l – орбиталь квант саны атомдағы электронның энергиясын және электрондық орбитальдардың пішінін анықтайды.
МАГНИТ КВАНТ САНЫ
Магнит квант саны ml – электронның магнит моментімен байланысты, электронның магнит өрісіндегі бағытын, электронның қабылдаған бағытына қатысты электрондық бұлттың ориентациясын (бағытын) көрсетеді.
Спин квант саны ms – электронның ішкі қозғалысын сипаттайды.
Спин квант саны ms электронның өз осінен айналуын сипаттайды. Электрон өз осі бойымен біріне-бірі қарама-қарсы бағытта айнала алатындықтан онын тек екі мәні болады: + 1/2 және − 1/2.
Егер екі электронның басқа квант сандары бірдей болса, олардың спиндері әр түрлі болады. Ондай электрондарды жұптасқан деп атайды да, қарама-қарсы айналатынын былай ↑↓ белгілейді.
Егер ұяда бір электрон болса, оны дара деп атап былай белгілейді ↑.
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Элементтер атомдарындағы электрондардың атомдық орбитальдарда орналасуы үш жағдаймен анықталады: Паули принципі, Клечковский және Хунда ережелері.
ПАУЛИ ПРИНЦИПІ
атомда төрт квант сандарының мәндері бірдей болатын екі электрон болмайды немесе атомда екі кез келген электрондар ең болмаса бір квант санының мәнімен айырмашылықта болуы керек.
КЛЕЧКОВСКИЙ ЕРЕЖЕСІ
Орбиталдардың электрондармен толтырылуы бас және орбитал квант сандарының (n+l) қосынды мәні аз орбиталдан осы (n+l) қосындының көп мәніне қарай жүреді;
Егер бұл қосынды мәні бірдей болса, алдымен n мәні кіші орбитал толтырылады.
Кванттық механика бойынша электронның толқындық және бөлшектікіндей қасиеті болады. Яғни толқын сияқты оның толқындық жиілігі болады, ал бөлшек сияқты оның пішіні, массасы болады. Атом құрылысын зерттей зерделеу зат қасиеттерін жүйелеуге, химиялық реакцияларды және олардың механизмін жіктей реттеуге,биохимиялық және фармацевтикалық сан алуанды түрде болуын пайымдай түсуге мүмкіндік береді.