Қатты денені алу процесі және әсіресе оны механикалық өңдеген кезде жарылулар түсуі мүмкін. Бұған беріктіліктің үлгі өлшеміне өте тәуелді екендігі дәлел бола алады, бұл тәуелділік үлгі өлшемі кішкене болған кезде айқынырақ көрінеді. Диаметрі шыны жіптің беріктілігі үлкен үлгілермен салыстырғанда 100 есе көп. Бұл үлгі өлшемі кемігенде онда беріктілікті азайтатын үлкен жарылулардың пайда болу ықтималдылығының кемитіндігімен түсіндіріледі. Осындай беріктіліктің үлгі өлшеміне тәуелділігі масштабты фактор деп аталады. Жарылулар өте көп мөлшердегі вакансиялардың қосылу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. 2.28- суретте жарылулардың пайда болуының дислокациялық механизмі көрсетілген. Бір таңбалы дислокация сырғанау жазықтығы бойымен орын ауыстыра отырып, өзінің жолында тосқауылға кездеседі де, осы тосқауылда бір-бірімен қосыла бастайды. Осындай қосылыстардың басында жарылуды тудыратын жоғары кернеу пайда болуы мүмкін.