Геологиялық құрылымы.
Оның құрылымдық табаны – жоғарғы девон мен төменгі
тас көмір шөгінділерінен тұратын Арқалық атты брахисинклиналь. Кенді қабаттар бор-
палеоген жүйелеріне жатады. Боксит қабаттары іргетастағы терригендік жыныстар мен
әктастар жапсарын бойлай біткен эрозиялық-карст шұқырларында (депрессия) орналасқан.
Олар сенон (жоғарғы бор) саздары мен палеозой жыныстарының үгілу қыртысының үстінде
шалыс жатады да, өздері эоцен және төменгі олигоценнің терригендік шөгінділерімен, кейде
шұбар саздармен бүркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |