«Шаңырақ»
Шеңберге біз тұрамыз,
Әдемі шеңбер құрамыз.
Керегедей керіліп,
Уық болып иіліп,
Түндікті біз ашамыз,
Ал енді биге басамыз.
(барлығы қазақша би қимылдарын жасап билейді)
«Тоңбаймыз біз тоңбаймыз»
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Қолымызды уқаласақ,
Қолымыз біздің тоңбайды.
Қ - сы
Тоңбаймыз біз тоңбаймыз,
Суықтанда қорқпаймыз.
Қалың киім киініп,
Қар лақтырып ойнаймыз.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Бетімізді уқаласақ,
Бетіміз біздің тоңбайды.
3.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Тіземізді уқаласақ,
Тіземіз біздің тоңбайды.
«Аяз атаның қимылды биі»
1.Қане балалар келіңдер,
Менің соңымнан еріңдер.
Менімен бірге би билеп,
Көңіл көтеріңдер.
Аталарың сендерге,
Сыйлық әкелді көптеген.
Жақсы билеп бергенге,
Беремін сыйлық мен.
Қ – сы
Ал қане қайталаймыз,
Қолымызды шапалақтаймыз.
Ал қане тұрмаймыз,
Белімізді қозғаймыз.
Ал қане қайталаймыз,
Аяқпенен топылдаймыз.
Ал қане тұрмаймыз,
Басымызды шайқаймыз.
2.Ал дөңгеленіп тұрайық,
Әдемі шеңбер құрайық.
Жасыл шыршаны айналып,
Жаңа жылды тойлайық.
Шыршамыз біздің әдемі,
Ойыншықтармен әрленді.
Ертегілер әлемі, міне осындай.
«Ормандағы көңілді аңдар»
1.Біз аюлардай қорбаңдап,
Жүреміз бір, екі, үш.
Аю секілді қорбаңдап,
Биді де билейміз.
Бір,екі, үш
Бір,екі ,үш
Қорбаңдап билейміз.
2.Біз қояндарша көңілді,
Секіреміз бір, екі, үш.
Қояндардай көңілденіп,
Биді де билейміз.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Секіріп билейміз.
3.Біз түлкілерше бұлаңдап,
Жүреміз бір, екі, үш.
Түлкілерше майысып,
Биді де билейміз.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Майысып билейміз.
Біз көңілді балалармыз,
Күлеміз, ойнаймыз.
Жасыл шыршаны айналып,
Қызыққа тоймаймыз
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Көңілді билейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |