Қысқа мерзімді сабақ жоспары Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №8 жалпы орта білім беретін мектептің биология пән мұғалімі Ибраева Фарида Музапбаровна
Пән
Биология
Сынып
11 "а"
Уақыты 18.11.215ж
Тақырыбы
Организмдердің бейімділігі және салыстырмалы сипаты
Мақсаты
Оқушыларға организмнің бейімділігін таныстыра отырып, мәтіннің салыстырмалы сипатын толықтай меңгерту
Міндеттері
•Бүркеніш рең, түйсік-сезімдік, ұрпағына қамқорлық секілді бейімделушіліктің түрлеріне анықтама беру; •Бүркеніш реңнің негізгі төрт түріне тоқталу; • Организмдердің бейімділігі мен салыстырмалы сипатын басқа да дерек көздері арқылы білімдерін кеңейту • Шығармашылық жұмыста белсенділік таныту;
Күтілетін нәтиже
•Бүркеніш рең, түйсік-сезімдік, ұрпағына қамқорлық секілді бейімделушіліктің түрлеріне анықтама береді. •Бүркеніш реңнің негізгі төрт түріне тоқталады. • Организмдердің бейімділігі мен салыстырмалы сипатын басқа да дерек көздері арқылы білімдерін кеңейте алады. • Шығармашылық жұмыста белсенділік таныта алады.
1 Кіріспе (оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді) Модуль: жаңа әдіс -тәсілдер Әдісі: топқа бөлу тренингі Уақыты: 3мин Модуль: Бағалау Әдісі: өзара бағалау
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысымын қадағалау. Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою. Уақыты: 2 минут
Оқушыларды топқа бөлу.
Әр топқа бағалау парағын тарату
"Ағза- қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі" (суда, құрлықта және ауады еркін ұшуға бейімделген жануарлар) тренингі арқылы топқа бөлемін.(оқушылардың әрқайсысына жануарлардың суреті таратылады сол суреттерді атын атай отырып топқа бөлінеді)
Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.