Атмосфера ластануының
көрсеткіштері
|
Бір жылғы бағалау
|
градациялар
|
атмосфераның ластануы
|
I
|
Төмен
|
СИ
ЕЖҚ, %
|
0-1
0
|
II
|
Көтеріңкі
|
СИ
ЕЖҚ, %
|
2-4
1-19
|
III
|
Жоғары
|
СИ
ЕЖҚ, %
|
5-10
20-49
|
IV
|
Өте жоғары
|
СИ
ЕЖҚ, %
|
›10
›50
|
Атмосфералық ауа ластануын жалпы бағалау.
Стандартты индекс және Ең жоғары қайталанғыштық бойынша, қаңтар айында ластанудың өте жоғары деңгейіне (СИ –10-нан аса, ЕЖҚ –50% аса) Алматы, Түркістан, Астана, Талдықорған жатқызылды;
Ластанудың жоғары деңгейі (СИ - 5-10, ЕЖҚ - 20-49%): Степногорск, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Теміртау, Қарағанды қалалары мен Глубокое кенті сипатталады;
Ластанудың көтеріңкі деңгейіне (СИ – 2-4, ЕЖҚ – 1-19%); Саран, Тараз, Шымкент, Орал, Петропавл, Жанатас, Шу, Ақтөбе, Балқаш, Қаратау, Семей, Жезқазған, Атырау қалалары мен Ақай, Қарабалық, Қордай, Январцево және Бейнеу кенттері жатады;
Ластанудың төменгі деңгейі (СИ – 0-1, ЕЖҚ – 0%): Ақсу, Риддер, Қызылорда, Жаңаөзен, Екібастұз, Кентау, Рудный, Құлсары, Көкшетау, Ақтау қалалары мен Сарыбұлақ, Төретам, Березовка кенттері, «Боровое»КФМСжәне Щучье-Бурабай демалыс аймағы сипатталады
Атмосфералық ауаның азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірт сутегісі, қалқыма заттар, фенол, аммиак сияқты ластаушы заттармен жоғары және өте жоғары ластанулары:
автожолдардың қалалық көліктермен бос еместігі (кептелуі) –бензиннің және дизельдік отынның көпқұрамды болып шығуы елді-мекендегі атмосфералық ауаның азот диоксидімен, көміртегі оксидімен, органикалық заттармен және т.б. ластануының негізгі көзі болып табылады, ал қаладағы жоғары автожолдардың бос еместігі жақсы желдету болса да, атмосфералық ауада зиянды заттардың жиналуына әкеледі.
өндіріс орындарынан эмиссияның шашылуы - өндіріс орындарынан шыққан заттардың жануы, ауа ластануының жоғары деңгейіне бейімделген өндірістік процестің нәтижесі. Елді-мекен аумағындағы әуе бассейінде олардың шашылуы қала, қала маңы мен кенттердің атмосфералық ауа сапасына айтарлықтай әсер етеді.
елді-мекендердегі атмосфералық кеңістіктің төмен желдетілуі – атмосфераның жерге жақын қабатында ауа ластаушылары жиналып, олардың шоғырлары өте жоғары деңгейде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |