Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет39/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
Тәжірибелік бөлім 
Реагенттер, аппаратура және эксперимент техникасы.
Тәжірибелік жұмыста титрі 1мг/мл алтынның стандартты ерітіндісі, концентрлі азот 
қышқылы, сұйылтылған аммиак ерітіндісі, квалификациясы «т.т.а» стеарин қышқылы, 
ионсыздандырылған су, алтын аффинажында қолданылған кек алынды.
Алтын (ІІІ) - тің стандартты ерітіндісін (TAu=1мг/мл) дайындау үшін келесідей 
жұмыстар жүргізілді: алдымен 50 мг алтын жоңқасы аналитикалық таразыда 0,01 мг 
қателікпен өлшенді, концентрленген 5 мл HNO3 және 15 мл HCl қоспасы (“патша 
сұйықтығы”) дайындалды. Содан соң өлшенген алтын жоңқасын концентрленген азот 
қышқылы мен тұз қышқылының қоспасында еріттім. Алынған ерітіндіні 50 мл - лік өлшеу 
колбасына құйып, «Аквилон» фирмасының «Деионизатор – 301» – де алынған 
ионсыздырылған сумен максималды көлемге дейін толтырылды.
Экстракция термостатталған экстракциялық ыдыста (Термостат – U1 ТЖ – 0 – 03) 
жүргізілді. Сауыт ыдысқа алтын (ІІІ) - тің келтірілген рН мәніндегі сулы ерітіндісі құйылды. 
рН өзгерісіне байланысты жүргізілген жұмыстарда олардың мәндері әртүрлі болды, ал 
металл концентрациясының өзгерісіне арналған жұмыстарда оптималды рН 5,15 - ке тең 
болды. Сулы ерітіндінің рН бастапқы және тепе - теңдік рН мәндері “Эксперт - 001” 
иономерімен өлшенді. Сауытқа қажетті температураны (80˚С) орнатқан соң, өлшенген 
органикалық экстрагент өлшенген мөлшері (4,7 г стеарин қышқылы) орналастырылды. 
Экстракция 3 минут бойы жүргізілді. Экстракциялық тепе - теңдікке қол жеткізген соң, 
қоспа стақанға ауыстырылады. Суыған экстрактты декантациялап бөліп, экстракциядан соң 
сулы фазаның тепе - теңдік сутектік көрсеткіші өлшенді. Тәжірибелер органикалық және 
сулы фазаның 1:4 (5 мл органикалық фаза, 20 мл сулы фаза) қатынасында жүргізілді, 


27
(80±1)ºС температурада, 3 минут бойы жүргізілді. Диффузиялық шағылысу спектрлері Cary 
100 scan UV-Visible Spectrophotometer құрылғысында түсірілді. 
Органикалық фазадағы металдың мөлшері алтын(ІII)-тің бастапқы концентрациясы 
мен су фазасындағы концентрация арасындағы айырмашылық, сондай-ақ диффузиялы 
шағылысудың спектроскопиясы арқылы қатты экстракттардың сіңіруін тікелей өлшеу 
арқылы табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет