Жартылайөткізгіштер (93 бет). Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі металдардан төмен, ал диэлектриктерден жоғары, ол мына аралықта жатады: .Олар меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштер болып екіге бөлінеді. Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері. Жартылай (шала) өткізгіштерде заряд тасымалдаушылар екі текті болады: электрондар және кемтіктер. Таза күйдегі жартылай өткізгіштің меншікті өткізгіштігі жоғары емес. Бірақ оған қоспа енгізу арқылы не электрондық, не кемтіктік өткізгіштікті көп күшейтуге болады. Бұны қоспалық өткізгіштік деп атайды. Осы кезде шала өткізгіште валенттік және өткізгіштік зоналардың арасында қосымша энергия деңгейлері пайда болады. Олар не донорлық, не акцепторлық деңгей деп аталады.Осыған сәйкес донорлық не акцепторлық қоспа, ал сәйкес шала өткізгіштерді: n – типті немесе p – типті деп атайды. Осы шала өткізгіштердің қасиеттерін әртүрлі аспаптарда қолданылады. Мысалы: шала өткізгіш диод, транзистор, тиристорларды қоспалық шала өткізгіш кесектерінен құрайды.