Бұл тартылыстың пайда болуына сәйкес келеді. Соның салдарынан алмасу энергиясының абсолют шамасы А кулондық энергия К-дан жеткілікті дәрежеде көп болады, жүйенің энергиясының кемуі негізінен А есебінен болады. Сондықтан, атомдар арасында пайда болатын тартылыс күшін алмасу күші немесе алмасу энергиясы деп атайды. Сол себепті, болса, яғни антисимметриялы күй пайда болғанда жүйе энергиясы артады. Бұл тебіліс күшінің пайда болуына алып келеді.
1.7 –суретте пен -дің шамасына тәуелділігі кескінделген, мұндағы - атомдардың ара қашықтығы, - бірінші Бор орбитасының радиусы. Энергияның нөлдік деңгейін -ден бастап алу келісілген. Суреттен көрініп тұрғандай, антисимметриялы күйде жүйенің энергиясы атомдар жақындай бастағанда үзіліссіз түрде өседі, ол атомдардың бірін-бірі тебуіне сәйкес келеді (1 -қисық). Сондықтан, бұл күйде сутегі молекуласы түзіле алмайды. Симметриялы күйде кеміген сайын, жүйе энергиясы да алғашында кемиді және болғанда өзінің минималь мәніне жетеді. Ары қарай кеміген сайын энергия арта бастайды да, күшті тебіліс күштері пайда болады. Потенциалық энергия қисығында минимумның бар болуы орнықты жүйенің мүмкіндігін, яғни сутегі молекуласының пайда болуын көрсетеді. Бұл жүйені бұзу үшін потенциалық шұңқырдың тереңдігі -ке тең жұмыс жасау қажет.