Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет211/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
ӘОЖ:372.8 
 
«НАНОМАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ НАНОХИМИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ ОТАНДЫҚ 
ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ЖОО-ДАҒЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Г.Ж.Жұмабаева, М.К.Калабаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматық, Қазақстан, 
gulmaral.zhumabayeva@mail.ru
 
Аннотация:
В статье рассмотрены цель обучения специальности» Наноматериалы и нанохимия " и 
результаты обучения. Изложены особенности преподавания данной специальности в нескольких вузах страны и 
зарубежья, а также цели преподавания курса «общая и неорганическая химия». 
Түйінді сөздер:
нанотехнология, нанохимия, наноматериалдар, міндетті пәндер, жалпы және 
бейорганикалық химия, бағдарлама, университет. 
Қазіргі таңда жоғары мектеп курстарын оқытуда жаңаша әдістерді пайдалану арқылы 
студенттердің білімін және білімдерін практикада қолдана алуын қамтамасыз ету маңызды 
мәселелердің бірі болып отыр. Студенттерді маман етіп даярлау, оларды мамандықтары бойынша 
өзіндік оқыту әдістерін қолдану арқылы оқыту үлкен жетістіктерге жеткізетіні анық. Сондай-ақ, 
университеттерде химияны оқыту әдістемесін толықтай қарастыру арқылы және химияны оқыту 
курсының мазмұнына талдау жасай отырып, әрбір мамандықтың оқу курстарын дұрыс ұйымдастыру 
қажет. 
Соңғы жылдары нанотехнология саласы тек академиялық ортада ғана емес, сондай-ақ 
жоғары оқу орындарында да оқытуымен ерекшеленеді.Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында 
«Наноматериалдар және нанохимия» мамандығын оқыту жүзеге асырылуда. Демек бұл мамандықты 
оқытудың негізгі мақсатына тоқталатын болсақ: нанохимия саласында тәжірибелер орындау арқылы 
және дамып келе жатқан заманауи технологияларға бейімделген наноматериалдарды даярлау үшін 
білімді әрі кәсіби жетілген сапалы мамандарды даярлау. 
Бұл мамандықты оқыту барысында білім беру бағдарламасы мынадай бағыттар бойынша 
іске асады: 
- ғылыми зерттеулер;
- озық және жоғары технологиялар үшін жаңа материалдарды жасау;
-нанохимия және нанохимияны жобалау, салу және жаңғырту [1]. 
Жоғары оқу орындарында «Наноматериалдар және нанохимия» мамандығын оқыту 
нәтижелері: жаратылыстану пәндері мен химия ғылым саласының нақты заңдары мен теорияларын, 
сондай-ақ нанометрлік заттардың химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеру механизмдерін 
түсіну; наноматериалдарды пайдаланудың негізгі практикалык бағыттарын жіктеп көрсету және т.б. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 6В05311-«Наноматериалдар және 
нанохимия» мамандығы үш тілде және 6B05305-«Физика және нанотехнология» мамандығы 
ағылшын тілінде оқытылады. «Наноматериалдар және нанохимия»мамандығын оқытудың маңызы: 
химиядағы наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы, қарқынды дамып келе жатқан 
заманауи технологияларға бейімделген, шығармашылық ойлау қабілеті бар мамандарды сапалы 
дайындау:
- нанотехнологияның негізгі принциптері мен әдістерін түсінуді талап ететін мәселелерді 
шешу;
- қажетті қасиеттері мен наноқұрылымы бар материалдарды алу үшін наноғылымның 
жетістіктерін талдау;


191
- наноматериалдар және нанотехнологиялар бағытында ғылыми және қолданбалы 
зерттеулер жүргізу;
- есептерді, рецензияларды және басқа құжаттамаларды жазу үшін ғылыми зерттеулердің 
нәтижелерін негізді ұсыну. «Жалпы және бейорганикалық химия» курсы 1 оқу жылының, 1-ші 
семестрінде оқытылады. 
«Физика және нанотехнология» мамандығын оқытудың маңызы – физика және 
нанотехнология саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызмет саласында жұмыс істей 
алатын және ғылыми-техникалық аудармаларды сауатты істей алатын бәсекеге қабілетті 
мамандарды, аналитикалық ғылыми ойлау және ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген 
бакалаврларды дайындау.
 
Орталық Азия Университетінде 6В07115 «Наноматериалдар және нанотехнологиялар 
(қолдану салалары бойынша)» бағдарламасы бойынша үш тілде оқытылады. Бағдарламаның мақсаты 
– болашақ студенттерді наноғылым негіздерімен таныстыру, оның даму деңгейін талдау, 
нанотехнологияларды практикалық қолдану нәтижелерін, әсіресе энергетикалық секторда, оның 
кәсіби және кәсіби мамандарды даярлау жүйесіндегі орны мен рөлін қарастыру және ақпараттық 
технологияның көмегімен жаңа білім мен біліктерді өз бетінше игеріп, практикалық іс-әрекетте 
қолдану қабілетін қалыптастыру. 
Бөкетов атындағы ҚарМУ 6В07202-«Фармацевтикалық инженерия және нанотехнология» 
мамандығы орыс және қазақ тілдерінде оқытылады. «Бейорганикалық және жалпы химия негіздері» 
пәні 1-ші оқу жылының 1-ші семестірінде оқытылады[2]. 
Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университетінде 
«Талшықты материалдардың химиялық, био және нанотехнологиясы» мамандығын оқу барысында 
студенттер аналитикалық химия және талдаудың физика-химиялық әдістері, жалпы химиялық 
технология, бояғыштар химиясы және бояу теориясы саласында кәсіптік құзыреттер алады, тоқыма 
материалдарының химиялық технологиясы, химиядағы биотехнологиялық процестер саласында білім 
мен дағдыларды меңгереді[3]. 
Елімізде «Наноматериалдар және нанохимия» мамандығы бакалаврда көп 
универлерде оқытылмайды, яғни, жоғары оқу орындарында «нанотехнология» жаңа оқыту 
бағдарламасы болып еніп жатыр. Алайда осы оқыту бағдарламасы магистрлерді дайындауда 
елімізде бірнеше жоғары оқу орындарында оқытылып жатыр. Ал шетелдік ЖОО-да 
«нанотехнология» оқыту бағдарламасы біршама дамыған, сондай-ақ, «жалпы және 
бейорганикалых химия» курсы тек кейбір мамандықтарында ғана оқытылады. 
 
«Нанотехнология және наноматериалдар» білім беру бағдарламасы бойынша 
Қазақстанда КазНУ-да, Орталық Азия университетінде және ҚарМУ-да бакалаврлар 
дайындайды, сондай-ақ КазНУ, КБТУ, ТарГУ, КарГУ, ЕНУ және т.б университеттерде 
магистрлер дайындайды. Россияда «Наноматериалдар»(28.03.03, бакалавр) білім беру 
бағдарламасы бойынша 10 университетте, «Нанотехнологиялар және микрожүйелік 
инженерия» (28.03.01) мамандығы 17 университетте оқытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет