Антигендік құрылысы. Туберкулез таяқшасы - ақ уыз, майлар және күрделі көмірсулары ( полисахаридтер )
факторларынан тұратын антигені бар микроб. Организмде бұл антигендерден антиденелер
(агглютининдер, преципитиндер,комплемент байланыстыратын заттар) түзіледі.
Бұл антиденелердің концентрациясы өте аз мөлшерде табылғандықтан, тәжірибеде сирек
қолданылады.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Бұл спора түзбейтін бактериялардың ең төзімді түрі, себебі оның клетка қабықшасында
липидтер шоғырланған.
100°С - 5 минуттан соң;
Ультра күлгін сәуле - бірнеше минуттан кейін жояды.
Кепкен қақырықта олар 10 ай бойы тіршілік етеді.
Төмен температурада ұзақ уақыт сақталады.
Дезинфекциялық ерітінділер: сулема (1:1000), карбол қышқылы (5%) бір тәулікте жояды.
Хлорамин мен хлорлы әкке сезімталдығы жоғары.