Аттестациядан өтетін педагогтардың портфолияға қажет құжаттарын рәсімдеуге арналған нұсқаулық



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі342,98 Kb.
#121843
  1   2   3
Байланысты:
Портфолио салу реттілігі


Аттестациядан өтетін педагогтардың портфолияға қажет құжаттарын рәсімдеуге арналған нұсқаулық.


Құрылым:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижелері.


Бөлімдер мазмұны


1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

  • Бастапқы бет.

Міндетті түрде болуы керек:
- қала/аудан көрсетілген жұмыс орны;
- тегі, аты, әкесінің аты;
- атқаратын лауазымы;
- портфолионың рәсімделген жылы.


Рәсімдеу үлгісі:

«Абай атындағы №154 гимназия» КММ


Теміртау қ.
(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)
Иванова
Гульзия Сергеевна
Өзін өзі тану мұғалімі
(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 36)
2020 ж.
(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)

  • педагог қызметкердің біліктілік санатын растау немесе беру туралы өтініші ( №1 «Педагог қызметкерлерін аттестациядан өткізу ережелері» қосымшасына сәйкес нысан бойынша).

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  • білімі туралы дипломның көшірмесі;

  • ғылыми атақ берілгені туралы дипломның, куәліктің көшірмесі (бар болса);

  • еңбек кітапшасының көшірмесі;

  • берілген біліктілік санаты туралы сертификат пен бұйрықтың көшірмесі (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);

Біліктілік санаты ұзартылған жағдайда қайта рәсімдеу туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

  • мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз оқу курстарына қатысқаны туралы құжаттар көшірмелері;

  • қосымша пәндер бойынша өткен курстардың құжаттарының көшірмесі;

  • ұлттық біліктілік тестілеуінен өткендігі туралы анықтаманың көшірмесі;

Ескерту: құжаттардың барлық көшірмелері осы білім беру ұйымының басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.


2 бөлім. Педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушыларының оқудағы жетістіктерінің қорытындылары.
Педагогтің кәсіби қызметі мен кәсіби өсуінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттары (аттестатталу кезеңінде):

  • оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын аттестаттау кезеңіндегі білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері;

  • педагогтардың кәсіби жетістіктерін растайтын және тәжірибелерін жалпылайтын құжаттардың көшірмелері (үкімет марапаттары, грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар, куәліктердің көшірмелері);

  • сабақтарды бақылау парақтары (үшеуден кем емес). Сабақты бақылау парағында облыстық сараптамалық кеңес мүшесінің (Қарағанды облысының Білім басқармасының бұйрығымен бекітілген аймақтардағы сараптамалық кеңес мүшелерінің тізімі) ұсыныстары болуы тиіс;

  • оқыту курстары мен семинарларға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі.

Оқушылардың оқу жетістіктері арқылы мұғалімнің кәсіби қызметінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттар (аттестатталу кезеңінде):



  • грамоталар, оқушылардың дипломдарының көшірмелері;

  • оқушылардың алғыс хаттарының көшірмелері;

  • оқушылардың сертификаттары, куәліктерінің көшірмелері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет