Түйіндеу Еңбекқор адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Еңбекқорлық адамды шыдамдылыққа, табандылыққа, ұқыптылыққа, мақсат қоюға, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге және шығармашылыққа жетелейді.
Мәтінмен жұмыс В. А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін оқып беру. Балалардың түсініктерін байқау үшін сұрақтар қою:
- Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
- «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?