Қатты денелер физикасы



бет146/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   252

, (3.3)

мұндағы  химиялық потенциал – ол (көлем тұрақты) бөлшектер саны бірге азайған кездегі оңашаланған жүйедегі энергияның өзгерісіне тең шама. Көп компонентті жүйелердегі химиялық тепе-теңдікті қарастырған Джозайя Гиббс (1839-1903 жж) бұл шаманы ғылымға енгізді.

Бөлшектерінің толық саны тұрақты жүйенің тепе-теңдік шартын қарастырайық, бірақ бөлшектер жүйе ішіндегі бір денеден екінші денеге ауысуы мүмкін (мысалы, екі түйіскен металда). Осы кезде: , , мұндағы және – бірінші және екінші дененің химиялық потенциалдары. Энергияның сақталу заңы , ендеше

(3.4)

Кез-келген жүйенің тепе-теңдікте болу шарты - олардың химиялық потенциалдарының теңдігі болып табылады.

Статистикалық тәсілде ұжымдағы әрбір бөлшектің күйі үш координата және импульстерінің үш проекцияларымен сипатталады. Бөлшектер санының көптігінен барлық бөлшектердің координаталары мен импультерінің проекцияларын беру мүмкін емес. Ұжымның жеке бөлшектерден айырмашылығы, ол-тұтас жүйе, сондықтан статистикалық заңдылыққа бағынады. Статистикалық заңдылықтың негізгі ерекшелігі оның ықтималдылығы. Статистикалық заңдылық тек қандай да бір оқиғаның болу ықтималдылығын ғана көрсетеді. Жүйедегі бөлшектер саны аз болған сайын, флуктуация соғұрлым айқын көрінеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет