Оны 2.17-суретте кескінделген роликті модельден айқын көруге болады. Роликтердің төменгі қатарлардың ойыс жерлерінде орналасқан үстіңгі қатарында құрылым бұзылған: алдында 6 ролик орналасқан бөлігінде тек 5-ақ ролик орналасқан. Осындай бұзылушылық 1,2,4,5 роликтерді тепе-теңдік қалыпқа орналастыруға тырысатын күштердің пайда болуына алып келеді. 1, 5 және 2,4 роликтерге әсер етуші күштердің шамалары бірдей, ал бағыттары қарама-қарсы. Сондықтан, егер үстіңгі қатардағы роликтер бір-бірімен серпімді пружинамен қосылған болса, онда мен , мен күштер бір-бірін компенсациялайды да, жүйе тепе-теңдік күйде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |