Индукциялық өзара әсерлесу. Поляризациялануы жоғары болатын полярлы молекулаларда көршілес молекулалардың тұрақты өрістерінің әсерінен индукциялық моменттер пайда болуы мүмкін (1.3-суретте үзік сызықтармен индукцияланған диполдар көрсетілген). Бірінші және екінші молекулалардың дипольдері арасында пайда болған өзара тартылыс энергиясы Дебай көрсеткендей температураға байланысты болмайды және мына қатынаспен анықталады:
(1.5)
мұндағы М — молекулалардың тұрақты дипольдік моменті, α — олардың поляризациялануы.
Осындай өзара әсерлесу индукциялық немесе деформациялық деп аталады.
Жалпы алғанда, екі молекула бір-біріне жақындағанда барлық үш түрлі байланыстың пайда болуы мүмкін, және өзара әсерлесу энергиясы дисперсиялық , бағдарлаушы және индукциялық өзара әсерлесулер энергияларының қосындысына тең болады:
1.1 - кесте
Заттар
|
Өзара әсерлесулер түрлері
|
дисперсиялық
|
индукциялық
|
Бағдарлаушы
|
Су
|
19
|
4
|
77
|
Аммиак
|
50
|
5
|
45
|
Хлорлы сутек
|
81
|
4
|
15
|
Көміртек окисі
|
100
|
|
|
1.1- кестеде cу, аммиак, хлорлы сутек, көміртек окисі үшін осы байланыс энергияларының әрбіреуінің салыстырмалы пайыздық мөлшері берілген.
1.1- кестеден барлық заттардың байланыс энергияларының ішінде индукциялық өзара әсерлесу энергиясының аз екендігі көрініп тұр. Полярлы молекулалалы заттардың бай ланыс энергияларының 3/4 немесе 1/2 бөлігі қатаң (жесткии) дипольдердің бағытталып өзара әсерлесу энергиясынан тұрады. Ал полярлы емес молекулалы заттардың байланыс энергиялары толығымен дисперсиялық өзара әсерлесу энергиясы болып табылады деп айтуға болады.
1.2 – кесте
Неон
|
........................1,9
|
Оттегі
|
............................8,2
|
Аргон
|
........................8,4
|
Көміртек окисі
|
............................8,4
|
Азот
|
........................6,6
|
Метан
|
............................10,8
|
1.2 - кестеде кейбір молекулалық кристалдардың Ван-дер-Ваальс күштері әсерінен пайда болған байланыс энергияларының мәндері келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |