26
Үлгіде ылғалдың болуы спектрлерде тән жолақтардың пайда болуына әкеледі.
Сонымен қатар, конденсацияланған ылғал тесіктерді толтыра алады, осылайша шашырау
коэффициентін және өлшенетін спектрдің қарқындылығын өзгертеді.
Көбінесе диффузиялы шағылысудың спектроскопиясы үшін үлгілерді дайындау
кезінде анықталатын заттың еріткіш материалмен әрекеттесуі байқалады. Физикалық
адсорбция жағдайында, әдетте, жолақтардың кеңеюі және олардың ұзын толқынға ауысуы
байқалады. Еріткіш ретінде қолданылатын материал зерттелетін затқа химиялық инертті
болғаны жөн [2].
Сондықтан, бүгінгі күні қатты фазалық спектроскопия әдісімен өлшеудегі қиындық
қайталанатын инертті үлгілердің біркелкі тегіс беткейімен және ұзақ мерзімді сақтау кезінде
өзгермейтін қаптамасының тығыздығымен байланысты. Сорбция негізінде және қатты
үлгілерге арналған арнайы ұяшықтарда үлгілерді дайындаудың ұсынылған әдістері үлгінің
сусыз ұнтағын толтыру мен жылтыратудың өте қиын және ұзақ процесімен сипатталады.
Жоғарыда аталған факторлардың диффузиялық шағылысу спектріне әсерін
болдырмау үшін жеңіл балқитын органикалық заттардың (ЖБОЗ) балқымасымен
экстракциялау перспективті түрде қолданылады [3]. ЖБОЗ-бен экстракциялау талдау
процесінде бөліп алу мен концентрацияның жоғары дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Алынған қатты экстракттар гомогенділікпен, жоғары тұрақтылықпен, инерттілікпен
ерекшеленеді, іс жүзінде суда ерімейді. Арнайы сақиналарға құю арқылы тегіс беті бар
сәулелендіргіш- үлгілерін алуға болады.
Бұрын [4,5] экстракция әдісімен алтын(IIІ)-ті анықтау үшін оңтайлы экстрагенттерді
салыстырып қарастыру нәтижелері берілген. Берілген жұмыста өнеркәсіптік объектілер
құрамында кездесетін бағалы компоненттерді, соның ішінде алтынды экстракция процессі
арқылы бөліп алу проблемасы қарастырылды. Қажетті затты экстракциялап алуда
қолданылатын экстрагенттерге қойылатын басты талаптар анықталды. Мақалада
экстракциялық жүйе және экстрагенттер түрлеріне аса көңіл бөлініп, алынған өзекті
тақырып бойынша бірнеше ғылыми жұмыстар нәтижелері салыстырылып талдау жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: