Дислокация көздері. Кристалдарды беріктендіру. Нақты кристалдардағы дислокация балқыма немесе ерітіндіден оны алу процесі кезінде пайда болады. 2.19 а-суретте бір-біріне қарай өсетін екі блоктың шекаралары көрсетілген. Блоктар бір-біріне қатысты қандай да бір кішкене бұрышқа бұрылған. Блоктар өскенде біршама атомдық жазықтықтар бүкіл кристалл арқылы өтпейді және блоктар шекараларында бітеді.