13. Ван-дер-Ваальс күштері. Кез-келген атомдар мен молекулалардың арасында пайда болатын күштердің ең жалпылама түрі Ван-дер-Ваальс күштері. Оны ең алғаш рет нақты газдар күйлерін сипаттайтын күш ретінде енгізді.
(1.1)
Идеал газдарға арналған Менделеев-Клапейрон теңдеуіне енгізілген екі түзету пен нақты газдар молекулалары арасындағы тартылыс және тебіліс күштерін көрсетеді. Бұл күштер таза күйінде қаныққан химиялық байланыстар (О2 Н2, N2, СН4 және т.б.) молекулаларының арасында, сонымен бірге сұйық және қатты күйлерде бола алатын инертті газ атомдары арасында да көрінеді.Жалпы жағдайда, Ван-дер-Ваальс байланысы дисперсиялық, бағдарлаушы және индукциялық өзара әсерлесулерді біріктіреді. Осылардың әрбіреуіне қысқаша тоқталайық.