«Балаларға базарлық»



бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,55 Mb.
#32247
  1   2   3   4
«Балаларға базарлық» авторлық әндер мен қимылды ойын- жаттығулар жинағы.
Құрастырушы Серикова А.Х. «Болашақ» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі.

Редакция алқасы: Р.К.Махатова «Болашақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі, А.Қ.Оразбаева әдіскері

Осы кітапшада мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін музыка жетекшілері мен тәрбиешілерге арналып жинақталған әндер мен қимылды ойын- жаттығулары енгізілген. Кітапша екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде балабақшада айтылатын әндер, ал екінші бөлімде музыкалық қимылды ойындар берілген. Берілген ойындар мен әндерді балабақшада өтетін ертеңгіліктерде, мерекелерде және оқу іс-әрекеттерінде қолдануға болады.



Рецензетші: «Болашақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері А.Қ.Оразбаева

Ерейментау ауданы білім бөлімінің «Болашақ» бөбекжай-бақшасы МКҚК әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып, бекітілді.



Мектепке дейінгі мекемелердегі музыка жетекшілеріне және тәрбиешілерге ұсынылады.

2016 жылдың 05 наурызындағы № 3 хаттама.



Кіріспе

Қазақтың ән- музыка өнерінде балаларға арналған шығармалардың орны айрықша болуы тиіс. Кеңес заманында балаларға арналған әндер бірқалыпты жақсы дамып, балалардың музыкалық- эстетикалық талғамына сай кең өріс алғанын жоққа шығара алмаймыз. Алайда қазақ балаларына арналған әндердің көп болмағандығы көңілімізді көншітпейтіндігі рас. Әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары балаларға арналып жазылған әндер аз екені бәрімізге белгілі. Дегенмен де соған көніп, қол қусырып отыра беруге тағы болмайды. Сондықтан да балаларға арналған орысша әндерінің мәтінін аударып, көпшілікке ұсынуға бел будым.




І бөлім. Әндер.

Түсініктеме

Бұл бірінші бөлімде балабақшада айтылатын әндер мәтіні берілген. Әндерді балабақшада өтетін мерекелер, ертеңгіліктер, ойын-сауықтарда т.б. шараларда айтуға болады. Алуан тақырыпта берілген әндер балаларды достыққа, отанын сүюге, әлемді тануға баулиды. Берілген әндердің мәтіні көлемі жағынан шағын, сөздері жеңіл. Балалардың жүрегіне жақын оймен көмкерілген.




«Достық әні»
1.Егер досың күлмесе,

Жадырауды білмесе

Секіріп билемесе

Бұл өзі?


Мен оны күлдіремін,

Қуануды үйретемін,

Секіртіп билетемін,

Міне былай.


Қ – сы

Достық біздің әніміз,

Достармыз біз бәріміз,

Балабақшаның сәніміз.

Жадырап жүзіміз,

Жарқырасын мәңгі күніміз.

Жайқалып өсетін,

Балабақшамыздың гүліміз.


2.Егер досың болмаса,

Сенімен ойнамаса,

Достықты ойламаса,

Сен мұңайма

Мен саған дос боламын,

Досың болып қаламын,

Көңілді ойнатамын,

Міне былай.



«Қызыл сары жапырақтар»
1.Әйнектен біз қарағанда,

Жапырақтар ұшып жатыр.

Қызыл, сары, жапырақтар,

Ағаштардан түсіп жатыр.


2.Құстар да ұшып барады,

Жылы жаққа асыға.

Қызыл сары жапырақтар,

Ұшып жатыр жан жаққа.


3.Күн бұлттанып, жаңбыр жауып,

Жер бетін су басады.

Қызыл сары жапырақтар,

Су астында жатады.




«Көкөністер піседі»
1.Күннің көзі жарқырап,

Бау – бақшаға түседі.

Күз мезгілі келгенде,

Көкөністер піседі.


Қ – сы

Қияр, сәбіз, қызанақ,

Қырық қабат бұрышта,

Бұның бәрі дәрумен,

Айтқанымыз дұрыс па?
Көкөністер көп бізде,

Олардан бас тартпаймыз.

Көкөністің пайдасын,

Есімізде сақтаймыз.


2.Бәріміз бірге жиналып,

Бау бақшаға барамыз.

Недеген көп көкөністер,

Оларды жинап аламыз.



«Көкөністер мен жемістердің айтысы»
Көкөністер:

Біз көңілді көкөністер,

Әр тағамға дімдеуіштер.

Біз пайдалы дәрумендер,

Біздер тәтті көкөністер.
Жемістер:

Бізде тәтті жемістерміз,

Бақшада біздер өсеміз.

Бізде өте пайдаламыз,

Дәрумендерге баймыз.
Жетекші:

Көкөністер, жемістер,

Ұрыспаңдар, келіңдер.

Қане біз достасайық,

Достық жырын жырлайық.
Бірге:

Барлығымыз пайдалымыз,

Барлығымыз тәттіміз.

Енді біздер дауласпаймыз,

Достық биін билейміз.

(барлығы секіріп би билейді)

«Отаным менің»
1.Аспаннан күн жарқырайды ,

Отаным менің.

Бар елден сен әдемісің,

Отаным менің.

Сүйем байтақ кең даламды,

Сүйем өзен тауларыңды,

Гүл жайнаған бақшаларыңды.
Мен сені әрдайым құрметтеп өтемін,

Өйткені сен менің туған мекенім иә солай,

Өзіңді әнге қосып жырлаймын,

Бұл әнімді тек саған ғана арнаймын, арнаймын.


Қ – сы

Мен, сен, ол, бәріміз,

Тәуелсіз ел ұланымыз,

Бір шаңырақ астында,

Тату тәтті тұрамыз.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Бақыттымыз бәріміз.

«Бұл жаңа жыл жаңа жыл»
1.Алақай жаңа жылымыз,

Келді тағы бізге.

Боялған әдемі шамдар,

Жанып тұр көшеде.

Жаңа жылда барлығымыз,

Сыйлықтар аламыз,

Қуанамыз көңілденіп,

Әнге біз саламыз.


Қ – сы

Кел билейік, кел билейік,

Ән салайық дөңгелейік.

Көңілімізді көтерйік,

Бұл жаңа жыл, Жаңа жыл!
Қ – сы
2. Қаламызға даламызға,

Аппақ қар жауады.

Аппақ қырау әйнектерге,

Өрнегін салады.

Келіңдер достар ортаға,

Бірге би билейік.

Аяз ата мен Ақшақарды,

Көптеп күтейік.



«Жаңа жыл»
Бүгін бізде жаңа жылдық көңіл күй,

Бүгін бізде жаңа жылдық ән мен би.

Шыршамызда әдемі,

Ойыншықтармен әрленді.

Әндер айтып, билер билеп

Көтереміз көңілді.


Қ – сы
Жаңа жыл, жаңа жыл,

Ғажайып жаңа нұр.

Тілейміз сіздерге,

Жаңа бақыт жаңа нұр.

Тек жақсылық болсын,

Тек қуаныш болсын.

Әр елде, әр үйде, әр кімде.
«Мама»
Мен сізді жақсы көремін аяулы ана,

Жүрегім сіз деп соғады қымбатсыз маған.

Құшақташы, аймалашы, аялашы,

Мені жылытып, жұбатар өзіңіз ғана.


Мама әрдайым қасымда болшы,

Мама менің тілерім тек осы,

Мама еш мұңаймашы,

Егер ренжітсем мені кешірші.

Тыңдашы!

Мама әрдайым қасымда болшы,

Мама менің тілерім тек осы,

Мама еш мұңаймашы,

Егер ренжітсем мені кешірші.
Аман болшы анашым,

Ақыл айтар данасың.

Есейіп мен кетсемде,

Мен үшін мәңгі панасың.


«Тамшылар»

Аппақ мөлдір, ақ тамшы,

Тамшылап тамады.

Аппақ мөлдір ақ тамшы,

Әнге салады.
Қ –сы

Тырс – тырс тамады.

Әсем әнге салады.

Аппақ мөлдір ақ жауын,

Құйып жауады.

Аппақ мөлдір ақ тамшы,

Әнге басады.
«Көңілді паровоз»
1.Паравозға мініп,

Барамыз біз зырғып.

Әйнектен қараймыз,

Табиғатқа қызығып.

Күннің көзі біздерге,

Шуағын шашады.

Біздің паравоз,

Зырылдап барады.

«Қ – сы»

Чух – чух – чух, ту – ту – ту,

Деп ән салады.

Біздерді қалаған,

Жерге апарады.

2.Келеміз біз бірге

Көңілді біздерге

Паравоз зырғыйды,

Темір жол үстінде.

Күннің көзі біздерге,

Шуағын шашады.

Біздің паравоз,

Зырылдап барады.

«Балабақшам қош сау бол»
Уақыт өтіп зымырап жазда келді,

Сіздермен хоштасар кезде жетті.

Балабақшам өзіңді қимаймын мен,

Бірақта мектеп күтеді сеніммен

Қ – сы

Сүйікті бақшамды тастап кетуге мен қимаймын,



Достарыммен бірге ойнап келген кезді аңсаймын.

Анамыз бен әкемізбен бұл әнді біз шырқаймыз,

Балабақшам біз өзіңді есімізде сақтаймыз.

Қ – сы
Жазуды да санауды да үйрендік,

Жақсы менен жаманды айыра білдік.

Әнді де айттық, биді де биледік,

Балалық өмір бақытқа кенелдік.

Қ – сы
Сіздерге айтар алғысымыз шексіз,

Сіздерге жарқын, өмір тілейміз.

Басымызды иіп мына сіздерге,

Шын жүректен біз алғыс айтамыз.

ІІ бөлім. Музыкалық қимылды ойын- жаттығулар.

Түсініктеме

Бұл екінші бөлімде балабақшада ойналатын музыкалық қимылды ойын- жаттығулар мәтіні берілген. Ойын- жаттығуларды балабақшада өтетін мерекелер, ертеңгіліктер, ойын-сауықтарда т.б. шараларда ойнауға болады. Алуан тақырыпта берілген ойындар балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, достыққа баулиды. Берілген ойын- жаттығулардың мәтіні көлемі жағынан шағын, сөздері жеңіл. Балалардың жүрегіне жақын оймен көмкерілген.



«Таңғы жаттығу» флешмоб.

Қане балалар дұрыс тұрамыз,

Жаттығуға асығамыз.

Денемізді түзу ұстап,

Алға қарай ұмтыламыз.
Ал бастайық, дайынбыз ба?

Естімедім,

Ия дайынбыз.

Күшіміз көп мықтымыз ба?

Естімедім,

Ия мықтымыз.


Қатар – қатар сап түзеп,

Бойымызды біз түзеп.

Дайындаламыз бастаймыз,

Жаттығудан қашпаймыз.


Қояндарша секіреміз міне былай

Аюлардай қорбаңдаймыз міне осылай.


Бір, екі секіреміз,

Бір, екі қорбаңдаймыз,

Бір, екі би билейміз біз.
Қане қолымызды жаттықтырамыз,

Жаттығуды жалғастырамыз.

Иықты біз қозғаймыз,

Музыканы тыңдаймыз.

Қолымызды алға созамыз,

Бір отырып, бір тұрамыз.

Аяқтың ұшымен тұрып,

Жоғарыға ұмтыламыз.


Ал енді түзу тұрамыз,

Қиын жаттығу ұғып аламыз.

Төмен қарай еңкейіп,

Қолды жерге тигізіп.

Қане аяқты бүкпейміз,

Қорқпаңдар құлап кетпейміз.

Жарайсыңдар барлығың,

Жаттығудан қашпадыңдар.


Қояндар боп біз секірдік,

Аюда болып біз жүрдік.

Барлық аңдар секілді,

Би билейміз көңілді.


Аю, қоян, қасқыр, түлкі,

Жаттығу жасап үйренді.

Балалармен би билеп,

Көңілдерін көтерді.


Демді ішке тартамыз,

Тынысты дұрыс аламыз.

Барынша жоғары тартылып,

Ақырын демді шығарамыз.


Жаттығуды аяқтадық,

Аяқтауға таяп қалдық.

Тыныс алдық шығардық,

Би билейміз қуанып.



«Көңілді қолшатыр»

Көңілді қолшатыр,

Биікке сен секір.

(балалар секіреді)
Көңілді қолшатыр,

Дөңгеленіп сен айнал.



(балалар айналады)
Көңілді қолшатыр,

Бір отырып, бір тұр.



(отырып тұрады)
Көңілді қолшатыр,

Асыр сал дөңгеле,



Көңілді би биле.

(балалар билейді)

Каталог: uploads -> doc -> 1061
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1061 -> Сулеева Шарбану Мадханқызы Еңбек өтілі 6 жыл Санаты ІІ ііі деңгей бағдарламасы
1061 -> Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа материалды түсіндіру. Жаңа материалды бекіту
1061 -> Сабақтың тақырыбы Адырбек Сопыбековтың Сапар мен парта мысал өлеңі Жалпы мақсаттар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет