атты күзгі думан кеші
2014 – 2015 оқу жылы
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қаражар елді мекені
Қаражар орта мектебінің география пәнінің мұғалімі
Жұбаналина Нұрия Шоқанқызы
« Күрең күз – Алтын айнала »...
Қазақ биі 4-сынып оқушылары
1-жүргізуші: Табиғат! Жүрекке жылы, көңілге қонымды, терең мағыналы сөз, ұлағаты мол ұғым емес пе? Құстардың қалай әндетіп, өзендердің қалай сылдырлап ағатынын естімей өскен, күннің шапағына, қызығына қарамаған, күзде ағаштардың сан түске боялғанына таңырқамаған ұрпақтың ой - өрісі тар, қиял – сезімі қанатсыз болар еді. Қызыл іңірлі бояуымен көкжиекке ерте жағатын айналамызды алтынға айналдырған КҮЗ мезгілімен де қауышып жатырмыз.
2-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар, көрермендер. Бүгінгі өткелі отырған
«Күрең күз – Алтын айнала » атты күзгі бал кешіне, қош келіпсіздер! Бұл кеште сіздерге көтеріңкі көңіл – күй мен ұмытылмас әсер сыйлаймыз.Сіздерге күз мол берекелі
ырыс – несібесін, сары алтындай табысын ала келсін дегім келеді. Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегі мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Қабиева Айнұр апайға беріледі.
1-жүргізуші: Әділ – қазы мүшесі дайынсыз ба,
Әділ болшы осы кештін жайын бұзба.
Күзгі думан, салтанатты кешімізде,
Қара қылды қақ жаршы сайсымда - дей келе мың жылқының ішіндегі он жыл қысыр байталдай, сөздің семізін, турасын сөйлейтін әділ – қазы мүшелерімен таныстыра кетейін:
Әділ – қазы мүшелері:1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Қабиева Айнұр апай
2.Информатика пәнінің мұғалімі -Жұмағанбетов Бағдат ағай
3.Мектебіміздің психологы- Ермағанбетова Гүлден апай
4.Бастауыш сынып мұғалімі - Наурызғалиқызы Ақмаржан
2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық!
Күз келіп, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бұл айын.
Ханшайым тапқыр қыз болып,
Ағызар сөйлеп сөз майын.
Ал, ханымыз ақылды,
Барша жұртты шақырды.
Би де билеп, ән айтар,
Қуаныштан шалқытар – дей келе бүгінгі «Күрең күз – Алтын айнала » атты күзгі думанды бастауға рұқсат етсеңіздер құрметті көрермен қауым!
1-жүргізуші: Алмас та қылыш сынылмас,
Айқасқан жерден аршындап,
Қиялай тартып шаппаса.
Ақберен мылтық сыналмас,
Сығалай көздеп сұр мерген,
Асырымнан атпаса.
Сыналмайды ер жігіт,
Ерте де тұрып, кеш жатып,
Күнара зорға нәр татып,
Қабағы әбден қатпаса.
Сыналмайды ару қыз,
Ақ саусағы майысып,
Қыпша да белі қайысып,
Мейірім шашып көзімен,
Шуағын әркез шашпаса.
Жауатын бұлттай қаптаған,
Ойқастап барып бір тоқтаған.
Қатты да кетсе қайырылмас,
Басы да қатты Ақтабан – дегендей сұңқар құстай шүйлігіп, лашын құстай түйілетін тұлпарларымыз бүгінгі додаға сақадай сай тұр, ендеше алқалы топтың сәнін беріп, бабына түскен жүйріктей алысқа шапқалы тұрған, ортамызды шуаққа бөлегелі тұрған бүгінгі кештің ханзадасы мен ханшаларын қошеметпен қол соғып ортамызға яғни сахна төріне шақырайық. Ортаға ханзада мен ханшалар шығады.
1,2-жүргізуші: Ең алдымен сіздерді бұл кештің ханзадасы мен ханшасын анықтайтын бөлімдерімен таныстыра кетейік:
1 бөлім: Таныстыру;
2 бөлім: Өз өнерлерін сахна төріне алып шығу;
3 бөлім: Жеміс-жидектер
4 бөлім: Сөздің көркі мақал
5 бөлім: Күзгі вальс
6 бөлім: Тапсырма бізден орындау сізден
7 бөлім Кел, билейік баріміз
Мінекей, құрметті көрермендер кештің шарттары 6 бөлімнен тұрады екен.
1-жүргізуші:
І бөлім:
Күз – береке айы келіп, несібеміз толып тұр,
Ауылымызда жиі – жиі сайыс түрі болып тұр.
Қаражардың мектебінің ханы менен ханшасы,
Күзгі думан сайысына қатысқалы келіп тұр – деп кезекті І шарт таныстыру бөліміне береміз. Қатысушылар өздерін таныстырады.......
1-жүргізуші:
Таудан түскен бұлақтардай тез ағып,
Осы бір күй тұнып тұрған тазалық.
Жүректерге шуақтарын себелеп,
Көңілдерге шырақтарын жүр жағып.
Деп қаласың, сиқыр ма екен, күй ме екен!
Ағып келген шабыт деген сый ме екен.
Сөйлемейтін ауызымды сөйлетем,
Билемейтін аяғымды билетем.
Күй: 7-сынып оқушыларын «Бозтөбе» күйімен ортаға шақырамыз
2-жүргізуші:__V_бөлім'>2-жүргізуші: Шабады екен алысқа,
Түстің қызу жарысқа.
Ал, сәттілік тартынба,
Ұмтыл алға қалыспа – деп кезекті екінші бөлімге бергелі тұрмын.
Уақыттың сынағында шынықтырып,
Жаратқан талғамыңды биік қылып.
Өшпейтін жүрегіңнің жылуы ғой,
Жүргенде өз еліңе сүйікті ғып. ........................ әнімен Жаңабаева Аққуды сахна төріне шақырамыз. 10 сынып атынан ән шашу
1-жүргізуші:
ІІ бөлім:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халқым айтқан әрқашан,
Айтқан сөзі нанымды.
Сол шындықты көрейік,
Сөзіне көңіл бөлейік.
Өнерімен танысып,
Бағасын әділ берейік – деп сайысымыздың ІІ бөлімі «Өнерліге - өріс кең» атты
Өнер сайысына береміз.
2-жүргізуші:
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бірлік пенен білімділік қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын!
« Ақ кеме» әнімен Насыр Райымбекті ортаға шақырайық. 8 сынып атынан ән шашу
1-жүргізуші:
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес.
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.
Ағаш біткен дос болып тербеледі,
Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.
Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,
Бірнеше қол осынау жерде мені, - дей келе 11 сынып оқушылары «Келін керек» атты сахналық көрініс ала келіпті. Ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
ІІІ бөлім:
Көрсетер өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Ару қыздар бармақтары майысып. Келесі «Жеміске толы себетім» бөлімінде оқушыларға жеміс-жидектер беріледі осы жемістер арқылы өз ойларымен адемі бейне жасау.
1-жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Күзгі думан құтты болсын, ұстаздар,
Күзгі думан құтты болсын, ағайын – деген әнші оқушыларымызды Насыр Әлихан,..................«Қазақ жастары» әнімен ортаға шақырамыз.
1,2 -жүргізуші
Ата дәстүр абырой көтергенге
О,бұл сөздер сүйектен өтер демде
Тоқталамыз енді біз,ал халайық
Қанатты сөз,мақал мәтелдерге
1.Жүзің алтын болғанша....... Жүзің жарқын болсын
2. Білекті бірді жығар.......Білімді мыңды жығар
3.Атаңның баласы болма......адамның баласы бол
4.Шешен сөз бастар..... Батыр қол бастар
5.Ұлға отыз үйден тыйым..... Қызға қырық үйден тыйым
6.Әке көрген оқ жонар.....Шеше көрген тон пішер
7.Жақсы байқап сөйлейді.....Жаман шайқап сөйлейді
8.Әдепті бала-арлы бала........ әдепсіз бала сорлы бала
9.Жақсыдан үйрен.....жаманнан жирен
10.Балапан ұяда не көрсе ..........ұшқанда соны іледі
11.Қына тасқа бітеді.......ақыл басқа бітеді
12.Ата-бәйтерек......бала жапырақ
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қасы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп,ән саламыз-дей келе ортаға 3 сынып оқушысы ..............үнді биімен шақырамыз.
2-жүргізуші:
V бөлім
Ханзада мен ханшамыз өнерлі екен,
Білімді екен, әнші екен, биші екен.
Осылайша жан – жақты өнерлілер,
Жеңісті қолдан оңай бермейді екен.
Кетті ғой деп той тарқап,
Қызығы аз демеңдер.
Шығады олар ортаға,
Күзгі вальс биін көріңдер. Олай болса «Күзгі вальс» тамашалайық
1-жүргізуші:
VІ бөлім:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл – ойға кел дейді.
Білім – ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз!
Бұл бөлімімізде . Сайыскерлеріміз қағаздан ою өрнектерін бір қолмен қияды,содан кейін йогурт жеу ойыны көздері байланған күйде бір-біріне жегізеді.
2-жүргізуші:
VІІ бөлім.
Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз,
Қызығына қандық біз.
Молайтайық шаттықты,
Ән айтып, би билейік бәріміз- дей келе ортаға топтық би кезегіне кезек береміз.
1-жүргізуші:
Әділ-қазылар алқасы ұпай санын есептеп болғанша кезекті өнерлі оқушаларды ортаға шақырайық.
Көркіменен жаз жадырап,күліпті күз
Сұлулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған
Биімен айналады қылықты қыз. Ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.
2-жүргізуші:
Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге бірақ,көңілім сәл жасыды
Қалғытпа тек қысы-жазы жырымды
Жаз-ғұмырдың жүректегі жасыны- дей келе ортаға 10-сынып оқушысы Жаңабаева Аққуды «Сені ғана» әнімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Күздің салқын қоңыр желі еседі,
Күнім қайда жарқыраған кешегі.
Нөсерлетіп, боран шашып, жел үрлеп,
Қара суық тоңдырады өтеді.
Күзгі дауыл әрі тентек, әрі сал,
Кеудір қаңбақ құйынымен жарысар.
Күншуақта маужырайды жантайып,
Күз айлары - байлығы мол, сыры мол.
2-жүргізуші:
Өнерлерің таудай екен қарасам,
Жігерлер бар бойларыңда таласар.
Топтан озың жеңілмеңдер берілмең,
Озық шыққан тек сендерге жарасар.
Анау қырдан асып біеу кетті деу,
Белгіленген межесіне жетті деу.
Шаң жұқтырмай шашасына келіпті,
Дода ғой бұл озып шығар тек – біреу!
2-жүргізуші:
Мінекей, «Күрең күз – Алтын айнала» атты күзгі думанымыз да өз мәресіне жеткен сияқты. Әрине, дода болғасын, бәйге болғасын шашасына шаң жұқтырмай, топтан жеке дара үкіленген жүйрік озып шығатынын баршамызда білеміз. Бүгінгі доданың жүйрігі кім болғанын білгіміз келеді.Ендігі кезекте «Күзгі бал» кешінің жеңімпаздарын анықтайық. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз және әділ – қазы алқасына сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие неге егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңілдім деп жеңбедім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен – күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей келе бүгінгі «Күзгі бал» кешін аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Жеңісті күндерде жолыққанша сау болыңдар.
Қаражар ауылы, 2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |