Ақтөбе облысы Темір ауданы №4 Шұбарқұдық орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі: Исатаева Назигүл Бақытқызы
Сабактын тақырыбы : Пернетақта . Пернетақтамен танысу.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларды дербес компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру, пернетақтамен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдыққа, жаңа құрылғыларымен таныстыру арқылы ғылыми- көзқарасын дамыту.
Тәрбиелілік: сабырлыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: баяндау,көрсету,практикум
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер құрылғылары, пернетақта суреті, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Компьютер құрылғыларын білеміз бе?
ІІІ. Жаңа сабақ «Пернетақта. Пернетақтамен танысу»
IV. Пернетақта құпиясы
V. Жұмбақтар әлемі
VI Тапсырмалар
VII Қорытындылау. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма. «Кім епті?» практикалық жұмыс. Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі.
І. Амандасу. Класс тазалығын тексеру.
Үй тапсырмасын компьютер құрылғыларын білеміз бе? Арқылы тексеру.
Жүйелік блок
Процессор
Жедел жад
Монитор
Маус
Терте (джойстик)
Баспа құрылғылары
Сыртқы жад
Сканер
Үй тапсырмасын қорытындылау
Енгізу құрылғылары Шығару құрылғылары
Маус принтер
Джойстик дисплей
Сканер плоттер
Пернетақта график салғыштар
ІІІ. Жаңа сабақ «Пернетақта. Пернетақтамен танысу»
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102-104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
Функционалдық пернелер (F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1,F2…..F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атұарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
Цифрлық пернелер –цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
Символдық пернелер-алфавиттi цифрлық ақпаратты енгiзуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез-келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:
Enter немесе енгізу пернесі – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.
Бос орын (пробел) – пернесі, ол пернетақтаның төмен жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады.
Немесе «Backpase» пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіреді.
«Delete» пернесі. Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (символ машина жадынан өшіреді)
«CapsLosk» пернесі. Бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса,қайта кіші әріптер енгізіледі.
«Shift» пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.
Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады,яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.
IV. Пернетақта құпиясы
Пернетақтаның негізі бөліктері, пернелердің атқаратын қызметіне байланысты оқушыларға сұрақтар беріледі:
Пернетақта қандай құрылғыға жатады?
А) шығару құрылғысы
Ә) жазу құрылғысы
Б) енгізу құрылғысы
Г) оқу құрылғысы
2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:
3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?
Enter-
Esc-
Delete-
Alt –
Ctrl –
CapsLock –
Shift –
NumLock –
V. Жұмбақтар әлемі
1. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреу,
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын сан жүз бір (Пернелік)
2.Ұзын тұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды (бос орын)
3.Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (Кактус)
4.Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелі алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана F(эф) әрпімен басталады. (функционалдық пернелер)
5.Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді (баспа құрылғысы)
VI Компьютермен тапсырмалар
Көңілді сабақ:
Нағыз программист, тамақ қоры біткеннен кейін де, пернетақтадағы қиқымдарды қоректеніп бір апта уақыт өмір сүре алады.
Компьютермен жұмыс жасағанда, ең бастысы оған асыққандығыңызы білдіртпеу керек ....
Программист пианистің жаңа роялін көруге келіпті. Рояльді ұзақ айналып жүріп:
Пернелер тақтасы қолайсыз?!не бәрі 84 перне, оның жартысы функционалды, бірде-біреуі жазылмаған, бірақ .... Shift – ті аяқпен басатыны жақсы-депті
«Астан - Бәйтерек» монументі
«Астана-Бәйтерек» монументінде барлығы символға құрылған, алтын шапақты күн мен оның 97 метрлік биіктігі, әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан тысқары жерлерге де мәлім. Бұл темірден, шыныдан,бетоннан орнатылған алып бәйтерек, сәулеттік өзгеше ойымен, өзінің қомақтылығымен ерекшеленеді. Металл конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, ол жерге қағылған 500 қадаға орнатылған. Диаметрі 22 метрлік, күн сәулесінің әсерінен мың құбылатын, салмағы 300 тонналық «хамелеон» әйнегінен жасалған шар, әлемде тұңғыш рет осындай «реордтық» самғау биікке көтеріледі. «Астана -Бәйтерек» монументі – қазақстандықтардың өміріндегі жаңа кезеңінің нышаны – өзінің композициялық құрылымымен ежелгі көшпенділердің ғарыштық көзқарасын білдіреді. Бұл ғажайып нысанды салу идеясын көтерген Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішқлы Назарбаев. Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған «Астана-Бәйтерек», сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр.
VIII. Үйге тапсырма. «Кім епті?» практикалық жұмыс. Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |