Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының



Дата06.07.2018
өлшемі16,46 Kb.
#48179
Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының

Тәрбиешісі: Кенжебаева Гулмира Дуйсенгалиевна

Білім беру саласы: Таным, қатынас

Оқу іс – әрекеті: Экология

Тақырыбы: Жыл мезгілдері

Мақсаты : Балалардың күз туралы білімдерін тиянақтау, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Өз ойларын жүйелі түрде байланыстыра сөйлеуге, бір – бірімен дұрыс қарым – қатынас орнатуға, қорытынды жасай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: қыс – зима – winter, көктем весна – spring, жаз – лето – summer, күз – осень – autumn.

Технологиялық қамтамасыз ету:



Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық



Музыка ырғағымен балалар залға кіреді.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен.

Бүгінгі күнді бастайық.

Шаттық шеңбері

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шаттығын.

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын.


Балалар залға музыка ырғағымен кіреді.

Шеңбер бойымен бойлай тұрып, шаттық шеңберін орындайды.


Қйымдастырушылық - ізденушілік



Күз мезгілі туралы әңгімелеу.

Слайдтағы суретті көрсету.фжыл мезгілдері туралы сөйлесу. Слайдтағы жыл мезгілдерін қазақша – орысша – ағылшынша айту, түстерін ажырату. Балалардың назарын үстел үстіндегі суретке аудару.

Ковертті ашып , оқу.

Суретті талқылау.

Тақтамен жұмыс. Жыл мезгілдерін құрастыру. «Жыл мезгілдері» әлеміне саяхат. Жыл мезгілдеріне арналған тақпақтарды сұрау. Енді балалар мен сендерге сиқырлы тапсырмалар орындатқым келеді. Бірақ ол тапсырмаларды орындамас бұрын әуен тыңдап, қиялдап көрейік. Балалар осы жыл мезгілдеріне арнап, Италия елінің атақты композиторы Антонио Вивальди музыканы жазған.

Көктем, жаз, күз, қыс суретті арқылы Вивальдидің музыкасын тыңдап, қиялдап, ойларыңды жинақтап жуап беруге дайын болыңдар.

Тәрбиешінің сиқырлы тапсырмаларын орындату.

Балалар мен үстіме жыл мезгілдеріне арналған сиқырлы белдемше кидім.

Сендерге тапсырма әр жыл мезгіліне сәйкес табиғат ерекшеліктерін орналастырыңдар.


Күз туралы өз ойларын ортаға салады.

Слаидқа қарайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар суретке қарап, Дымбілместің қатесін түзейді.

Жыл мезгіліне сай түстерді құрастырады. Балалар көздерін жұмып, қанаттарын қағып, жыл мезгілі әлеміне саяхатқа ұшып барады.

Тақпақтарын айтады.

Балалар музыканы тыңдайды.

Сиқырлы белдемшенің тапсырмаларын орындайды.


Рефлексивтік - түзетушілік



Балалар, сендерге бүгінгі ойын ұнады ма?

Кімге қандай жыл мезгілі ұнайды?

Табиғатты қорғауға, сүюге арналған ойларын арттырып тиянақтау.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: жыл мезгілдерін;



Нені игерді: табиғат ерекшеліктерін ;

Нені білді: табиғатты қорғау, аялай білу дағдыларын меңгерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет