151
ӘОЖ: 372.854
ХИМИЯНЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ iSpring Quizmaker БАҒДАРЛАМАСЫ
АРҚЫЛЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
А.Бекенова
Әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық Университеті, Алматы қаласы, arujan.bekenova@mail.ru
Аннотация:
В статье рассматривается возможность использования программы iSpring QuizMaker при
разработке тестов для дистанционного обучения химии. Также есть собенности использования инструментов
iSpring QuizMaker и их использование в процессе обучения.
Кілт сөздер:
қашықтықтан оқыту, iSpring QuizMaker, химия, тест, қолдану тиімділігі, оқыту процесі.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және
қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру және білім алушының зияткерлік,
рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету туралы айтылған болатын [1].
Білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту әлі күнге дейін өзекті, себебі
қазір білім беру жүйесінде білім алушылардың қызығушылығын ояту күрделі мәселе болып отыр.
Оқыту процесін қызықты етіп қана білім алушылардың белгілі бір пәнді
толық әрі терең игеруге
деген ынтасын ашуға болады. Сондықтан: бiлiм мазмұнына жаналық енгізу және ақпараттық
технологияны тиімді пайдалану керекпіз. Қазіргі уақытта елімізде оқушылардың жоғарғы оқу
орындарына түсу үшін тестілеу әдісі қарқынды қолданылып келе жатыр. Бұл дегеніміз тестілеу
әдісінін өзекті екенінін айқын дәлелі. Сол себепті білім беру жүйесінде білім сапасын тексеру үшін
тестілеу ыңғайлы әдіс болып отыр. Тестілеу әдісін тек бағалау үшін ғана емес, білім алушылардың
белгілі бір курс бойынша терең білімді игеру үшін қолдануға болады. Ақпараттық технологияның
даму қарқынымен тесттерді құру және басқарудың бірнеше бағдарламалық қамтамасыз ету
технологиялары пайда болып жатыр, осындай технологияның
негізінде iSpring QuizMaker
бағдарламасы кең қолданысқа ие.
iSpring Quizmaker бағдарламасы соңғы уақытта тек елімізде ғана емес, көршілес
мемлекеттердің білім беру жүйесінде де қолданылады. Әсіресе тест құрастыру үшін ерекше
мүмкіндіктері білім беру жүйесіне жаңалықтар енгізуге көмектеседі. Атап айтқанда, берілген
сұрақтарға әр түрлі әдістерді қолданып жауап беру. Сұрақтарды тек дәстүрлі әдіс секілді сөзбен
емес, бейне, дыбыс жазбаларды пайдалану арқылы қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар білім
алушылар сұрақтарға көрсетілген нұсқалар бойынша ғана емес, өздерінің нұсқаларында жауап бере
алады.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың қашықтықтан өзара іс-қимылы кезінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана
отырып жүзеге асырылатын оқыту процесі екендігі бәрімізге аян. Ал ұсынылып отырған бағдарлама
арқылы тестілеу ғаламтор арқылы, әр білім алушының жеке-жеке тапсыруына мүмкіндік береді.
Тестілеудің онлайн форматта өткізу мүмкіндігі қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан пандемия
кезінде де ешқандай кедергісіз қолдануға болады.
Химия күрделі пән болғандықтан, білім алушылардың білім сапасы өте маңызды. Сол себепті
білім сапасын тексеруге аса мән беру қажет. Қазіргі таңда білім алушылардың білім деңгейін тексеру
үшін ең тиімді және ең ыңғайлы түрі тестілеу қолданылады. Тестті тапсыру формаларына карай
жеке, топтық, ауызша, жазбаша, бланктік,
компьютерлік, вербальды және вербальды емес болып
бөлінеді. Дәстүрлі тесттерге жататындар: гомогендік және гетерогендік. Дәстүрлі емес тесттерге:
интегративті тесттілер, адаптивті тесттер, критерилі-бағытталған тестілер.iSpring QuizMaker 7 –
интерактивті тестті құрға арналған жаңа құрал болып табылады. Аталған құралды пайдалану үшін
төменде келтірілген мүмкіндіктерді пайдаланған қолданушы үшін және тест тапсырмаларын өңдеуші
үшін де тиімді. Тестіні құру үшін келесі кезеңдер міндетті түрде ескерілуі қажетті:
- ыңғайлы және түсінікті интерфейс;
- бағалауымен немесе еркін жауап бере алу мүмкіндігі бар тест құру;
- басқа тестіден сұрақтарды импорттау;
152
- Excel-ден сұрақтарды импорттау;
- тест
сұрақтарын қайта қарастыру;
Тестті баптау үшін келесі бөлімдер міндетті түрде таңдалуы керек:
-
таңдалған жауап нұсқасымен тармақталады;
-
дұрыс жауап туралы мәлімет беріп отыруды баптау;
-
файлдың көлемін кішірейтуді баптау;
Нәтижені бақылау келесі бөлімдерді таңдағанда іске асады:
- Қашықтықтан білім беру орталымен бірігіп кез келген SCORM/AICC ортамен
интеграциялау;
- TinCan-мен интеграциялау;
- қашықтықтан білім беру орталығына iSpring Online арқылы егжей-тегжейлі статистика;
- нәтижені электрондық поштаға жіберу;
- нәтижені серверге жіберу;
-
тест
нәтижесін басып шығару;
Тестті рәсімдеу - сұрақтар макетін таңдаумен, фон түсін өзгертумен, кескінді немесе фон
сапасындағы текстураны таңдаумен, сұрақтың ашық фонымен, сурет және формула қосумен, жауап
үшін анимацияны баптаумен, жауаптар нұсқасы үшін бірнеше баған болуымен, түстің, өлшемнің
және шрифтінің
стилінің өзгеруімен, басқару элементінің жазбасының өзгеруімен, плеердің түсінің
өзгеруін басқарумен орындалады.
Тесті өткізу жағдайын баптау үшін өңдеуші келесі
қызметтерді орындауы қажетті:
-сұраққа берілетін баллдың саны;
- толық емес жауапты қабылдау мүмкіндігі;
- жауаптың әр нұсқасы үшін балл саны;
- тестті тапсыру уақытын шектеу;
- сұраққа жауап беру уақытын шектеу;
- тестті тапсыру әрекетінің саны;
- сұрақтың жауабын беру әрекетінің саны;
- дұрыс есем жауап үшін айып;
- межелі баллды беру мүмкіндігі;
- көрсетілген шкала бойынша нәтижені санау.
Тест сұрақтары - 23
типті сұрақтардан, түсіндірме үшін ақпараттық слайдтардан,
сұрақтар топтамасынан, сұрақтар мен жауаптар нұсқасын араластырудан, видео, аудио, сурет, Flash-
роликтер мен формулаларды қосудан, жауаптар нұсқасына суретті қоюдан, ыңғайлы мәтіндік
редактордан тұрады. iSpring QuizMaker 7 құралының ерекшелігі болып тестті жариялау бөлімі
табылады [2].
Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, оқытушымен салыстырғанда білім алушыда көп
ақпарат болатынын тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр оқытушы өз қызметiне ақпараттық
технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына
айналып отыр. Оқу үрдісінде компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану, оның мүмкiндiктерiн жаңа
материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану
арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг),
білім алушының
білім деңгейін тестілеу, Интернет-технологияларды қолдану арқылы оқытудың
сапасын арттыру – оқытудың тиімділігін беріп отыр. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту кезіндегі
пайдаланатын iSpring QuizMaker бағдарламасы қолдану тиімділігімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: