Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет360/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
 
 
 
 
(2 (а) сурет. Химиялық жаттығу 2 (ә) сурет. Химиялық есеп
 
 
LearningApps – бұл білімді тексеруге арналған интерактивті жаттығулар жасауға 
мүмкіндік беретін онлайн-сервис [3]. LearningApps сервисінде 20 интерактивті жаттығу ойын 
форматында берілген: жұбын тап, классификация, хронологиялық тізбек, қарапайым 
реттілік, мәтінді енгізу, суреттерді сұрыптау, дұрыс жауабын табуға арналған викторина, бос 
орынды толтыру, кім миллионер болғысы келеді?, пазл (тауып көр), кроссворд, әріптерден 
сөз, “мынау қайда?”, сөзді табу, “жұптар” ойыны, бағалаңыздар, сәйкестендіру таблицасы, 
таблицаны толтыру, сөзді енгізу викторинасы.
 
Бұл сервис арқылы мұғалімдерге сауалнамалар жүргізуге мүмкіндік береді: автор 
бірнеше жауаптары бар сұрақтар тізіміне алынған жауапты, есепте берілген дауыстар саны 
арқылы көре алады. Сонымен қатар чат құрып, сілтемені адамдарға жібере отырып, олармен 
сөйлесуге болады. Чатқа қосылу үшін тіркеу қажет емес. Мәтіндік және мультимедиялық 
жазбаларды қалдыруға да мүмкіндік бар.
 
Толықтыру тесті 
Тесттер (ағылшын тілінен. test-сынақ, тексеру жұмысы) оқушылардың химиялық 
білімдері мен дағдыларын бекіту, қайталау, жүйелеу, бақылау және бағалау, кері байланыс 
орнату мақсатында қолданылатын стандартты нысандағы танымдық тапсырмалар жүйесі. 
Химиялық білім беруде әртүрлі типтегі тесттерді (және тест тапсырмалары) қолдануға 
болады. Солардың бірі толықтыру тесттерін қарастырайық.
 


304
Толықтыру тест - бұл нүктелермен, бос орынмен белгіленген жетіспейтін сөйлем 
(сандар, формулалар және т.б.), сондықтан осы типтегі тест тапсырмасына жауап өте қысқа 
және бір мәнді болуы керек [4].
 
Толықтыру тестін Learningapps арқылы жасау өте ыңғайлы, және білім алушы бос 
орындағы сөзді дұрыс орындағанын бірден көруге мүмкіндігі болады. Электролиттік 
диссоциация бөліміне толықтыру тестін жасау үшін сайтқа өтіп, тіркелу керек. Тіркелген 
соң «Жаңа тапсырма» тетігін басыңыз, сол кезде сізге жиырма интерактивті жаттығуғалар 
шығады. Соның ішінен «бос орынды толтыру» тапсырмасын басыңыз, сізге жасау үлгісі 
шығады. Сіз сол үлгілерді көріп болған соң «жаңа тапсырма әзірлеу» тетігін басыңыз. Ең 
алдымен тапсырманы қалай орындау керек екенін көрсетіңіз. Бұл жерде сіз аудио, видеоны 
бастапқы материал ретінде беруіңізге болады. Одан кейін тапсырманы мәтінді енгізу арқылы 
жазасыз, ал бос орынды қалтырып кету үшін -1-, -2- ... деп жазып кетесіз. «Сөздерді орнына 
қою» бөлімінде әр бос орынға сөздерді жазасыз. Мысалы: -1- электролиттік диссоциация, -2- 
электролит, -3- бейэлектролит, -4- С. Аррениус, -5- қышқылдар, -6- негіздер, -7- тұздар. 
«Көмек» бөлімінде оқушыға толтыруға көмек беретін мәліметтерді енгізуге болады немесе 
ол бөлімді бос қалдыруға да болады. Ең соңында оқушы дұрыс орындаған болса кері 
байланыс ретінде мақтау сөздерін жазып, тапсырманы сақтаңыз. Оқушыларға сілтемесін 
немесе QR-коджіберуге болады.Тапсырма оқушыларғабойынша көрсетіледі(3 сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет