Қазіргі кезде ыдырағыштық “тербелмелі кәрзеңке” деп аталатын приборда анықталады.
“Тербелмелі кәрзеңке” құрама кәрзеңкеден, термостат камерасынан, химиялық стаканнан және электроматордан тұрады. Электроматор кәрзеңкеге тік кеңістікте жиілігі минутына 28-32 әрі-бері қозғалыс береді. Құрама кәрзеңке диаметрі 90мм, қалыңдығы 24мм, 6 центрлес тесіктері бар 2 пластмасса дискіден құралған.
Тербелмелі кәрзеңке
Дискілердің тесіктеріне ұзындығы 77,5мм және ішкі диаметрі 21,5мм, қабырғасының қалыңдығы 2мм 6 шыны түтікшелер салынған. Төменгі дискінің төменгі бетінде тесіктерінің диаметрі 2мм тат баспайтын болаттан жасалынған сым тор ілінген.
Тербелмелі кәрзеңке
Анықтау алдында термостат камерасына органикалық шыныдан жасалған сақина салынады, ол химиялық стаканды ұстап тұрады және камераның 2/3 бөлігін тазартылған сумен толтырады. Жанастырушы термометрді термостат камерасының ішіне салып, қыздыру жүйесін іске қосады да, дәрінің осы түріне сәйкес мақалада көрсетілген уақыт аралығында анықтау жүргізіледі.
Таблеткалардың ыдырағыштығы
Барлық үлгілер толық ыдырап кетуі керек, оны дискінің торында бөлшектер қалмауы бойынша анықтайды. Егер 1 немесе 2 үлгі ыдырамаған болса, онда қайтадан 12 таблетканы тексереді. Бақылауға алынған 18 үлгінің кем дегенде 16-сы ыдырауы керек.
Таблеткалардың ыдырағыштығын анықтайтын аппарат
“Еру” деп стандартты жағдайларда белгілі уақыт аралығында қатты дозаланған дәрілік түрден ерітіндіге өтетін әсер етуші заттың мөлшерін айтады. Еру жылдамдығын анықтау үшін 545 АК-7 “айналмалы кәрзеңке” приборы немесе “Эрвека” фирмасының приборы қолданылады.