Тақырыбы: «Наурыз –думан» кеші. Мақсаты



Дата07.07.2018
өлшемі31,97 Kb.
#48255


Малайсары жалпы орта білім беру

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна

Павлодар облысы, Май ауданы

Малайсары ауылы.
Тақырыбы: «Наурыз –думан» кеші.

Мақсаты: Оқушыларға наурыз мерекесінің салт-дәстүрлерін тани білу. Наурыз туралы білімдерін тереңдету. Салт-дәстүр мен әдеп –ғұрыпты сақтай білуге тәрбиелеу.

Ән: Ризагүл «Наурыз –думан» әнін орын-дайды.

/Залда музыка ойналады. Ұлдар күрек және талдарын, ал қыздар құрт, қоспа, ірімшік, ет, бауырсақ, т.б. тағамдарын алып, бас-тауға кетеді/.

«Бұлақ көзін ашу және он тал егу» көрінісі.

Сабыр /1- қария/: Күн шықпай тұрып, бұлақ көзін ашып, тал егейік.

/Күректерін алып, төңіректегі бастаулардың көзін ашады/.



Алишер /2- қария/: «Бұлақ көрсең көзін –аш» демекші, осы жерден су шығатын шығар. Ал кәнеки бастайық.

Баянбек /3 –қария/: «Бір тал кессең, он тал ек» -деген. Ендеше әрбіреуіміз бір-бір талы-мызды отырғызайық.. «Атаңнан мал қалған-ша тал қалсын» деген екен.

/бұлақ басына тал егеді/


/Күн шығады./

Қыз /Дария/: Апа, күн шығып келе жатқан сияқты.

Апалар: (хормен) «Армысың қайрымды Күн- Ана!,»- деп иіліп сәлем береді.

Армысың қайырымды, Күн - Ана!

Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!

Басымызға амандық,

Елімізге береке дарыта көр! Тәу – тәу!

Жыл басы келді, жаңғырта келді,

Тәу – тәу!

Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,

Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!

Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр!

Тәу – тәу!

/Әйелдер бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді/.

Назира: (әже) Бұлақ көзіне май құюды баста-йық. Кеудесі түкті жер-Ана, құт дарыт, жа-рылқа!

Жәмила: (апа) Ақ сүтпен өс талым. Ағаш бол- деп сүтті бүркиді. «Көк қаулап өссін, ақ мол болсын» - деп ырымдап,/ «Құтаю» рә-сімі бойынша жаңа бүрлеген шыбыққа ақ бүркеді./

Қыз: Апа, жаңағы сіздің жасағаныңыз қан-дай рәсім боп саналады?

Жәмила: Бұл балам, «Құтаю» рәсімі.
4- қария Жангелді: /Бата тілейді/. Ал енді батамды қабыл алыңдар.

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!



Алишер: Ауылға қайтып, Наурыз тойын тойлайық.
/Күн күркірейді, жаңбыр жауады./

Жангелді /қария/: жер бусанып, жаңа жыл енді.
Саумалық: 3 - сынып ұлдары мен қыздары залдың ар жағынан шығып, «Саумалық» әнін орындайды.

         /Наурыз айында жаң жыл еніп, жер бу-санып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүр-кірегенде ауыл адамдары далаға шығып сау-малық айтып, қуанышты көңілмен жақсы ті-лек тілейді./ Оны өлеңмен айтады:

         Саумалық, саумалық,

         Наурызшаның көк құсы,

         Ұйқыдан көзін ашты ма?

         Саумалық, саумалық,

         Самарқанның көк тасы,

         Жібіді ме көрдің бе?

         Саумалық, саумалық,

         Ескі жылы кетіп, жаңа жыл келді,.

         Ескі жыл есіркей кет,

         Жаңа жыл жарылқай кел,-

/деп бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды./

Аида:Саумалықтың салты бойынша ескі ыдысты сындырайық. Ыдысты сындырып, «қабақ сынды», «қайғы кетті» жамандықтың бәрі ескі жылмен кетсін. Жаңа жыл құтты болсын!

Айдана: Жоғары шығыңыздар. Қонақ болы-ңыздар.

Ералы: Наурыз құтты болсын!

Алишер: Өмір жасың ұзақ болсын! (Екеуі төс қағысып, бір-бірін құттықтайды)

Нұралы: Ұлыс бақты болсын!

Баянбек: Төрт түлік ақты болсын! (Екеуі төс қағысып, бір-бірін құттықтайды.)

Нурасыл:Ұлыс береке берсін!

Елдос: Пәле –жала жерге енсін! (Екеуі төс қағысып, бір-бірін құттықтайды.)

/Бір-бірін құттықтайды./
Мұхаммед –Али: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!

Ән: Сабыр мен Баянбек «Көктем келді» әнін шырқайды.
Сәуегей: Сәлеметсіздер ме, Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ризагүл: Сәуегей апа, сіз 7 дәнді шашып, осы жыл қандай болатынын болжап береді дейді. Бізге де болжап беріңізші.

Сәуегей: /7 дәнді шашып жіберіп, болашақ-ты болжайды/.

Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Негізінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жыл емес пе. Табыс көп түседі. ҰБТ демекші, оқушылар өте жақсы тапсырып, мектебіміздің оқушы-лары көптеген жетістік-терге жетеді екен. Көрші үйде көк өгіз сойылған көрінеді. Қазір балалардың маңдайларына күннің бейнесі салынатын көрінеді.



Ризагүл: Қандай тамаша! Сізге көп рахмет! Жоғары шығып қонақ болыңыз. Балалар сізге арнап «Алақай, Наурыз» әнін шырқап береді.
Ән: 1- сынып оқушылары «Алақай, Наурыз» әнін шырқайды.
Сұлушаш: Наурыз - көктем мерекесі

Наурыз - жыл басы құтты болсын!


Сіздердің өмірлеріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын.

Сәуегей: Е, бағана ғана айтып едім ғой. Көр-шілерін өзі де келіп қапты ғой.

Жақсы іс жасауға келіпсін. Басыңа Бақ бер-сін, Қыдыр дарысын!



Сұлушаш: Әмин! Рахмет.
Наурызнамада сойылған Көк өгіздің қанымен балалардың маңдайына күн бейнесін салғанда «Құты дарысын, сіңсін» - деп ырым етеді.

Мен де сіздердің балаларыңызға соны тілеп, маңдайларына күн салуға келдім.

Рұқсат болса.

Баян: Әрине рұқсат. Ал келіңдер, балалар.

Сұлушаш: /Сурет салып, «Құты дарысын, сіңсін» деп тілек айтады/.

Баян: /Пәле-жала, ауру-сырқау, реніш-қайғы өткен жылда қалсын, отпен жанып кетсін деп «Аластау» рәсімін жасайды./

Алас, алас
Алас, алас
Әр бәледен қалас
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті.
Айдан аман
Жылдан есен болайық!

Пәле-жала, ауру-сырқау, реніш-қайғы өткен жылда қалсын, отпен жанып кет-сін.

БИ: мектепалды даярлық тобының орындауында «Түрік» биін тамашалаңыз-дар.

/Би аяқталған кезде бір бала атпен шауып келе жатып, сүйінші деп айқайлап, ата мен әжеден сүйінші сұрайды/
Нұрсұлтан: Сүйінші әже, сүйінші!

Бөпем келді дүниеге. 
Сүйінші ата, сүйінші!
Батыр келді өмірге. 

Әжелер: Айналайын бақытты болсын! Бауы берік болсын! деп тілектер айтады.
Ата: Ал, балам бақытты бол, үлкен азамат бол.
Баланың құлағына «Сенің атың - Наурызбай» 3 рет айтады.
Әже: Баланы қолына алып бесікке салады.
Аулым көшіп барады, 
Алмалыға кім көнбейді
Тағдырдың салғанына –ай
Әй-әй бөпем, кейін қалған елімді -2рет
Көрер мекен-ай. 

Ризагүл: Нұрсат, ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен деп ойлайсың?

Нұрсат: Меніңше, жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.

Ризагүл: Иә, дұрыс айтасын.

Нұрсат: Айтқандай, жеті жігіт Қыдыр атамен бірге шырақ жағып, ауылды ара-лап келе жатқан көрінеді.

«Жеті шырақ» көрінісі. 
Жеті жігіт шырақ алып шығады.Орталарына Қыдыр ата келеді.Олар Қыдыр атаны жерге жеткенше басын иіп. Қазақша көкірегіне қолын қойып сәлем етіп, қарсы алады. 
Қыдыр ата: Армысыңдар, жәмиғат!

Қария : Төрге шығыңыз. Қонақ болыңыз.

Қыдыр ата бата береді: 
Жарқыра, жайна Наурызым, 
Қабағы жаудың түйілсін. 
Береке-байлық –дәм-тұзың, 
Халқыма мәңгі бұйырсын!
Ризагүл: Қыдыр ата, мектепалды даярлық тобы сізге арнап би дайындапты. Өнерлерін тамашалайық.

Қыдыр ата: Бәрекелді! Өркендерің өссін!

Ал енді осы «Наурыз белгілері» туралы не білесіңдер?


1-сынып: Біз білеміз деп ортаға шығады.

НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ:

Толқын: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сат-пайды. «Наурыз төл» деп атайды. 
Айзат: Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурызкөк». 
Нұрасыл: «Наурыз шешек» - өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген. Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған. Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі 
Исмаил: «Наурыз тілек.» Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады. 
Қанағат: «Наурызнама»- шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен бол-сын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, па-луан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.
Айым: «Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақыр-ғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі. 


Дария: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн - көктем.

Жарығымен, шуағымен күн - ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.



Бекзат: Қош келдің, Науырызым ардақты

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе берсін жасарып,

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.



Қыдыр ата: Жарайсыңдар, балғындарым!

         Өркендерің өссін!   Әр күндерің Наурыз күніндей берекелі болсын!



Ризагүл: Құрметті Қыдыр ата, қонақтар 2 «А» сынып ұлдарының «Қырғыз» биін көріп тамашалаңыздар.

Қыдыр ата: Жарайсыңдар!
Ризагүл: Сабыр сен арқан тартысып көрдің бе?

Сабыр: Әрине, мен арқан тартысып көрдім. Батыр атағын алғанмын.

Ризагүл: Қойшы. Сен бе?

Сабыр: Сенбесең қазір соған көзін жетеді. Әр топқа бес-бес ойыншыдан шақы-рамын. «Арқан тартысу.

«Білектесу»

Қарама – қарсы отырған екі ұл бала оң қолдарынының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Білегі жығылған палуан жеңіледі.


Ән: Даярлық тобы.

Ризагүл: Баянбек, сен осы наурыз көжені неден дайындайтынын білесің бе?

Баянбек: Иә, білемін.

Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықылас-пен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

Баянбек: Ризагүл, қайда кетті өзі? Көже әке-луге кеткен ғой.

Би: Қыздар билеп шығады.
/Наурыз көже таратылып беріледі./

Ән: 4-сынып оқушысы Жангелді «Дастар-хан» әнін орындайды.

Би: Грузин елінің биін 3-сынып оқушылары орындайды.

Мұхаммед-Али: Қыдыр ата, батаңызды бе-ресіз бе?

Қыдыр ата: (қолың жайып)
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді.)

Ал балалар, қош сау болыңыздар!



Хормен: Сау болыңыз. /3 рет қайталанады./

Ән: Аида орындауында «Көктем» әні.

Мухаммед-Али:

Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік. 
Келер Наурыз тойына!
Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей берсін!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет