Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет289/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Кілтті сөздер
. Химиялық білім беру, химия курсы, ақпараттық технология, инженерлік мамандық, 
инновациялық әдістер,металдар, химиялық процестер. 
Қазіргі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі 
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында 
қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және 
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Болашақ мамандарға қоғам талабына сай 
тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық 
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. 
Жоғары техникалық оқу орындарында инженерлік мамандықтарға химиялық білім берудің 
маңызы өте үлкен рөл атқарады. Себебі, білім алушылар мектеп қабырғасында жүргенде физика 
пәнін таңдаса, химия пәніне аса мән беріп, қызығушылық танытпайды, соның нәтижесінде 
студенттердің химиялық білімі көп жағдайда төмен болып келеді.
Осы жағдайларды ескере отырып, 
1-курс студенттерінің химиядан білімін көтеру үшін, олардың оқытушының бақылауымен өзіндік 
жұмыстардағы белсенділігін арттыру өте қажет.
Қазіргі жеке ғылым салалары қарыштап дамуда, кейбір топшылауларға қарағанда, әр 7−10 
жылда ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен.Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын қайта 
қарап, жаңалықтармен толықтырып отыруды қажет етеді. 
Химиялық білім беру Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу 
университетінде әртүрлі бағытта жүргізіледі және зертханалық жұмыстарды жасау барысында әрбір 
студенттің шығармашылық жағынан ізденуіне, химияны оқуда ұжымдық талпынысына, негізделген. 
Студенттердің дәріс алуы, зертханалық жұмыстарды жасауы және оқытушымен өзіндік жұмыс 
кезінде алған теориялық білімдері өндірісте қолдануына мүмкіндік береді. Студент жұмысты істеу
барысында алған білімін басқа пәндермен байланыстыру арқылы және қажет болған жағдайда кейбір 
ақпараттарды оқулықтан және анықтамалық әдебиеттерден іздеп тауып, қажетіне жаратады. 
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Химиялық процесстер 
және өнеркәсіптік экология» кафедрасында қазіргі заман талабына сай, соңғы үлгіде зертханалық 
жұмыстар жаңаланып, бірнеше зертханалық жұмыстар қойылып, соған сәйкес әдістемелік 
нұсқаулар жазылуда. Бүгінгі күнгі білім ордалары – техникалық жоғары оқу орындарының басты 
міндеті мен мақсаты жақсы адам – білікті инженер мамандарды дайындау екендігі даусыз
.
Заман 
талабы өзгерген сайын жоғары техникалық оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та 
өзгереді.
Химия ғылымының өнеркәсіпте қолданысы сан-алуан, химия әдістерінің көмегімен - 
металдарды кеннен өндіреді, азық-түлікті сақтау мерзімін арттырады, киім тігетін 
синтетикалық маталарды өндіреді, бояғыш заттарды өндіреді, бензинді мұнайдан бөліп 
алады, резинаны мұнайдан синтездейді, пластмассаларды өндіреді, дәрі- дәрмектер 
шығарады. 
Химияның басты міндеттерінің қатарына табиғатта кездеспейтін жаңа заттарды 
қолданып синтездеп алу жатады. Химиялық жолмен көптеген жасанды жаңа заттар алынып, 
олар шаруашылықтың сан түрлі саласында, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады. 


251
Солардың қатарында өзімізге таныс мұнай өндірісі саласында жанар-жағар майлар үшін 
ғана емес, пластмассалар, синтездік талшықтар, дәрі-дәрмектер, бояулар бар. Бұл дегеніміз 
мұнай, геология саласында білім алушыларға химиялық білім беру өте маңызды 
боп саналады. Сол сияқты, тау-кен, металлургия саласында оқитын студенттерге де 
химиялық білім өте қажет.
Металдар кен орнынан химиялық әдіспен алынады, химия өнімдері бұл салада көптеп 
қолданылады. Мартен пештерде, конверторда, электр пештерінде оттегін пайдалану еңбек 
өнімділігін арттырып, алынатын металдың сапасын жақсартады. Жоғары температурада 
оттегін үрлеп, шойын қорытқанда еңбек өнімділігі 30 пайызға артады, кокс 40% аз 
жұмсалады. Химия техниканың өркендеп дамуынада да, адамдардың тұрмысының 
жақсаруына да зор үлес қосады. Химияның міндеті-заттарды қолдану үшін қасиеттерін 
айқындау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды 
орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу 
әдістері, аса маңызды өндірістік, өнеркәсіптік мәні бар ғылымға айналды. 
Химия ғылымының қоғамдағы практикалық мәселелерді, табиғат дамуы туралы 
материалдық көзқарастарды шешу мен жаңа заттар, дәрі-дәрмек, энергия мен отынның жаңа 
көздерін табу, тағы басқа адамзат қажетіне керекті көптеген заттар алуда маңызы 
зор.Заттарды қолдану үшін қасиеттерін анықтау, адамдардың сұранысына қажет жаңа 
химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.л 
заттарды алуда химия ғылымының рөлі зор. Бұлстуденттердің ғылым негіздерінен алған 
білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс практикасымен ұштастыру арқылы жүзеге асып. 
политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Осы мәселелерді жүзеге асыру үшін 
студенттер химиядан .алған теориялық білімін семинар сабақтарында да есептер шығарып
қолдана білуі тиіс.Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі 
кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады. 
Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және 
қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген:мазмұнның 
тұтастығы, ғылыми дәлдігі және құндылығы, білім алушылардың мамандықтарына сай 
келуі, силлабустағы сағат санының ескерілуі, халықаралық стандартпен үйлесімділігі. 
Химияның негізгі жүйелі курсы деңгейінде білім алуға жоғары техникалық оқу 
орнындағы барлық мамандықтың студенттері міндетті. Химияның жүйелі курсының 
теориялық мазмұны электрондық теорияның элементі кіретін атом мен молекулалар, 
химиялық элементтердің периодтық жүйесі туралы жалпы ұғымдардан тұрады. Периодтық 
жүйенің заңдылықтарына сүйеніп, ең маңызды металдар және бейметалдар, олардың 
қосылыстарының қасиеттері қарастырылады.
Химико-технологиялық, биотехнология және экология мамандықтарының 
студенттері үшін химиялық білім негізгі жүйелік курс деңгейінде қалып, курстар есебінде 
физикалық химия, химиялық технология, аналитикалық химия, және т.б. химияның маңызды 
салалары оқылады. 
Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін 
бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық 
болжаулар әдістері деп жіктейді. 
Бұған жататындар: студенттердің эксперименті, (зертханалық жұмыстар, эксперимент 
тәжірибелер), химиялық есептер шығару және жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, 
графикалық жұмыстарды орындау. Осының барлығыстуденттердің өздігінен жұмыс істейтін 
жұмыстары, оны жаппай, топпен және жеке түрде ұйымдастыруға болады. Студенттер 
жасаған эксперименттер заттар мен химиялық реакцияларды таңып білудің негізгі құралы 
болып, осының негізінде білім алушылар заттардың құрылысы мен қасиеттерінің 
арасындағы тәуелділікті, заттардың генетикалық байланысын, химиялық құбылыстардың 
мәнісін түсінеді,сарамандық біліктер мен дағдылар алады. 
Зертханалық жұмыстардың мақсаты – жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде 
игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып −үйрену сабақтарында жасалады. 


252
Химияның сарамандық жұмыстары оқушылардың білімін нығайтумен бірге эксперименттік 
біліктер мен дағдылар қалыптастырады. 
Химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын студенттермен жүргізілетін жұмыстар 
да бар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, 
ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен 
көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді 
шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады.
Химиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны оқу бағдарламаларында, оқулықтарда және 
химия бойынша оқу құралдарында бекітілген. Қоғамның үнемі дамуы қоғам алға қойған талаптарға 
сәйкес білім берудің мақсаттары мен мазмұнын мезгіл-мезгіл қайта қарауға алып келеді. Әдістеме 
оқытудың сәйкес әдістерін жасап, оқытудың оңтайлы және тиімді құралдары, әдістері мен 
формаларын ұсынуы керек. Бұл мәселені шешу келесі сұраққа жауап береді: «Қалай оқыту керек?». 
Бұл проблема ең алдымен химияны оқытумен байланысты. Оқыту дегеніміз – студенттерге химиялық 
ақпараттар беруге, оқу үрдісін ұйымдастыруға, олардың танымдық іс-әрекеттерін басшылыққа алуға, 
практикалық дағдыларды дарытуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ғылыми 
дүниетанымның негіздерін қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің қызметі. 
Осы әдістеме негізінде «Химия» пәні міндетті пән болғандықтан, алдымен оқу жұмыс 
бағдарламасы құрылады. Оқу жұмыс бағдарламасы алғы сөзден, мазмұннан, әдебиеттер тізімінен 
тұрады.
Оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жұмыс бағдарламасы, студенттерге арналған силлибус, 
және пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылды. 
Аудиториялық сағат санының бөлінуі: дәріс – 15 сағат, 15-зертханалық, 15-практикалық 
сабақ. 
Атом құрылысы тақырыбын қазіргі жүйе жағдайында тереңдетіп беруді іске асыру 
әдістемесін құрып көрейік. Осы тақырып бойынша алдымен студент бойында қалыптасуға тиіс 
түсініктерді қарастырамыз, ол төмендегі 1-кестеде көрсетілген. 
Кредиттік оқыту жүйесінде аудиториялық сағат пен өзіндік жұмысқа бөлінген сағат саны 
арасындағы қатынас 1:2 қатынасындай болады. 
Кесте-1. Атом құрылысы тақырыбы бойынша қалыптасатын түсініктердің салыстырмалы 
сипаттамасы 
1-курста меңгерілетін түсініктер 
Жаңа қалыптасатын түсінік 
Атом құрылысының күрделілігі 
Э.Резерфорд, Н.Бор теориялары 
Радиоактивтілік. Радиоактивтілік элементтер А.Беккерель. Өздігінен сәуле шығару құбылысы. 
Уран рудалары 
Квант механика тұрғысынан атом құрылысы 
Микорбөлшектер бір мезгілде әрі материалдық 
бөлшектің, әрі толқынның қасиеттерін көрсете 
алады 
Квант сандары 
Бас квант саны-n 
Орбиталь квант саны-l 
Магнит квант саны-m

Спин квант саны –m

Клечковский ережесі 
Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерде бас 
және қосымша квант сандары қосындысының өсу 
ретімен орналасады 
Химиялық 
элементтер 
қасиеттерінің 
периодты түрде өзгеруі 
Атомдар радиусы, иондану энегиясы, электрон 
қосыпалғыштық энергиясы, электртерістік. 


253
Студенттерді белсендіріп, дербестік деңгейін көтері үшін оқытудың интерактивті әдістерін, 
ақпараттық технологияларды, слайд-лекцияларды, мультимедиялық презентацияны,электрондық 
оқулықтарды қолданған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет