191
- наноматериалдар және нанотехнологиялар бағытында ғылыми және қолданбалы
зерттеулер жүргізу;
- есептерді, рецензияларды және басқа құжаттамаларды жазу үшін ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін негізді ұсыну. «Жалпы және бейорганикалық химия» курсы 1 оқу жылының, 1-ші
семестрінде оқытылады.
«Физика және нанотехнология» мамандығын оқытудың маңызы – физика және
нанотехнология саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызмет саласында жұмыс істей
алатын және ғылыми-техникалық аудармаларды сауатты істей алатын бәсекеге қабілетті
мамандарды, аналитикалық ғылыми ойлау және ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген
бакалаврларды дайындау.
Орталық Азия Университетінде 6В07115 «Наноматериалдар және нанотехнологиялар
(қолдану салалары бойынша)» бағдарламасы бойынша үш тілде оқытылады. Бағдарламаның мақсаты
– болашақ студенттерді наноғылым негіздерімен таныстыру, оның даму деңгейін талдау,
нанотехнологияларды практикалық қолдану нәтижелерін, әсіресе энергетикалық секторда, оның
кәсіби және кәсіби мамандарды даярлау жүйесіндегі орны мен рөлін қарастыру және ақпараттық
технологияның көмегімен жаңа білім мен біліктерді өз бетінше игеріп, практикалық іс-әрекетте
қолдану қабілетін қалыптастыру.
Бөкетов атындағы ҚарМУ 6В07202-«Фармацевтикалық инженерия және нанотехнология»
мамандығы орыс және қазақ тілдерінде оқытылады. «Бейорганикалық және жалпы химия негіздері»
пәні 1-ші оқу жылының 1-ші семестірінде оқытылады[2].
Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университетінде
«Талшықты материалдардың химиялық, био және нанотехнологиясы» мамандығын оқу барысында
студенттер аналитикалық химия және талдаудың физика-химиялық әдістері, жалпы химиялық
технология, бояғыштар химиясы және бояу теориясы саласында кәсіптік құзыреттер алады, тоқыма
материалдарының химиялық технологиясы, химиядағы биотехнологиялық процестер саласында білім
мен дағдыларды меңгереді[3].
Елімізде «Наноматериалдар және нанохимия» мамандығы бакалаврда көп
универлерде оқытылмайды, яғни, жоғары оқу орындарында «нанотехнология» жаңа оқыту
бағдарламасы болып еніп жатыр. Алайда осы оқыту бағдарламасы магистрлерді дайындауда
елімізде бірнеше жоғары оқу орындарында оқытылып жатыр. Ал шетелдік ЖОО-да
«нанотехнология» оқыту бағдарламасы біршама дамыған, сондай-ақ, «жалпы және
бейорганикалых химия» курсы тек кейбір мамандықтарында ғана оқытылады.
«Нанотехнология және наноматериалдар» білім беру бағдарламасы бойынша
Қазақстанда КазНУ-да, Орталық Азия университетінде және ҚарМУ-да бакалаврлар
дайындайды, сондай-ақ КазНУ, КБТУ, ТарГУ, КарГУ, ЕНУ және т.б университеттерде
магистрлер дайындайды. Россияда «Наноматериалдар»(28.03.03, бакалавр) білім беру
бағдарламасы бойынша 10 университетте, «Нанотехнологиялар және микрожүйелік
инженерия» (28.03.01) мамандығы 17 университетте оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: