306
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін
базалық факторы. Яғни, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен,
функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп
отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық
тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Білім
алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның басты талабы. Болашақ
азамат өз ұлтының асыл мұрасынан сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен
жете танысып, білімін кеңейтеді.[2]
Енді, «Төңкерілген сабақ» технологиясы бойынша нақты химия сабақтарында білім
алушылардың функционалды сауаттылығын қалай дамытамыз?
1-қадам:Барлық сабақ бойынша емес, «Төңкерілген сабақ» технологиясына сәйкес келетін
тақырыптарды өтетін кезде оқушыларға алдын ала ресурстар береміз. Ол жай мәтін, ұзақ көлемді
ақпарат, бейнеролик немесе аудиоматериал болуы мүмкін. Оқушыларға берілген ресурстармен толық
танысып келуін тапсырамыз. Бұл қадамда оқушылардың ішінара зерттеушілік мәдениеті де
қалыптасады.[3]
2-қадам:Сабақ барысында білім алушыларға сол алдын ала берілген ресурс деңгейінде
ұжымдық тапсырмалар береміз. (кіші тест, ия-жоқ, кім жылдам?) Оқушылар ұжым болып
тапсырманы талдайды.
3-қалам: Білім алушылардың тапсырмаларды орындау әрекетін бақылап, бағалаймыз. Осы
қадамда үйге берілген ресурспен таныспаған оқушылар айқындалады.
4-қадам: Жаңа ұғым бойынша мәселе туындаған оқушылармен жеке, жұптық, топтық және
ұжымдық жұмыстар жүргіземіз. Мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасында қатемен жұмыс жасау
әрекеті жүреді.
5-қадам: Оқушылардың алған білімін пайдаланып жұмыс жасауына бағытталған тапсырма
береміз (деңгейлік тапсырмалар) Бұл қадамда да оқушылар өзара аікір алмаса алады.
6-қадам: Оқушылардың білімін бағалауға арналған тапсырмалар беріледі. Бұл қадамға
оқушылар арасында пікір алмасу болмайды. Әр оқушы жеке жұмыс жасап, бағаланады.
Орта білім беру ұйымдарындағы «Термодинамика» тарауы оқытушыға да, білім алушыға да
қиындық тудырған тақырыптардың бірі болды. Олай дейтін себебіміз, тақырып бұрын оқу
бағдарламасында болмаған. Оқытушы жоғары оқу орнынан кейін бұл тақырыппен жұмыс жасамаған.
Ал білім алушы үшін физикалық және химиялық ұғымдар байланысып жазылған күрделі тақырып.
«Төңкерілген сабақ» технологиясының шарты бойынша оқытушы алдымен білім
алушыларға тақырып бойынша мәтін, бейноролик және тағы да басқа ресурстар береді. Білім алушы
ол ресурстармен танысып келеді. Сыныпта, оқытушы алдымен термодинамикаға байланысты
ауызша ұғымдарды қамтитын тапсырмалар береді. Одан кейін жаттығулар мен есептер береді. Білім
алушылар тапсырмаларды орындау барысында бір-бірімен, оқытушымен пікір алмаса алады.
Түсінбегенін сұрайды, білгенін түсіндіреді. Бұл әрекет 1 немесе 2 сағат көлемінде жүруі мүмкін.
Содан соң, білім алушыларға нақты бағалау критерийі көрсетілген жеке тапсырма беріледі. Білім
алушылар тапсырманы орындап, критерийге сәйкес бағаланады.[4]
Әлемдік эпидемиялық ахуалға байланысты қашықтықтан оқыту нәтижесінде білім беру
ұйымдарының барлық деңгейлерінде білім сапасының төмендеуі байқалды. Білім сапасын көтерудің
бірден бір жолы білім алушыларды оқу үдерісіне толыққанды жауапты ету. Егер оқушы сыныпта
өтілетін жаңа ұғым жайлы біршама мәлімет болса, оны әрі қарай жұмыс жасау арқылы дамытады.
Қажет болған жағдайда сыныптастарынан, оқытушыдан кеңес алу мүмкіндігі болады. Топта жұмыс
жасау барысында басқа оқушылармен өзін салыстырады, басқа оқушылар білім алу үшін белсенді
жұмыс жасап жатқанда өзіне жауапкершілік алады.
Яғни, жоғарыда айтқан функционалдық сауаттылық ұғымына, оқылым дағдысы, тыңдалым
дағдысы, айтылым дағдысы және жазылым дағдысы кіретінін тағы да ескерсек, оқушы үйде оқиды
және тыңдайды. Сыныпта айтады және жазады. Бұл әрекет периодты түрде қайталанып отырады.
«Қайталау-оқу Анасы» деген сөз өз мәнін жойған жоқ. «Төңкерілген сабақ» технологиясының
басты идеясы да жаңа сабақты әртүрлі формада қайталау арқылы оқушыларды тиянақты жұмыс
жасауға дағдыландыру. Сол арқылы сапалы, шынайы білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: