Ақтөбе облысының белгілі тұлғалары



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі498,48 Kb.
#34948
1   2   3


45

Досжанова Аққағаз

Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш жоғары білімді дәрігер, қоғам қайраткері

1893 жылы Орынбор губерниясына қарасты Торғай Облысы Ақтөбе уезінде дүниеге келген

1932 жылы Шымкент қаласында дүниеден өтті




ХХ ғасыр басында қазақ азаматтарының заманға сай білім алуына, соның ішінде кәсіби медициналық білім алуына да үлкен үлес қосты. Қиын кезеңдерде мыңдаған адамдардың денсаулығы үшін, өмірін сақтау үшін күрескен абзал жан.





46

Қарақұлов Ишанбай

Ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы

1909 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген

1992 жылы қайтыс болды




Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері адамға жұғатын ауруларды зерттеуге және Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастырды. Ол малдан жұғатын аса қауіпті ауруларға эпидемиологиялық тұрғыдан жіктеу жасап, олардың жұғу жолдарын анықтады, оларға қарсы қолданылатын кешенді шаралардың біртұтас жүйесін ұсынды. Cарыптан сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де қолданылады.

Ойыл ауданы бойынша – 2

47

Баймолдин Сәбит

Ақын, жазушы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында Қарабұлақ ауылында 1942 жылы дүниеге келген

2000 жылы қайтыс болған




 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, өз ауылында мектепте мұғалім, директор болған. «Қазақстан мұғалімі» газетінде Батыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілші, «Стальная магистраль» газеті редакторының орынбасары, Ақтөбе облыстық кітапқұмарлар қоғамы басқармасына жауапты хатшы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, Қазақ КСР Баспа және полиграфия жөніндегі Комитетте бөлім бастығы, баспалар жанындағы Литоның Бас редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі болып істеген. Оннан астам жыр жинағы, таңдамалылары жарық көрді.




48

Беркімбаев Дербісәлі

Торғай облысының әскери губерниясының аса маңызды тапсырмалары бойынша жоғарғы штаттық шенеунік

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында 1837 жылы дүниеге келген

1913 жылы қайтыс болған




1869 жылдың басында жаңадан құрылған Ырғыз уезіне уездік бастықтың екінші жәрдемшісі етіп бекітеді. Айтулы уезге қазіргі Шалқар, Әйтеке би, Ырғыз аудандары, Хромтау ауданының шығыс беткейі қараған. 1872 жылы Орынбор генерал-губернаторы А.Крыжановский Дербісәлінің аса қабілеттілігін ескере отырып, оны Ақтөбе уезі бастығының екінші орынбасары етіп қызметке ауыстырады. Айтулы уезде 21 жылдан астам қызмет атқарған Дербісәлі 1893 жылдың 25-ші қыркүйегінде Торғай облысының әскери губернаторы жанындағы ерекше істер жөніндегі шенеунігі болды.

Ақтөбе қаласы бойынша –1, Хромтау ауданы бойынша – 1

49

Дербісалин Әнуар

Ғалым, филология ғылымдарының докторы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Қызылжар ауылында 1929 жылы дүниеге келген

1986 жылы қайтыс болған




Ә.Дербісалин - Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі,Ойыл орта мектебінің мұғалімі (1950–51 ж.ж.),  Әдебиет және өнер институтында аға ғылым қызметкер (1958–76), бөлім меңгерушісі (1977–86) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. «Оғызнама», «Мұхаббатнаме», «Қорқыт ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірді.

Темір ауданы бойынша – 1, Ойыл ауданы бойынша – 1

50

Дәуленов Сәлкен

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазССР Министрлік Кеңесінің төрағасы

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында 1907 жылы дүниеге келген

1988 жылы қайтыс болған




Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Алты-Қарасу болысында бақташы болып бастады.1925 жылдың қыркүйегінен Ақтөбе қаласындағы балалар коммунасының тәрбиеленушісі.1927 жылдың қарашасынан - Ақтөбе округтік комсомол комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі. 1933 жылғы желтоқсаннан Тәжік АКСР-і Жырғатал ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1944 жылдың маусымынан - Талдықорған облыстық жер басқармасының бастығы. 1963 жылдың ақпанынан - Жамбыл облысы жоспарлау комитетінің төрағасы. 1961 – 1963 жылдары КОКП ОК-нің мүшесі және КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаты.

Ойыл ауданы бойынша – 1

51

Жаманмұрынов Тел

Алаш қозғалысының қайраткері, ауылшаруашылығы ісін дамытуды мемлекеттік дәрежеде ұйымдастырушы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында 1888 жылы дүниеге келген

1938 жылы қайтыс болған




1907 -1912 жылдары Орынбордағы реалдық училищеде оқыған, 1913-1917 жылдары Петровско-Разумовский атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясында оқып жүріп ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан.1916 жылы I-дүниежүзілік соғысқа алынған қазақ сарбаздарына көмек көрсетуші арнайы топқа (Минск, Батыс майданындағы «Земсоюз») кірді.1917 жылы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының екінші сиезін ұйымдастыру шараларына қатысып, жиында хатшы қызметін атқарды.1917-1918 жылдары бірыңғай Түркістан автономиясына қосылуды жақтаушылардың қатарында болады. Осы уақытта Ырғыз уездік жер комитетінің төрағасы, алғаш атқару комитетінің төрағасы, кейін төрағаның орынбасары қызметін атқарды.1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолын жобалау және жабдықтау шараларына да қатысты.

Ырғыз ауданы бойынша – 2

52

Жармағамбетов Тобық

Жазушы

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында Жарқамыс ауылында 1934 жылы дүниеге келген

1973 жылы қайтыс болған




Жарқамыс орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген.1960 жылы Ақтөбе облысы теледидары ашылып, Жармағамбетов оның алғашқы бас редакторы болды. Кейін облыстық “Коммунизм жолы” (қазіргі “Ақтөбе”) газетінің әдебиет бөлімінде жұмыс жасады. Алғашқы “Ескі жұрт” атты әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарық көрді. Осы әңгіме 20 ғ-дың 60-жылдарының басында жарық көрген жас прозашылардың “Жол басы” деп аталатын тұңғыш жинағына енді. «Екі жүрек”, “Қызыл ай” әңгімелері, “Нәзік бұлттар” кітабын жариялайды.Қаламгердің таңдамалы шығармалары “Ақ жауын” деген атпен жарық көрді.

Байғанин ауданы бойынша – 1

53

Жиенбаев Сағи

Ақын

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 1934 жылы дүниеге келген

1994 жылы қайтыс болған




Сағи Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің: «Махамбет», «Еңлік-Кебек» опера либреттоларының авторы. Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Р.Ғамзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Байғанин ауданы бойынша – 1

54

Көпжасаров Ескендір

Батыс Алашорда әскери далалық сотының төрағасы

Ақтөбе облысы Қобда ауданында 1884 жылы дүниеге келген

1933 жылы қайтыс болған




Е.Көпжасаров еуропаша білімді заңгер ретінде болыстық сайлаулар, басқа да әлеуметтік-саяси талас-тартыстар кезінде екі жақты бітімге келтіруші ара ағайын ретінде қатысып, іс қағаздарын жүргізген.
Ол Батыс өңірдегі Алаш қозғалысының жұмыстарына белсене араласқан. Алаш милициясының офицері, Ойылдағы юнкерлер мектебінің командирі болады. Б.Қаратаевтың естелігінде Ескендір Көпжасаровтың Батыс Алашорда үкіметінің әскери-далалық сотының төрағасы болғаны айтылады. Е.Көпжасаровтың Алаш қозғалысына қатысын айтқанда, оның ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың көмекшісі болды.

Қобда ауданы бойынша – 1

55

Көпжасаров Иса

«Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің арнаулы кеңесінің мүшесі

Ақтөбе облысы Қобда ауданында 1851 жылы дүниеге келген

1920 жылы қайтыс болған




Университет бітіргеннен кейін Орал уезі бастығының көмекшісі қызметінде, содан соң Жиренқопа болысын басқарады. 1913 жылы Романовтар әулетінің Ресей тағына отырған 300 жылдық салтанатына қатысып, патша тарапынан алтын медаль алады. Жиренқопа болысынан бір кластық орыс-қазақ болыстық мектебін ашқызған және ұзақ жылдар өзі оның құрметті қамқоршысы болған. Халықты отырықшылыққа көшіруге атсалысқан. Исаның қайраткерлігі 1917 жылдан кейін Алаш қозғалысы өрістеген жылдары басталады. 1918 жылы И.Көпжасаров жаңадан құрылған Батыс Алашорда үкіметінің құрамында қаржы министрі болып тағайындалады.

Қобда ауданы бойынша – 1

56

Қобыландин Нағым

Социалистік Еңбек Ері

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында 1931 жылы дүниеге келген

1997 жылы қайтыс болған




Облыстағы ауылшаруашылығын дамытуда озат тәжірибе қалыптастырып, мал басы бойынша республикалық, одақтық жарыстарда жеңімпаз атанған, ауыл мәртебесін көтерген, халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартуда зор еңбек сіңірген.

Ақтөбе және Шалқар қалаларында көше бар

57

Қарақұлов Ишанбай

Қоғам қайраткері

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында 1909 жылы дүниеге келген

1992 жылы қайтыс болған




Қазақстан ғылым академиясының (1951) және КСРО Медицина ғылым академиясының (1961) корр. мүшесі. Қазақстанның (1961) және Қарақалпақ АКСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері

Ойыл ауданы бойынша – 2,

58

Қанахин Өтебай

Жазушы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Тәуіп ауылында 1923 жылы дүниеге келген

1990 жылы қайтыс болған




1953—1960 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1969 — 1970 жылдары «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, 1975—1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық алқасының бас редакторы қызметтерін атқарды.М.А.Шолохов, А.М.Кожевников повестерін тәржімалады, бірқатар шығармалары орыс, украин, белорус, өзбек, армян, тәжік, татар, башқұрт, қырғыз және неміс тілдеріне аударылған

Әйтеке би ауданы бойынша – 1,

Ырғыз ауданы бойынша – 4



59

Медетов Қамбар

күйші

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында 1901 жылы дүниеге келген

1938 жылы қайтыс болған




1924 - 34 ж. аралығында заң және сауда орындарында қызмет етті. 1835 - 36 ж. Қазақ филармониясында әкімшілік қызметкер, директордың орынбасары болды. Ел арасынан дарынды күйшілерді (Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Жаппасбаев, Ж.Айпақов, т.б.) қазақтың халық аспаптар оркестрінің құрамына тартып, оны толықтырып, жақсартуға ат салысты. Медетовтің репертуарында "Жошы-хан", "Боғда", "Шалқыма", "Алтынай", "Арынғазы", "Ел айырылған", "Қарасай" т.б. күйлері бар. Оның орындауында "Ақсақ құлан", "Қара жорға" күйлері пластинкаға жазылып алынды. А.В. Затаевич күйінің орындаушылық шеберлігін жоғары бағалады.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Мәртөк ауданы бойынша – 1

60

Мәмбетов Ізтай Тілеуұлы

Ақын

Ақтөбе облысы Алға ауданында 1929 жылы дүниеге келген

1974 жылы қайтыс болған




1952 — 1956 жылдары “Жұлдыз”журналында, “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер, 1957 — 1969 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында, Ақтөбе облыстық газетінде қызмет істеген.

Алға ауданы бойынша – 2

61

Науанов Аяпберген

Мұғалім

Ақтөбе облысында 1884 жылы дүниеге келген

1958 жылы қайтыс болған







Ойыл ауданы бойынша – 1

62

Шаңғытбаев Қуандық Төлегенұлы

Қазақстанның 

халық жазушысы, ақын



Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында 1925 жылы дүниеге келген

2001 жылы қайтыс болған




Он бес жасында үздік оқыған Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол 1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандық Шаңғытбаевтың тұңғыш кітабы шығады. Ол кітап ұстазы Мәулен Балақаевпен бірге жазылған қазақ тілінің оқулығы болған. 1942 жылы 2-ші курстың студенті Қуандық Қазақтың мемлекеттік баспасына жұмысқа алынады. Тұңғыш өлеңдерін жаза бастаған болашақ ақын Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев, Әбу Сәрсенбаев секілді тұлғалармен танысады. 1942 жылы Қуандық "Қазақ жүрегі" атты (кейіннен "Ар") бірінші өлең жинағын баспаға тапсырады. Сол жылы редактор Қуандыққа бастығы Бейсембай ағасы Мұхтар Әуезовтың "Абай" романының қолжазбасын редакциялауға жасырын береді. Партия орталық комитетінің адамдары кітаптың шығуына қарсы болғасын, Кенжебаев пен Шаңғытбаев "Абайды" ешкімге білдірмей жарыққа шығарады, және 1942 жылдың 26 шілдесінде "Соц. Қазақстан" газетінде бірігіп рецензия жазады.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Әйтеке би ауданы бойынша – 1, Хромтау ауданы бойынша – 2

63

Шотаев Рахметжан

Алаш қозғалысының қайраткері

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында 1896 жылы дүниеге келген

1964 жылы қайтыс болған




Ойыл ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келген. 1909ж. Ойыл екі кластық, кейін Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын семинарияны бітіріп, ағартушылық  іспен айналысты. 1917 ж. 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен қазақ-қырғыз сьезіне, кейін, 1918ж. Орал қ. Өткен Күнбатыс Алашорданың сьезіне қатысып, Халел және Жанша Досмұхамедовтермен, Мұхтар Әуезовпен кездесті.  Осы кездегі саяси қызметі үшін 1937 ж. жазаланып, 1938ж. ақталып шыққаннан кейін  өмірінің соңына дейін ағартушылық қызметпен айналысты, өлеңдері аудандық, облыстық және республикалық баспасөздерде жарияланған.




64

Әбидулла Биекенов

Мемлекеттік қайраткер

1911 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген

1946 жылы қайтыс болған




Әбидулла Биекенов 1933-34ж.ж Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауд.партком хатшысы. 1939ж. Қарағанды облыстық сотының төрағасы. 1942 ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы. 1942-191945ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Орел облысында болған шайқаста, Белоруссияда ерлік көрсеткен. 48 Армияның үгітшісі болған. 1943 ж. 5 тамызда №68/н 2 фашисті өлтірген. Көрсеткен ерлігі үшін 1943ж. 5 тамызында және 1945 ж. 17 сәуірінде №537/н «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, 1943ж. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Соғысты майор шенінде аяқтаған. Мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы болған.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Шалқар қаласы бойынша – 1

65

Өтеген Сейітов

Мемлекет және қоғамдық қайраткер

1923 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданның Ақтоғай селосында дүниеге келген

1997 жылы қайтыс болды




1941 жылы 18 жасқа толар толмастан, елімізге төнген фашизм қатерінен Отанын қорғауға облыстық комиссариаттан қайта-қайта сұранып соғысқа аттанған. Сол жылы Ашхабадтағы кіші командирлер дайындайтын училищеге жіберілген. 1942 жылдың тамыз айынан әйгілі қанды қырғын «Сталинград майданына» қатысып, соғыстың соңғы күніне дейін майданның алғы шебінде болған. Елімізді неміс-фашист басқыншыларынан құтқарғаннан кейін Европаның, яғни Карпат, Дунайдан өтіп, Румыния, Югославия, Венгрия, Австрия елдерін азат етуге, жаудың талқандалуына қатысады. Соғыс аяқталғаннан кейін еңбекке қайта араласып, сол кездегі сұрапыл соғыстан кейінгі елдегі жалпы жағдайды дұрыстап, ел экономикасын қайта қалпына келтіру үшін ең бірінші қатты тәртіп пен ел заңдарын сыйлап, оларды нақты орындау керек екенін түсініп, өзінің бүкіл саналы ғұмырын прокуратура органдарында еңбек етуге арнаған. Еңбек қадамының бастапқы кезеңін облыстық прокуратурада хатшы, кейін канцелярия бастығы, аудандық прокурордың тергеушісі, тергеу бөлімінің прокуроры. Осы жұмыстарды ол 1949 жылға дейін атқарған. Содан кейінгі жылдарда қызметте үнемі өсу жолында болды: облыстық прокуратураның аға тергеушісі, 1951-1959 жылдары республика прокурорының тергеу бөлімінің прокуроры, ал 1959 жылы Алматы қаласындағы Совет ауданының прокуроры, 1961-1962 жылдары Алматы облысының прокуроры. 1962-1966 жж. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы прокурорының бірінші орынбасары. 1966 жылдан 1984 жылдар аралығында, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін 18 жыл бойы Қазақ (ҚСР) Республикасының прокуроры (қазіргі Бас прокурор) қызметіне ие болды.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Шалқар қаласы бойынша – 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет