Сыныбы: 3
Күні: 07.02.2017
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Жазғытұры»
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың жанрлық ерекшелігін, әдеби – танымдық сипатын меңгерту. Гигиеналық талапты қадағалау.
Білімділік: Ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығы туралы мәлімет беру, әңгіменің тақырыбын, идеясын ашу.
Тәрбиелік: Салт - дәстүрді құрметтеуге, елін-жерін қорғау бағытында тәрбие үлгісін көрсету. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру, ортасын құру.
Дамытушылық:Шығармашылық қабілеттерін, таным белсенділіктерін жетілдіру. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Ой-пікірін білдіруге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
А. А. Құнанбаевтың әңгімесінің мазмұнын түсінеді,өмірмен байланыстыра алады.
В. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болады, сыпайы сөйлеп, жақсы қасиеттерді ажырата алады.
С. Адамның жақсы қасиеттері туралы ой тұжырымдайды.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: автордың портреті, сурет
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айтқызу, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа тақырыпты меңгерту
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
VII. Қорытынды
Сабақтың мазмұны:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасу
- Сәлеметсіңдер ме,балалар?!
2. Түгендеу.
- Сабақта түгелміз бе?
3. Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар,сендерге үй тапсырмасына не берілді?
- Қанеки,кім дайын?
III.Жаңа тақырыпты меңгерту:
1) Жаңа тақырыппен таныстыру
- Балалар, кітап-дәптерлерімізді және барлық керекті оқу құралдарын парта үстіне алып қойыңдар.
Мәтінді қабылдауға дайындық:
Балалар, жұмбақтың жауабын табыңдар.
Қар мұз еріп, су көбеіп, Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады.
- Дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың жауабы – көктем. Балалар көктем туралы ән айтайық. Ал енді балалар, жаңа тақырыбымды бастайық, бүгінгі өтетін тақырыбымыз “Жазғытұры” . Бұл өлеңнің авторы Абай Құнанбаев туралы мәлімет беріп кетейін мұқият тыңдап отырыңдар
Автор туралы мәлімет
Абай Құнанбаев Семей облысы қазіргі Шыңғыс - тау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген жерде 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында дүниеге келген.
Абайдың заманында «көктем» cөзi болмаған. Сондықтан «жазғытұры» деген сөзді пайдаланған. Ал «көктем» деген сөз жыл мезгілі ретінде XX ғасырдың. 40 - 50 жылдарында пайда болған.
2) Мәтінмен жұмыс:
- әңгімені мәнерлеп оқу;
- оқушылардың оқуы (тізбектей,дауыстап,мәнерлеп оқу);
- тілдік-көркемдік ерекшелігіне талдау жасау-сөздік жұмысы;
- сұрақ-тапсырмалармен жұмыс;
Сөздікпен жұмыс.
Масатыдай – жұмсақ кілемдей
Анталаса – қимыл қозғалыс
Елжірер – мейірленер, жылылықпен қарайды
Сұрақ-жауап:
-Абай қай жылы туды?
-Абай қай жерде туды?
-Әкесінің аты кім?
-Абай қай рудан?
-Анасының , әжесінің аттары кім?
IV. Жаңа сабақты бекіту
«Қоржынасық» Мәтіндерге сүйене отырып, жазғытұры ауарайы қандай болатынын анықтаңдар. Жазғытұры мезгілінде жан – жануарлардың қандай күйге түсетінін анықтаңдар. «Көктем мезгілі» сурет салу
V. Үй тапсырмасын беру
«Жазғытұры» өлеңін жатқа айту
VI. Бағалау
- Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырсыңдар. Көп күлегеш жинаған оқушыларға – 5, ал қалғандарына – 4 деген баға.
Достарыңызбен бөлісу: |