2.14 в – суретте декорлау әдісі арқылы алынған кристалдарындағы винттік дислокацияның микрофотографиясы келтірілген. Бұл әдіс мөлдір кристалдар үшін қолданылады. Ол үшін дислокация ядросының жанына қоспа атомдарын орналастырады, осының нәтижесінде оптикалық микроскоп арқылы дислокацияны көруге болады. Бұл суреттер 2.10 және 2.12-суреттерде көрсетілген дислокацияның теориялық көзқарастарымен дәл сәйкес келеді деп айтуға болады. Дислокацияның кристалл бетіне шығуын өңдеу (травления) әдісімен іске асыруға болады. Кристалды алдын-ала арнайы таңдап алынған жолмен өңдегенде, ең алдымен өзгерістері көп тор бөліктерін өңдеуден бастау керек, себебі ол жердегі атомдардың артық энергиялары бар және олар химиялық активті. Осындай бөліктер дислокацияның кристалл бетіне шығатын орындары болып табылады. 2.15-суретте өңделген германийдің беттік қабатының суреті көрсетілген. Дәндердің шекарасында орналасқан қара дақтар дислокацияның шығатын жерлерін береді.