Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ. Шешендікке машықтану жолдары тарауы бойынша



Дата09.06.2017
өлшемі59,01 Kb.
#18259
түріСабақ
Жамбыл облысы .Қордай ауданы.Сарыбұлақ ауылы.№31 Сарыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кайпова Жамила

Күні: 18.03 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11 «а»

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ. Шешендікке машықтану жолдары тарауы бойынша.

Сабақтың мақсаты: шешендікке машықтану жолдары бойынша өтілген тарауды пысықтап, еске түсіру.

Міндеттері: білімділік –оқушылардың алған теориялық білімдері н практикада қолдана білуі; дамытушылық – оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп айта білуге дағдыландыру; тәрбиелік – оқушыларды өзара сыйластыққа, мейірімділікке баулу.

Сабақтың типі: білім мен шеберлікті меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Сабақты өту әдісі: түсіндіру, талдау, диалогтық оқыту, жеке және топтық жұмыс

Қолданылған модульдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты баланы оқыту, АКТ пайдалану, оқуды және оқытуды бағалау.

Көрнекілігі : қима қағаздар, тірек сөздер, флипчарттар, стикерлер, таратпа қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Күтілетін нәтиже: өз ойларын еркін айтады, сабақ кезінде көшбасшы оқушы айқындалады, сыни ойлауы қалыптасады, оқушы шығармашылығы , ізденісі дамиды.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. 3 - мин



  • Оқушыларды түгендеу.

  • Топтарға бөлу. Түрлі – түсті кәртешкелер арқылы топқа бөлемін. Кәртешке артына «Мен шешен болсам», «Мен би болсам» жазып қоямын. Осы ой арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып, «Шешендер» тобы, «Билер» тобы деп екі топқа бөлемін. 3- мин

  • Психологиялық ахуал орнату.

  • Мұғалім сөзі:

  • Қол бастау қиын емес,

  • Шабатын жерден ел табылады.

  • Ел бастау қиын емес,

  • Қонатын жерден көл табылады.

  • Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ:

  • Тауып айтсаң мереке қылады,

  • Таппай айтсаң келеке қылады, - деген екен сөз құдіретін қалың қазаққа танытқан Досбол би. Ал, балалар көпщілік алдында сөйлейтін сөз орамдары жайлы не білеміз деп,- тақырыптың мағынасын ашамын. Оқушы сөзі: «Құрметті ұстаздар Наурыз құтты болсын!», «Ханымдар мен мырзалар қош келіпсіздер!», « Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.»

ІІ Үй жұмысын сұрау. Шешендік сөз бойынша өткенді қайталау. Өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын жасап келу.

Блум жүйесі бойынша сабақ жоспары.




Уақыт

Мұғалім қызметі


Оқушы қызметі

Тапсырмалар жүйесі

Бағалау жүйесі

Күтілетін нәтиже

Білу 10 – мпн

А. Бүгінігі сабақта білімдері «Баспалдақ» әдісі бойынша өтетінін ескертемін. Баспалдақтың бірінші сатысында «Егер мен оқушы болсам» деп аталады. Оқушыға ой тастаймын. «Егер сен оқушы болсаң, сабақта қандай рөл атқарар едің?». Оқушыларға үзбе қағаздар таратамын.

Б. Жауап берілген үзбе қағаздардан өз ойларынан шыққан әдемі пішіндер жасау керектігін ескертемін




Топтық жұмыс

А. Оқушылар топтаса отырып, үзбе қағаздарға тарау бойынша өтілген тақырыптар тапсырма орындау міндетін жүктеймін

Б. Берілген үзбе қағаздардан пішіндер құрастырады.

«Шешен» тобы «Наурыз» гүлін, «Билер» тобы «Білім» пирамидасын құрастырды.



Пысықтау сұрақтары.

Бағытталған оқу. Топтық және жұптық талдау



Оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарын топта бір –біріне бағалатамын.


Өз бетінше ізденуді үйренеді.Өткен тақырыптарды есіне түсіреді; Топтық жұмыста талдайды, оқиды, білімдерін салыстырады.

Түсіну 7 – мин

Өзіндік жұмыс.

Баспалдақтың екінші сатысына «Егер мен мұғалім болсам» деген сөзді жазып қоямын. Оқушыларға «Егер сен мұғалім болсаң, қандай тәлім берер едің ?» деп ой тастау арқылы алға жетелеймін.

ҰБТ –ге дайындықты мұғалімнің орнына жүргізуді ескертемін. Өздерін бір сәт мұғалім орнына ұстау керектігін тапсырамын.


Білімді жете меңгеру үшін өзінің барлық мүмкіндік пен іскерлігін пайдаланады. Екі топтан бір оқушыдан шығып, өздерінің мұғалімдік міндеттерін атқарады.

«Алфавит» гаухартасы ойынын ойнатады. Әр әріптің астында жасырынған сұрақтарға жауап береді.





Бағытталған сұрақтар мен топтастыру. Өзбетінше жұмыс.

Оқытушы бағасы.

Оқушының дербестігі өз –өзіне сенімділігі артады. ҰБТ дайындаудың қиыншылығын сезінеді.

Қолдану 5 – мин

Төртінші баспалдаққа «Егер мен дәрігер болсам» деген сөзді жазып қоямын. Ал балалар дәрігерлікті шешендікке қалай байланыстырсақ болады? Деген ой сала отырып, сабақты жалғастырамын

Дәрігер болған жағдайда не істеу керектігін ақылдасады. Шешендікке байланысты ым – ишараларды көрсетіп, сергіту сәтін жасатады..


Салыстыра отырып, ауызша сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Топтың бірін – бірі бағалауы.

Өз ойлары мен еркін пікірлеуі қалыптасады.

Талдау 8- мин

«Егер мен журналист болсам» деген баспалдақта оқушыларға «Сен қандай журналист болуды армандайсың?» деген ой тастау арқылы жетелеймін

ҰБТ туралы бейне көрсетілім дайындайды. Осы көрсетілім арқылы сыныпта пікірталас жүргізеді.

«Шешендер» тобы ҰБТ – ның үмітті жағын, «Билер» тобы ҰБТ – ның күдікті жағдайы туралы ой бөліседі.



Сыни тұрғысынан ойлау

Белсенді оқушыны бағалау

Оқушының ойлау, ауызша сөйлеу, салыстыру мәдениеті артады.


Жинақтау 2- мин

«Егер мен жазушы болсам» деген баспалдақта оқушыларға «Сен қандай жазушы болсам деп армандайсың?» деген ой тастау арқылы жетелеймін.

Білімдерін жинақтай біледі. Оқушы өзін жазушы орнында қойып, не ойтолғау, не әңгіме, не шағын мәтін жазуы тиіс.

Сыни тұрғысынан ойлау

Өз жұмысын өзіне бағалатамын.

Өз бетінше ізденеді. Ойлау,саралау, салыстыру қабілеттері артады.

Бағалау 3- мин

Оқушылардың жасаған шығармашылық жұмыстарын өздеріне бағалатамын. Бағалау қағазын баспалдаққа жабыстырады.

Өз жұмыстарын бағалай біледі.



Жеке жұмыс

Оқытушы бағасы

Әділ бағалауды үйренеді

Үйге тапсырмаа

«Мен таңдаған мамандық» тақырыбына ойтолғау жазып келу.














Кері байланысты оқушылардың өз ойлары арқылы шығарамын. Оқушылар стикерлерден «Өмір» үйін жасап шықты. Бұл үй туралы өздерінің пікірлерін білдірді. 2- мин
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет