Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет323/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

ӘОЖ:
31.01.45 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
В.А.Саип, Р.Г.Рыскалиева 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
химия және химиялық технология факультеті, Алматы қаласы, Қазақстан, 
venera.saip@mail.ru 
 
Аннотация.
В статье рассматривается, что основным фактором развития позновательных интересов 
учащихся является не только уровень их знаний и умений, но и организация учебного процесса, позволяющая 
сформировать у ученика важные психические функции, способы умственной работы. 
Кілт сөздер:
шығармашылық ізденіс, танымдық қызығушылық, оқу мазмұны, тәрбие әдістері, 
белсенділік, таным, педагогикалық технология, өзін-өзі тәрбиелеу, шығармашылық қабілет. 
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен 
мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан – 
жақты жетілген
, ақыл – парасаты мол, 
ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр 
мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді.
Оқушылардың 
танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі 
ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының 
тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою. Оқушының шығармашылық 
қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, 
оны білім алушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың 
дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, студенттердің 
пәнге қызығушылығын арттыра отырып, дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы 
тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. 
Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я.А. 
Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А.Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX 
ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде 
адам белсенділігінің мәнін әдіснамалық бағалаушылықпен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, 
И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев) [1, 6 б]. 
Көбінесе балардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып 
көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Әр түрлі ойын баланың дүниетанымын 
кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп 
жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және 
достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. Қарым-
қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың 
даму барысында таным белсенділігі артады [2, 17 б]. 


280
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің 
ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми 
ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге 
үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің 
теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты [3, 186 б]. 
Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын 
алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып, әр түрлі әрекет 
жасайды. 
Мектеп оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Олар 
оқулықтағы тақырыптарды бір сарынды оқудан тез жалығады. [4, 11 б]. 
Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен 
саналы тәрбие беруде көп еңбектенген жөн. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын 
оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай 
жасау әр оқытушының міндеті. Сондықтан да әр сабақты қызықты, өзгеше өткізу үшін, пән бойынша 
көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Есептер шығару, түрлендіру мен зерттеу әдістерінің 
қызықтарын үнемі ерекше атап өткен жөн. Әр сабаққа өзіндік сипат беретін элементтер қосу арқылы 
жаңаша құру, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану, көрнекіліктерді, тапсырманың алуан 
түрін қолдану арқылы түрлендіру қажет.
Осы орайда Алматы қаласындағы №
19 мектеп-лицейіндегі 
8-сынып оқушыларымен
өткізілген химия сабағында олардың танымдық шығармашылық белсенділіктерін арттыру 
мақсатында бірнеше педагогикалық технологияларды қолданып, сабақ өткізіп көрдік. Соның ішінде, 
әрине барлық технологиялардың өзіндік артықшылықтары, ерекшеліктері бар, дегенмен ойын 
технологиясын пайдаланып өткізілген сабақтардың өзіндік оң нәтижесі болды.
8-сынып 
оқушыларымен 
сабақты 
ойын 
технологиясы 
арқылы 
өтудің 
бірнеше 
артықшылықтары болды: 

оқушылардың арасында ұжымдық қарым-қатынастың орнауы;

оқушылар арасында ұйымшылдықтың болуы және бір-біріне көмек қолын созуға асығуы;

оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауы;

бір-біріне деген сенімнің артуы;

тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда жауапкершіліктің пайда болуы; 

сабаққа қатысуда белсенділіктің артуы;

оқушылардың шығармашылық жағынан дамуы және өздерін жақсы жағынан көрсетуге 
тырысуы. 
Ойын технологияларын қолдану нәтижесінде алынған тағы бір маңызды нәтиже - оқушылардың 
өтілген тақырыптар бойынша білімдерін бекітуі. Тапсырмаларды ойын түрінде орындай отырып, 
балалардың дәстүрлі сабақ өтуге қарағанда оқу материалын есте сақтауы әлдеқайда тиімді екендігі 
анықталды. Айта кету керек, сыныптағы оқушылар ерітінділер тақырыбын толықтай меңгеріп, аз 
еритін және ерімейтін ерітінділерді, қаныққан және қанықпаған ерітінділерді, концентрлі және 
сұйылтылған ерітінділерді жақсы ажырата алды және массалық үлес, концентрацияға байланысты 
есептерді шығаруды үйренді [5, 5 б]. 
Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылыс жағдайы, 
сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да 
сондай болады деген қорытындылар жасалынды. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу 
белсенділігінің мәні ерекше.
Зерттеу барысында алынған тағы бір маңызды нәтиже - балалардың жеке қасиеттерін, ең 
алдымен есте сақтау, назар аудару, ойлау қабілеттерін белсендіру болды. Балалар тапсырмаларды 
орындауға мұқият қарай бастады, жауаптарға асықпады, керісінше мүмкін нұсқаларды талдап, дұрыс 
таңдауды, оны химия туралы қолда бар біліммен дәлелдей бастады.
 
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес 
ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмысының барысында сана сезімін ояту, өз бетінше жұмыс 
істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті. 
Әр мұғалім алдына қойған мақсатқа жету үшін 
тобының деңгейін, білімдерін көтеруге, шыңдауға тырысады.
[6, 34 б]. 
Қазір оқыту әдістемесінде сабақты оқушыға меңгертуде, оқушылардың білімін тексеруде, 
өздігінен орындайтын жұмыстарда оқушылардың қабілеттерін жеке-жеке есепке ала отырып, саралау 
кеңінен қолданылуда. 


281
Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке 
тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де жаңа технология бойынша әдістемелік 
жүйенің басты бөлігі – оқыту мақсаты болып табылады 
[7, 29 б]. 
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының 
нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда 
мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, 
білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. 
Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға 
қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, 
адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық 
белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. 
Қорыта айтқанда, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін оқытушы 
тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік 
танытуы маңызды. 
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын зерделеп, пән ерекшелігіне қарай 
қолдана білсек, ұтарымыз көп. Жаңартылған білім бағдарламасы бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің 
қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір ұстаздың азаматтық борышы. Жаңа әдіс-
тәсілдер сапалы білім беруде маңызды рөл атқарады. 
Ал оқушылардың жеке басының дамуына 
белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, болжай білуі, зерттеу біліктері болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет