Кіріспе Студенттерді химия пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындау ертерек басталуы тиіс.
Себебі химия эксперименттік пән болғандықтан, дипломдық жұмыс (жоба) та эксперименттік бөлімді
қамтиды. Ал химияда көбіне зертханалық тәжірибиелер бірнеше күннен бірнеше айларға дейін
созылады және де ол нәтиже үнемі оң бола бермейді, кішкене қате болған жағдайдың өзінде
тәжірибиені қайта жасауға тура келеді. Сонымен қатар, химия пәнаралық пән болғандықтан, мұнда
есептеулер жүргізіледі. Нәтижелерді диаграмма, график түрінде өңдеу үшін, химиялық
формулаларды компьютерлік бағдарламаларға жазу да біршама еңбек пен уақытты қажет етеді.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау бітірушінің біліктілік жұмысын (бакалаврлық немесе
магистрлік диссертацияны) қорғауды қамтиды, оны орындау және орындау нәтижелері бойынша
химия пәнінен бітіруші:
• басшы тағайындаған ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша әдеби деректерді жинау және
талдау әдістерін білу (мерзімді басылымдармен, монографиялармен, ақпараттық деректер базасымен,
жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс);
• әдебиеттерді талдау негізінде жұмыс міндеттерін тұжырымдай білу;
• алынған қосылыстар негізінде синтездеу әдістерін меңгеру;
• теория саласындағы іргелі білім және меңгерілгенэксперименттік дағдылар;
• тәжірибелік қондырғылар мен ғылыми жабдықтарда жұмыс істеудің теориялық негіздері
мен практикалық дағдыларын меңгеру;
• тапсырманың орындалуын дәлелдеу мақсатында алынған заттардың құрамы мен қасиеттерін
талдай білу;
• зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеу принциптерін білу, оларды ақпараттық
нысанда көрсету,
• зерттеулер негізінде ұсыныстар енгізу;
308
• ғылыми нәтижелерді жазбаша есептер шығару жәнеолар талқыланған кезде талқылауға
қатысуы қажет[1].