«Жаңбыр»
Жаңбыр, жаңбыр тырсылдап,
Нөсеріңді төге бер.
Бірақ бізді сулама,
Ауырамыз біз онда,
Әйнекті де сен қақпа,
Қорқамызғой біз онда.
Сен оданда жауа бер,
Даладағы бау баққа.
Барлығы сонда өседі,
Жайқалып жайнап кетеді.
«Біз бақшаға барамыз»
Біз бақшаға барамыз,
Онда барлығы өседі.
Қиярды жұлып аламыз,
Себетке оны саламыз.
Мына жерде қызарып,
Қызанақта өсіпті,
Өзі сондай әдемі.
Қып – қызыл болып кетіпті.
Ұзарып тұрған сәбіз бе?
Бізден тығылып қалыпты.
Қане жұлып алайық,
Себетке оны салайық.
Қараңдаршы біз бәрін,
Жинап алдық ерінбей.
Бұның бәрін жесеңдер,
Үлкен болып өсесіңдер.
«Бау баққа біз барамыз»
Бәріміз бірге жиналып,
Бау баққа біз барамыз.
Недеген көп жемістер,
Оларды жинап аламыз.
Тартыламыз жоғары,
Жемістерді жинаймыз.
Алма, Алмұрт, Өрікті,
Неткен сұлу көрікті.
Бәріненде татамыз,
Бір мәз болып қаламыз.
Қарнымызды тойдырып,
Енді үйге қайтамыз.
«Найзағай»
Ақырын ғана тамшылап,
Жаңбыр жауа бастады.
Қорқып кеткен жәндіктер,
Бәрі тығыла бастады.
Соқты жаңбыр қаттырақ,
Құстар қалды абдырап.
Шелектеп жауды жаңбыры,
Балалар қашты барлығы.
Аспанда найзағай жарқырап,
Қатты, қатты күркіреді.
Күнде шықты қарайық,
Секіріп билеп ойнайық.
«Орманға барамыз»
Орманға біз барамыз
Саңырауқұлақ тереміз,
Аюды біз көреміз
Аю болып жүреміз.
Жан жаққа біз қараймыз
Орманды аралаймыз
Қасқырды біз көреміз
Қасқыр болып жүреміз.
Жүреміз айналамыз,
Отырып демаламыз.
Қоянды біз көреміз.
Қоян боп секіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |