Ақтөбе облыстық білім басқармасы Ақтөбе облыстық ғылыми -тәжірибелік орталығы


§2.Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер



бет4/5
Дата02.10.2019
өлшемі0,67 Mb.
#49126
1   2   3   4   5
Байланысты:
10а сандық есеп үлгілері

§2.Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер

және оларды шешу үлгілері

1.Массасы 4г болатын қатты А затын хлормен өңдегенде, қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын жалғыз В өнімі алынады. В затын судың артық мөлщеріне енгізген кезде массасы 3 г бастапқы Азаты алынады. Түзілген күшті қышқыл ерітіндісін қыздырған кезде ауа бойынша тығыздығы 2,2 болатын С газы бөлінеді. А затының бастапқы үлгісін тотықтырған кезде, В затын суға енгізгенге қарағанда,С газы 4 есе артық мөлшерде алынады. А,В және С заттарын анықтаңыздар.



Шешуі: Mr(C)=29×2,2=64.Ол күкірт (IV) оксидінің молекулалық массасына тең және ол газ к.үкіртті қышқылды қыздырған кезде бөлінуі мүмкін. Яғни, оттегімен және хлормен әрекеттесетін А затын-күкірт. В заты- күкірт хлориді; SCl2,S2Cl2, SCl4 болуы мүмкін. Галогенидтердің күкіртпен және сумен реакциялары:

2SCl2+3H2O3+4HCl+S; (1)

2S2Cl2+3H2O=H2SO4+4HCl+3S; (2)

SCl4+3H2O=H2SO3+4HCl. (3)

Күкірт хлоридінің формуласын анықтау үшін,күкірттің сумен реакциясы кезінде бастапқы күкірттің тек s-і ғана бөлінетіндігін ескеру керек. Бұл шартқа S2Cl2 жауап береді ((2) теңдеуді қара).

(2) теңдеуден хлормен әрекеттескен күкірттің j бөлігі ғана сумен әрекеттескен кезде SO2 береді. Сонымен, А-күкірт,В-S2Cl2, C-SO2.

2. А және В жай заттарды өзара реакцияласып, С затын түзеді. С заты көміртек (IV) оксидімен әрекеттескен кезде В және D заттары(құрамында 8,14% көміртегі және 32,5% оттегі бар) түзіледі. А- D заттарын анықтаңыздар және реакция теңдеулерін жазыңыздар.

37

Шешуі: Көміртек атомының 1 молі бар заттың массасын есептейік: 12/0,0814=147,4 г/моль. Осы заттағы оттегінің үлесі:147,4×0,325=48г. Яғни, заттың құрамында карбонат-ион СO32- бар.

Егер D затының құрамындағы металл бір валентті болса, онда оның молярлық массасы(147,4-60)/2=43,7г/моль. Ондай металл жоқ.

Егер металл екі валентті, онда оның молярлық массасы 147,4-60=87,4г/моль. Металл- стронций. Түзілген өнім D-SrCO3, A-SrO, B-H2O, C-Sr(OH)2.

Реакция теңдеулері:

SrO+H2O=Sr(OH)2;

Sr(OH)2+CO2=SrCO3 +H2O.

3. Қатты В затының сумен реакциясының нәтижесінде түзілген А газы оттегімен әрекеттесе отырып, С,D, (көп мөлшерде)және E (салыстырмалы молекулалық массалары 18,19,20) заттарды түзіледі. А газы натриймен әрекеттескен кезде эквимолярлы мөлшерде В және Ғ заттардын түзеді. Осы заттар сумен А және G газдар қоспасын түзеді және оларды оттегінде жаққан кезде С, D заттарының көп мөлшерде және Е заты түзіледі. Қандай заттар туралы айтылған және реакция бағытын түсіндіріңіздер.



Шешуі: А газы- сутегі. В және Ғ заттарының – гидридтер, ал С- су екендігі айқын көрініп тұр. Ал молярлық массаларында бір-екі бірлікке айырмашылық болғандығы С,D және Е заттары-+сутектің әр түрлі изотоптарынан тұратын оксидтер (H2O, HDO, D2O) деген ойға әкеледі. реакция теңдеулері:

NaD(B)+H2O=HD(A)+NaOH; (1)

4HD(A)+2O2=H2O(C)+2HDO(D)+D2O(E); (2)

HD(A)+2Na=NaH(F)+NaD(D); (3)

NaH(F)+NaD(D)+2H2O=H2(G)+HD(A)+2NaOH; (4)

HD(A)+H2(G)+O2=H2O(C)+HDO(D)+D2O(E); (5)

(2) HDO артық мөлшерде болуы стастикалық фактормен түсіндіріледі: кез келген су алу механизмінде HDO түзілу мүмкіндігі жоғары. Ракция өнімдерінде D2O аз мөлшерінің түзілуі де осы себептен.

38

4. Химияның көптеген салаларында қолданыс тапқан және атауы қосылыстарының ерекшеліктеріне байланысты Х химиялық элементі бар. А қосылысының құрамында 41,3% Х эленті, 11,1% азот, 3,2% сутек және 44,4% оттегі бар. А қосылысын қыздырған кезде тез ыдырайды және су, газ тәрізді В заты мен қатты С қалдығы түзіледі. Осы зат жай Х затының хлормен реакциясы кезінде де түзіледі. D затының сулы ерітіндісінен Е заты кристалданады және осы заттың массалық үлесі бойынша құрамы: 40,57% су, 39,32% хлор және 19,51% Х элементі, бөліну жағдайларына байланысты Е затының түсі әр түрлі болады. Қандай элемент және қандай қосылыстар туралы сөз қозғалғандығын анықтаңыздар



Реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Шешуі: Х элементін D тұзының кристаллогидраты- Е қосылыс арқылы анықтау ыңғайлы. Е қосылысының құрамы: XCl6×bH2O. Есеп шарты бойынша 19,51/Х: 39,2/35,5=1:б, осыдан Х=17,33б; егер б =3,Х=52, бұл элемент –хром. Яғни, тұзы – CrCl3E-CrCl3×6 H2O (су молекуласының санын жоғарыдағы әдіспен табуға болады).

Қосылыстың формуласы N2H8Cr2O7, (NH4)2 Cr2O7; N:H:O:Cr= =11.1/14:3,2/1:44.4/1:41.3/52=2:8:7:2

Реакция теңдеулері:

(NH4)2Cr2O7 N2 +4H2O +Cr2O3;

Cr2O3+3C+3Cl2 2CrCl3+3CO ;

CrCl3+6H2O CrCl3×6H2O.

5. Ұшқыш А сұйықтығының буларын қыздырылған құбыр арқылы өткізеді. Құбырда массасы 58,7 мг жай Х затының жылтыр қағы қалады және көлемі 89,6 мл (қ.ж) болатын В газы түзіледі. В газы екі элементтен тұрады және оның сутегі бойынша салыстырмалытығыздығы 44. В газының қышқыл ортада гидролизінің нәтижесінде С және D қышқылдарының қоспасы түзіледі. Д қышқылының осы мөлшерін CaCl2 ерітіндісінің артық мөлшерімен өңдеген кезде 468 мг тұнба түзіледі. D қышқылының осы мөлшерін титрлеуге концентрациясы 0,1 моль/л 120 мл КОН ерітінді жұмсалады. А,В,С, D және Х заттарын анықтаңыздар. Алынған С қышқылының ерітіндісін бейтараптау үшін дәл жоғарыдай концентрациялы КОН ерітіндісінің қандай мөлшері керек?

Шешуі: Концентрациясы 0,1 моль/л 120мл КОН ерітіндісінде 12 ммоль КОН бар. Яғни, гидролиз нәтижесінде 12 ммоль-экв. D түзіледі.

39

Белгісіз D қышқылының формуласы HY болсын. CaCl2-мен реакция теңдеуін жазайық:



2HY+CaCl2 CaY2+HCl;

468 мг тұнбаның мөлшері 6 ммоль, 1 ммольдің массасы-78 мг; кальцийдің үлесіне 40 мг келетіндіктен, Y массасы-19. яғни, бұл-фтор, ал D-HF.

B газының гидролиздену теңдеуі:

B C+HF(су қатысында).

Осы теңдеуден, 89,6 мл В газы 4 ммоль 12 ммоль HF. Яғни, В затының формуласы-ЭҒ3, оның молярлы массасы М=88г/моль; Э – фосфор (Ar=31). B-PF3, C-H3PO3. гидролиз теңдеуі:

PF3+ 3H2O= H3PO3+ 3 HF; X- металл болуы керек, А затының формуласы- Х(PF3)n, ал оның ыдырау теңдеуі:

Х(PF3)n=X+nPF3.

4 ммоль PF3 түзілді. n мәніне байланысты Х атомдық массасы Ar= 58,7 n/4 теңдеуімен анықталады. n=4 болған кезде Х-никель. А затының формуласы- Ni(PF3)4. оның термиялық ыдырау теңдеуі:

Ni(PF3)4 Ni+4PF3.

H3PO3 қышқылы екі негізді және оны титрлеу үшін 4 ммоль×2=8 ммоль КОН немесе осы ерітіндінің 80 мл жұмсалады.

6. Ыдыста А жай затының 0,18г үлгісін концентрлі күкірт қышқылының артық мөлшерімен қыздырады. Реакцияның газтәрізді өнімдерін кальций гидроксидінің артық мөлшері арқылы өткізген кезде 5,1 г тұнба түзіледі. А затын анықтаңыздар және жауабыңызды сәйкес реакция теңдеулері және есептеулермен дәлелдеңіздер.

Шешуі: Ізбес суымен тұнбаны концентрлі күкірт қышқылының активтілігі аз металдарға немесе бейметалдарға әсерінің нәтижесінде бөлінетін күкірт (IV)оксиді түзуі мүмкін:

Ca(OH)2+SO2=CaSO3 + H2O;

Активті металдармен концентрлі күкірт қышқылы әрекеттескен кезде күкіртсутек бөлінуі мүмкін, бірақ × x(CaSO3)=5,1/120=0,0425 моль.

40

Бір валентті металл үшін реакция теңдеуі:



2A+2H2SO4=A2SO4+SO2 +2H2O.

Осы теңдеуден А металының молярлы массасын есептейік: 0,18/(0,0425×2)=2,12 г/моль. Екі-, үш-, төртвалентті металдар үшін сәйкесінше алынған мәліметтер: 4,24,6,36,8,48г/моль.

Осы молярлық массаларға сәйкес металдар жоқ, яғни А-бейметалл. Оның күкірт қышқылымен тотығу реакциясының өнімі-ізбес суымен тұнба түзетін газ. А заты- күкірт немесе көміртек болуы мүмкін:

Күкірт үшін реакция теңдеуі:


S+2H2SO4=3SO2+2H2O;
x(S)=0,18/32=0.056моль;

x(SO2)=0,056×3=0,0168 моль;


m(CaSO3)=0,0168×120=2,04г, бұл 5,1г кем.
Көміртек үшін реакция теңдеуі:
C+2H2SO4=CO2+SO2+2H2O;
x(CaCO3)=0,015×100=1,5г;
x(CaSO3)=x(SO2)=0,03 моль;
m(CaSO3)=0,03×120=3,06г.
Тұнбалардың жалпы массасы: 1,5+3,6= 5,1г. Бұл есеп шартына сәйкес.
Сонымен, А заты-көміртек.
7. Ақ кристалды Х заты келесі қасиеттерге ие:

1)Бунзен шамының жалынын қаныққан сары түске бояйды;


2)Х затының сулы ерітіндісі бейтарап және сол ерітіндіге күкіртті қышқылын (SO2 ерітіндісі) тамшылатып қосса, онда қара-қоңыр түсті,күкіртті қышқылдың артық мөлшерінен түссізденетін А ерітіндісі түзіледі;
3)Егер түссізденген ерітінді (2 пункте алынған) азот қышқылымен қышқылдап, AgNO3 ерітіндісін қосса, натрий цианидінің NaCN немесе натрий тиосульфатының Na2S2O3 ерітінділерінде еритін, бірақ аммиактың сулы ерітінділерінде ерімейтін сары тұнба түседі;
1) Күкірт қышқылымен қышқылдандырылған NaI ерітіндісін Х затының сулы ерітіндісіне қосқан кезде А затының дәл сол қара-қоңыр ерітіндісі түзіледі және ол күкіртті қышқыл немесе Na2S2O5 әсерінен түссізденеді;
41

2)0,1 г Х заты бар сулы ерітіндіге 0,5г калий йодиді KI мен сұйылтылған күкірт қышқылының бірнеше миллилитрін қосады. түзілген қара-қоңыр ерітіндіні толық түссіздендіру үшін 0,1 M Na2S2O3 ерітіндісінің 37,40 мл қажет болды

A)Х затының құрамына қандай элементтер кіреді? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

Б) 1-4 пунктерде реакция нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?

В) Барлық реакция теңдеулерін жазыңыздар (2-4 пунктерде айтылған реакция теңдеулері);

Г) 5 пункте көрсетілген сандық мәліметтерді қолдана отырып, Х затының формуласын анықтаңыздар.



Шешуі: А) Х кристалды затының құрамында Na( Бунзен шамындағы сары жалын-қосылыстың құрамында натрийдің бар екендігінің дәлелі) және І(натрий цианидінің NaCN немесе натрий тиосульфатының Na2S2O3 ерітінділерінде еритін тұнба-AgI ) бар. Құрамындатек натрий мен йоды бар Х заты натрий йодиді болуы мүмкін емес, себебі ол 2,4 және 5 тәжірибелерге сай келмейді. мүмкін Х затының құрамында оттегі бар және оның формуласы NaIO4(тұрақты тұздарға NaIO3, NaIO4 жатады; олар гидролизге ұшырайды және ерітінділері бейтарап).

Б) X затымен (NaIO4) реакция жүру сызбанұсқасы:

2) 2NaIO4+SO2+H2O Na2SO4+I2+H2SO4;

I2+SO2+2H2O=H2SO4+2HI;

3)HI+AgNO3 AgI + HNO3;

AgI+2NaCN=Na[Ag(CN)2]+NaI;

AgI+2Na2S2O3=Na3[Ag(S2O3)2]+NaI;

4)NaIO4+NaI+H2SO4 Na2SO4+I2+H2O;

I2+SO2+2H2O=H2SO4+2HI;

I2+2Na2S2O3=Na2S4O6+2NaI.

B) және Г) Есеп шартында қандай зат туралы сөз қозғалғандығын табу үшін, IO3- және IO4- иондары қатысатын реакция теңдеулерін жазайық:

2) 2IO3-+5SO2+4H2O=I2+5SO42-+8H+

2IO4-+7SO2+6H2O=I2+7SO42-+12H+

I2+SO2+2H2O=SO42-+2I-+4H+

3)I-+Ag+=AgI

AgI+2CN-=[ Ag(CN)2]-+I- 42

AgI+2S2O32-=[Ag(S2O3)2]3-+I-

4)IO3-+I-+6H+=3I2+3H2O (1)

IO4-+I-+8H+=3I2+4H2O (2)

I2+2S2O32-=S4O62-+2I- (2a)

Концентрациясы 0,1 М Na2S2O3 ерітіндісінің 37,4 мл көлеміндегі натрий— тиосульфатының Na2S2O3 моль саны:

x1=0,1×0,0374=3,74×10-3(моль Na2S2O3).

0,1 г Х затына 3,7410-3 моль S2O32- келеді.

Бірінші болжам: Х заты - NaIO3(M=198г/моль).

Тәжірибеге 0,1/1985×10-4 моль алынады.

5×10-4моль NaIO3—3,7410-3моль S2O32- сәйкес келсе,

1 моль NaIO3 — 7,48 моль S2O32- сәйкес келеді. Бұл (1) және (2a) химиялық реакция теңдеулерімен сәйкес келмейді.

Екінші болжам: Х заты —NaIO4(M=214г/моль).

Калий йодидімен химиялық реакцияға 0,1/214=4,67×10-4 моль NaIO4 қатысады.

4,67×10-4 моль NaIO4—3,7410-3моль S2O32-

1 моль NaIO4—8 моль S2O32- сәйкес келеді, ол (2) және (2a) теңдеулерін қанағаттандырады. Яғни, белгісіз зат— NaIO4.

2 жолы:


NaIOy тұзының (M=150+16у) натрий йодидімен қышқыл ортада өтетін реакциясы:

NaIOy+(2у—1)NaI+уH2SO4 yNa2SO4+yI2+yH2O; (3)

NaIOy затының толық тотықсыздануын қамтамасыз ету үшін KI(0,5г) артығымен алынған. Бөлінген йодты натрий тиосульфатымен Na2S2O3 титрлейді.

I2+2Na2S2O3=Na2S4O6+2NaI. (4)

Титрлеуге 0,1 M Na2S2O3 ерітіндісінің 37,4 мл жұмсалады. Яғни, x1=0,1×0,0374=3,74×10-3(моль Na2S2O3 )

(4) теңдеу бойынша натрий тиосульфатының Na2S2O3 осы мөлшерімен әрекеттеседі: х2=0,5×3,74×10-3=1,8710-3(моль I2)

43

(3)реакция теңдеуі юойынша:



х3=0,1/(150+16y)моль NaIOy тұзы бөлінеді.

х4=y×x3=0,1y/(150+16y)=1,87×10-3(моль Na2S2O3) (5)

осы (5) теңдеуден у=4;x= NaIO4.

8. А және В жай заттары өзара реакцияласып, С затын түзеді және А мен В ауада жана отырып, сәйкесінше D және Е заттарын түзеді. Жану өнімдері өзара әрекеттеседі және судың қатысында D және Е заттары әрекеттескен кезде тек қана Ғ заты алынады. Осы Ғ заты С затын тотықтыру арқылы да алынады. Есеп шартына жауап беретін А және В заттарын анықтаңыздар.



Шешуі: Жай заттардан(A)—металдардан-Li,Be,Mg,Ca шарттарға жауап береді(Na,K,Sr,Ba жанған кезде пероксидтерді түзеді).

Жай заттардан (B)—бейметалдардан – төмендегілер есеп шартына жауап бермейді:

а)күкірт, себебі SO2 (E заты) металл оксидімен (D заты ) әрекеттескен кезде сульфит (F заты) түзіледі, ал сульфидті тотықтырған кезде (C заты ) сульфат түзіледі;

b)азот пен көміртек, себебі нитрид пен нитратта, карбид пен карбонатта металл мен азоттың, көміртек пен металдың қатынастары әр түрлі. Бейметалдардан, мысалға, фосфор сәйкес келеді. Онда есеп шартында айтылған айналымдар келесі теңдеулермен жазылады:

3Li(A)+P(B)=Li3P(C);

4Li+O2=2Li2O(D);

4P+5O2=2P2O5(E);

3Li2O+P2O5=2Li3PO4;

Li3P+2O2=Li3PO4(F).

9. Жай зат болып табылатын А газы катализатор қатысында сутегімен әрекеттесіп, В затын түзеді. В заты бірнеше сатыда қышқылдық қасиетке ие, түссіз С сұйықтығына айналдыруға болады. В затының артық мөлшері мен С сұйықтығы өзара әрекеттескен кезде қатты, ақ D заты түзіледі және соңғысын қыздырған кезде (~1500C) E газын бөле отырып ыдырайды. Б заты мен металдық натрий әрекеттескен кезде бөлінген өнім—Ғ заты және Е газы әректтесіп, құрамында 64,6 % азоты бар, суда жақсы еритін G тұзын түзеді. Осы заттарды анықтаңыздар және реакция теңдеулерін жазыңыздар.



Шешуі: Заттар: A-N2, B-NH3, C-HNO3, D-NH4NO3, E-N2O, F-NaNH2, G-NaN3.

Реакция теңдеулері:

N2+3H2 2NH3(катализаторлар қатысында);

4NH3+5O2=4NO+6H2O; 44

2NO+O2=2NO2;

4NO2+O2+2H2O=4HNO3;

NH3+HNO3=NH4NO3;

NH4NO3=N2O+2H2O( температура әсерінен);

2Na+2NH3=2NaNH2+H2;

NaNH2+N2O=NaN3+H2O.

Натрий азидіндегі азоттың массаслық үлесі NaN3

 (N)=14*3/(14*3+23)=0,646 немесе 64,6%, бұл есеп шартына сәйкес.

10. Қатты қыздырылған А затының үстінен су буларының артық мөлшеріш өткізген кезде 4г В заты мен 1,235л С газы бөлінеді. Газ көлемі 20 мен 740мм.сын.бағ. кезінде өлшенген. А затының бастапқы үлгісінің сұйылтылған судағы ерітіндісі 1,235 л С газын жұта алады және 8,4г D заты түзіледі. Түзілген ерітіндіні қайнап жатқан су моншасында буландырған кезде А затының бастапқы, бірінші реакцияға алынған мөлшері түзіледі. А- D заттарын атаңыздар және реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Шешуі: Газ көлемін қалыпты жағдайға келтірейік:

V0=p1V1T0/T1p0=740×11,236×273/(293×760)=1,12(л).

Газ көлемі 0,05 мольге тең. Онда 1 моль газбен қатар А затынан 4/0,05 =80г еритін қатты өнім түзіледі. А затының 1 моль газды сіңіруі 8,4×22,4/1,235=168г D затын береді.

A+H2O B+C ;

A+C=D;

D A(температура қатысында).



Массалар айырмасы 168-80=88 г – С газының екі моліне сәйкес келеді. Су- В затының құрамына кіреді. Онда 1 моль С газы -44 г, бұл CO2. A заты – көмір қышқылының орта тұзы, себебі ол көмірқышқыл газын 1:1 қатынаста сіңіре алады. Орта тұздың бір молі 2 моль сілтіге немесе 80г сәйкес, ол – NaOH.

Барлық заттар анықталған: A-Na2CO3, B- NaOH, C-CO2, D- NaHCO3.

Реакция теңдеулері:

Na2CO3+H2O(арт.) 2 NaOH+CO2 (500); (1)

Na2CO3+ CO2+ H2O=2NaHCO3; (2)

2NaHCO3 Na2CO3+ CO2 + H2O (100) (3)

45

Соңғы екі реакцияның қайтымды жүретіндігі белгілі, ал бірінші реакция көп жағдайда кері бағытта жазылады. Реакция шарттарын есте ұстау қажет- қақтау кезіндегі су буларының артық мөлшері. Бұл жағдайда CO2 реакция аймағынан алынып отырады және процесс аяғына дейін жүреді (1).



11. Құрамында сутегісі бар бинарлы, тұзтәрізді заттың Х элементінің хлоридімен (XCl3) реакциясының нәтижесінде А газы түзіледі. Осы газ ұшақ отыны ретінде қолданылады. Ол бромды суды түссіздендіреді және оны буландырған кезде тек бір ғана құрғақ В – маңызды дәрілік заты түзіледі. В затының салыстырмалы молекулалық массасы 62. Буландырған кезде алынған конденсат- күміс тұздарымен тұнба беретін тағы да бір қосылыс. Тұнбаның құрамындағы күмістің массалық үлесі 57,45%. Осы заттарды анықтаңыздар. А қосылысымен сандық құрамы бірдей қосылыстар бар ма? Бромды сумен реакциясының өнімдер қоспасының құрамы бромның концентрациясына тәуелді болады ма? А қосылысының тығыздығы 1,25г/л .

Шешуі: берілген мәліметтер арқылы бор гидроксидінің массасын есептейміз: М = 1,25×22,4=28г/моль, яғни ол диборанның формуласына сәйкес келеді- B2H6. Енді В қосылысын анықтайық. Оның салыстырмалы молекулалық массасы 62 ғана болғандықтан, оның құрамында бром жоқ. Ол боранның сулы ерітіндісінен түзілгендіктен, оның сапалық құрамын болжай аламыз: бор, оттегі, сутек.Медицинада қолданылатындықтан ол-бор қышқылы H3BO3(M=62г/моль).

Тұнба – күміс бромиді болса, онда конденсатта бромның диборанға әсерінің нәтижесінде түзілген бромсутек болғаны.

Реакция теңдеулері:

6MH+2BCl= B2H6+6MCl;

B2H6+6Br2+6H2O=2H3BO3+12HBr;

AgNO3+HBr=AgBr+HNO3.

B2H6-дан басқа бордың басқа да гидридтері болуы мүмкін, мысалы: B4H10. Бромды судың концентрациясы аз болған кезде басқа да реакциялар жүруі мүмкін:

B2H6+6 H2O=2H3BO3+H2.

46

12. Х тұзының құрамына үш элемент кіреді және сол элементтердің бірі-оттегі және оның қосылыстағы массалық үлесі 25%. Сонымен қосылыс құрамына кіретін тағы да екі элементтің молярлық қатынасы 1:1. Тұз – жасыл түсті және ол суда ерімейді. Х затын концентрлі тұз қышқылымен өңдеген кезде өткір иістім Y газы және бір ерітіндінің түзілуіне әкеледі. Осы ерітіндіге сілті құйған кезде тотықтырғыштар әсерінен қараятын, ақ тұнбаның түзілуіне әкеледі.Егер хлорда Х заты ерігеннен кейінгі ерітіндіге күкірт қышқылымен әсер еткен кезде ақ тұнба түзіледі. Осы аталған заттарды анықтаңыздар және реакция теңдеулерін жазыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет