Атты халықаралық ғылыми конференцияға шақырамыз Өткізілетін уақыты



Дата28.01.2018
өлшемі46,38 Kb.
#35508
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткізілетін «Қазақ мәдениетінің құндылықтық тұғыры»

атты халықаралық ғылыми конференцияға шақырамыз
Өткізілетін уақыты: 2015 жылдың 3 сәуірі

Ұйымдастырушылар: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Конференция жұмысына ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Ғылым комитетінің, философия, саясаттану және дінтану институтының, Қазақстан жоғары оқу орындарының, жақын шетел ғалымдары, профессор-оқытушылар ұжымдары, магистранттар мен студенттер, Облыс және қала әкімдіктерінің, мәдени орталықтардың,білім беру мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ және жұртшылық өкілдері шақырылады.



Конференцияның мақсаты – қазақ мәдениетінің құндылықтық тұғыры мәселесіөзектілігін талқылау және қоғам дамуындағы мәдениеттің рухани-адамгершілік аясын қарастырып жаңа парадигмалық ізденістердің ғылыми-теориялық қырларынзерделеу.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Ұлттыққұндылықтар: салт-дәстүрлер мен рухани-адамгершілікің тіреуі.

  2. Мәдениет философиясының құндылықтық-дүниетанымдық және ғылыми-теориялық тұрғыдан зерделенуі.

  3. Жаһанданған әлем: қазақтың мәдени мұрасы әлемдік тарихи өлшемдік бірлікте.

  4. Халықтың білім беру дәстүрі және заманауи инновациялық технологиялар.

  5. Қазіргі қазақстандыққоғамның идеялық шоғырлануы.

Баяндама мәтіні редакцияланбайды және түпнұсқа болып қабылданады. Мәтіндердегі ақпараттардың шынайылығына авторлардың өздері толық жауапты болады. Ұйымдастыру комитеті белгіленген талаптарға немесе конференция тақырыбына сай келмейтін жұмыстарды қабылдамауға құқылы. Жарияланымға енгізілмеген материалдар авторға қайтарылмайды.

Баяндаманың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні Microsoft word мәтін редакторында, форматында Times New Roman шрифтімен 5 беттен аспайтындай көлемде ұсынылады. Жоларалық интервал – 1, таңба көлемі – 14, барлық жиегі – 2 см.

Баяндаманың тақырыбы жол ортасына қанық бас әріппен беріледі, бір жолдан кейін автор(лар)дың аты-жөн(дер)і, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, тағы бір жолдан кейін баяндамашының жұмыс (оқу) орны, қаласы, келген елі жазылады. Бұдан кейін курсив әріппен қазақша баяндамалар үшін резюме және summary, орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, алағылшын тіліндегілер үшін түйін және резюме беріледі. Бір жолдан соң негізгі мәтін жазылады. Негізгі мәттіннен соң пайдалану реті бойынша әдебиеттер тізімі беріледі. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшамен, үтірден кейін сілтеме беті көрсетіледі (мыс: [1, 15]).

Конференция материалдары мен қатысым өтініштері қағаз және электронды түрде yesbol-@mail.ru адресіне қабылданады. Файл атауы автордың аты-жөнімен аталуы тиіс және өтініш пен баяндама мәтіні бір файлда болуы қажет. Баяндама авторлары 3 адамнан аспауы керек.



Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Материалдарды қабылдаудың соңғы күні - 20.03.2015 ж.

Конференцияның материалдар жинағы конференция басталғанға дейін таратылмақшы.

Жарияланымның ұйымдастыру жарнасы 3000 тг. (16.5 $). Төлем туралы түбіртек материалмен қоса ұсынылады, немесе электронды поштаға сканер арқылы жіберіледі.

Банк реквизиттері: БИН 13 08 40 02 17 20, РНН 06 18 00 32 76 16, ИИК KZ 51 60 10 12 10 00 18 23 10.БИК HSBKKZKX АО «Народный банк Казахстана», Кбе – 16, ОКПО 52239911, ОКЭД 85420 (конференция жинағы үшін).

Конференцияға қатысты барлық шығындар қатысушылардың өз есебінен жүзеге асырылады.



Конференцияның өтетін орны: К. Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 030000, Ақтөбе қ., А. Молдагулова даңғ, 34

2015 ж. 3 сәуірінде, сағ. 9:00-ден 10-00-ге дейін қатысушыларды тіркеу.

Конференцияның басталуы сағ. 10-00-де.

Туындаған сұрақтар бойынша әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасымен хабарласуларыңызға боладыАқтөбе қ., А. Молдагулова даңғ, 348 (7132) 54- 45-52, 208 каб.

ӘСП кафедрасы меңгерушісі: фс.ғ.к. Сарсембин У.К. 8 771 763 27 84

Үйлестіруші:фс.ғ.к Муханбеткалиев Е.Е. yesbol-@mail.ru 8-701-661-84-78


Өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс (өтініш үлгісі мәтіннен кейін беріледі):

Автордың тегі мен аты-жөні; (толығымен)




Ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы;




Жұмыс орны мен қызметі;




Қаласы, елі




Пошталық мекенжайы




Байланыс телефоны (факс), электронды поштасы;




Баяндама атауы




Секциясы





Ұйымдастыру комитеті

«Қазақ мәдениетінің құндылықтық тұғыры» -

«Ценностные основания казахской культуры»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет