Кілт сөздер
: жаңартылған білім беру, құндылық, әдіс-тәсілдер, тәрбие, білім беру
«Өмір бойы білім алу – әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет.»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Жаңартылған білім беру мазмұны –білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын,
оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық
сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және
зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру-жаңартылған білім мазмұнын енгізудің
нәтижесі болуы керек.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманауи технологиялар мен
қазақстандық білім берудің үздік практикасын біріктіруге бағытталған.
Қазіргі заман талаптарына сай қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен
дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектелмей, белсенді және шығармашыл
ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Білім мазмұнын
жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім
көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдаланған дұрыс»,-деп
Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне
сай болуы керек.
Жаңартылған сабаққа қойылатын мақсат-міндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке
тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда білімді оқушыны қалыптастыруға мынадай
мақсаттар қойылып отыр:
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету;
Бір-бірінің білімін бағалауға;
Жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу;
246
Тез әрі нақты ойлап,дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық
дағдыларын дамыту:
Талабын ұштап, қиялын дамыту.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
оқыту білім сапасын көтеруге үлкен ықпалын тигізеді. Мен оқу сапасын көтеру үшін келесідей оқыту
әдістерін ұсынамын:
Құндылықты-бағдарланған тәсіл
-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-
тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар
құруды көздейді.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл
— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның
тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық,
шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа
шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл—
оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына
бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл
-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу
дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп,
туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл-
оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің
мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға
жәрдемдеседі.Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік
салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тәсілі
— зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен
танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс
– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп
танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Оқыту барысында пікірталасқа
негізделген және оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді
қолдану тиімде екенін көрсетеді.
«Ой қозғау» әдісі
- қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар
білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-
өрісін дамытады, пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп,
талқылау жұмысы болады. Жаңа білімді меңгерту алдында осы әдіс бойынша сұрақ қоя отырып жаңа
сабақтың тақырыбын ашуға болады.
«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)
- тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ
оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушыны бір-
біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Оқушылар
арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің
астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
«Серпілген сауал» әдісі
-Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын
дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы,
“Егер автордың орнында болсаң оқиғаны қалай аяқтар едің?”,“Сен бұл пікірге қосыласың ба?
Неліктен? Дәлелде!», “Кейіпкердің бұл әрекетін қазіргі өмірмен қалай байланыстыруға болады?”
«Сандар құпиясы»
- алдымен бейнежазбаға жанды сұрақ дайындайсыз, сол жазбаңызды
Power Point программасына гиперсылкамен сандардың артына орналастырып, оқушылардың таңдауы
арқылы ашыңыз. Оқушы жауабынан кейін дайын дұрыс жауаппен салыстырыңыз. Оқуға
қызығушылығы артады, белсенді араласады,тыңдалымайтылым дағдысы қалыптасады.
«
Жарнама!» әдісі
- әртоптан бір оқушы таңдалады. Алдын –ала сабаққа қатысты жазылған
бір сөзді конверттен таңдайды да, сөздің өзін атамай түсіндіреді. Сөзді тапқан бірінші адам
конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді. Өткен сабақ бойынша берілген
ақпаратты еске түсіреді, жауапкершілік артады.
«Кэррол диаграммасы» әдісі
-Бұл әдіс топта, жұпта, жеке орындауға ыңғайлы. Сабақ
басында немесе сабақ соңында кешегі, бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау
мақсатында қолдануға болады. Барлық пәнге ыңғайлы.
Қорытындылай келе, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім
алуына, дүниетанымын ұлғайтуға өз ықпалын тигізеді. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы
247
ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы
болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта
алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор.Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың
қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір
технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |