316
жүйесін жаңа деңгейге шығаруға барынша кең мүмкіндіктер береді. Оны оқытудың кез келген
кезеңінде, әртүрлі жастағы, қабілеті бар оқушылармен жұмыс жасауда және күрделілігі әртүрлі
материалды меңгеруде қолдануға болады.
Химиядағы жоба – бұл ең алдымен мұғалімнің мен оқушының өзара әрекеті. Оқушыны
жобалық іс-әрекетке қызықтырып, ынталандыра алатын мұғалім. Әдетте, химиядағы оқушылардың
жобалары
- кейбір химиялық құбылыстарды, заттың қасиеттерін, заттармен жүретін процестерді
зерттеуге бағытталған топтық және жеке жобалар.
Жобалау әдісі көбіне оқушылардың өзіндік жұмысына бағытталған, бірақ бұл әдіс топтық
әдіспен де үйлеседі. Жобаларға қойылатын талаптар:
• жобада берілген мәселе шешілуі керек;
• ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс;
• жобаны оқушылар өз бетінше орындайды;
•
мұғалім кеңесші рөлін атқарады;
• жобаның нәтижелері практикалық мәнге ие болуы керек;
• жобаның соңында жасалған жұмысқа талдау жүргізу қажет.[3, б. 82-83]
Жобамен жұмысты бастамас бұрын оқушыларға нұсқаулықтар беріледі: жобаға қойылатын
талаптар, әдістемелік нұсқаулықтар, жобаны қалай дұрыс құрастыру керектігі туралы ескертпелер
және жобаны бағалау баллының шкаласы.
Мұғалімнің алдында тұрған ең өткір мәселе жобаның тақырыбын таңдау мәселесі екені анық.
Жоба мектеп оқушыларының жалпы эрудициясын дамытуға арналатын болса, онда жоба тақырыбы
ең қарапайым болуы мүмкін. Ал егер жобаның нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарының кейбір
конкурстық-қорғауларына ұсынылуы жоспарланса, жобада жұмысты
басқа бірқатар жобалық
жұмыстардан ерекшелейтін өзектілігі болуы керек. [4, б. 90-91]Осыған орай оқушыларға келесідей
қызықты жоба тақырыптарын ұсынуға болады: «Адам ағзасындағы металдар», «Металдар және
космос», «Тағам өнеркәсібіндегі химия», «Тұрғын үй экологиясы», «Шоколад сапасын анықтау»,
«Спирттердің уыттылығы», «Мұнай төгілуінің экологиялық зардаптары», «Витаминдер және
олардың адам ағзасындағы рөлі», «Антисептиктер», «Газдалған сусынның зияны мен пайдасы»,
«Балмұздақ құрамын зерттеу», «Табиғи индикаторлар», «Қышқыл жаңбырлар және оның қоршаған
ортаға әсері», «Ауаның құрамы және ластануы», «Тұрмыстық қалдықтарды пайдалану», «Үй
жағдайында сабын дайындауға болады ма?», «Ұлы химиктердің өмірі мен қызметі», «Химия және
экология» және т.б.Жобалық оқыту жүйесі мектептегі химия курсына екі жолмен ұсынылуы мүмкін:
1. Кітап тақырыптарымен байланысты жоба (сыныпта). Бұл зерттеу тобы мен ойын
жобалары. Мысалы – 7-сынып химия оқулығының (Оспанова М.Қ., Белоусова Т.Г., Аухадиева Қ.С.)
«Химиялық реакциялар» тарауына «Табиғи индикаторлар», 8 – сынап химия кітабының (Оспанова
М.Қ., Белоусова Т.Г., Аухадиева Қ.С.) Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» тарауына
«Металдар және космос», 9-сынып химия кітабының (Оспанова М.Қ., Белоусова Т.Г., Аухадиева
Қ.С. 2-бөлім) «Органикалық химияға кіріспе» тарауына «Антсептиктер», «Үй жағдайында сабын
дайындауға болады ма?» т.б. жоба тақырыптарын ұсынуға болады.
2. Сыныптан тыс жұмыстарда (қосымша сабақ ретінде) жобалық жұмыстарды пайдалану.
Мысалы, ақпараттық-зерттеу және тәжірибеге бағытталған жоба, орташа ұзақтықтағы жеке жобалар.
3. Интернет-жобалар. Интернет жобаларды қашықтықтан оқыту кезінде қолдануға болады.
Бұл кезде мұғалім оқушыға әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы бағдар бере алады (электрондық
пошта, «ZOOM», «Skype» т.б.). Оқушы жасаған жобасын интернет порталға орналастыра алады.
Жоба әдісі тек мұғалім мен оқушы арасында тұрақты өзара әрекеттестік
болған кезде ғана
табысты бола алады. Жоба жұмыстарының бастапқы кезеңдерінде барлық іс-шаралар бірлесіп жүзеге
асырылуы керек: әдебиеттерді іздеу (әсіресе әдебиеттерді өңдеу) және жоба тақырыбы бойынша
әдебиеттік шолуды құрастыру. Бұл кезең жоба оқушыға да пайдалы болады, өйткені түсіну қабілеті,
зейін қою және мәтіннен негізгі нәрсені таңдап, дамыту қабілеттері дамиды. Жұмыстың
эксперименттік бөлімінде мұғалімнің бақылаумен оқушыға максималды дербестік берілуі керек. Ал
нәтижелерді өңдеу, қорытынды жасау – бірлескен жұмыс.
Химия пәнін жобалық оқытудың тиімділігі:
1.
Өзіндік заңдылықтар мен қағидаларға сүйене жүргізілген жағдайда ғана оқыту
технологиялары нақты нәтижеге қол жеткізуге жол ашады;
2.
Оқушылардың химия сабағына қызығушылығы артады, шығармашылық
қабілеті оянады;
3.
Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылар өз бетінше ықыласпен оқып
үйренеді;
317
4.
Мұғалімнің беделі артады, өйткені оқушылар оны көмекші, өз ісіне бей-жай қарамайтын
адам, үлкен дос ретінде көреді;
5.
Жобаны жүзеге асыру барысында оқушылар басқалардың пікірін тыңдауды, бір-біріне
көмектесуді және басқалардың жұмысын объективті бағалауды үйренеді.
Қорыта айтқанда химияны жобалап оқыту қосымша
ретінде пайдалану оқушының
дүниетанымының кеңеюіне, жеке және топтық зерттеулер жүргізуге, білім деңгейінің артуына,
ізденіс қабілетінің дамуына және шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді. Жобалық
тапсырмаларды пайдалану арқылы олардың көпқырлы дәйектері ескеріліп, білім деңгейі артады.
Қарастырылатын мәселелер арасында өзара байланыс орнатылып, жетекші идеялардың бағытындағы
оқу материалдарын қарауды қамтамасыз ететін, интеллектуалды әрекет деңгейі өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: