалдарды пайдаланып эссе жазу.
|
Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
|
Рефлексия
|
«Алма ағашы» кері байланысы. Өз тілектерін алма стикеріне жазып, алма ағашына ілу.
|
Оқушылар алма стикеріне өз тілектері мен ұсыныстарын жазып, ағашқа іледі.
|