Жолаева Айгуль Абдымолдаевна
Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
3-деңгей
2 «ә» сыныбында қаңтар айында әдебиеттік оқу пәнінен өткізген ашық сабағының жоспары
Пәннің аты
|
Уақыты:20.01.15.ж
|
Кабинет:№5
|
Сабақтың атауы
|
Б.Момышұлы. Ұшқан ұя
|
Мақсаты
|
Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер.
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
1. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру.
2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Б. Момышұлы туралы әңгімелеу. Орталық театр алдындағы ескерткіш туралы айту.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сөздікпен жұмыс: ата тегі –
баппен –
араз –
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1. Шығарма кімнің атынан баяндалған?
2. Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінеді?
3. Әңгімені дұрыс, мәнерлеп оқу.
Ата текті білуді Бауыржанға әкесі үйретіпті. Сен де ата - аналарыңнан сұрап, ата - тегіңді біліп ал. Ата - текті білу – ел тану екеніне мән бер.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
|
Сергіту сәті
|
Қазақтай қайсар елім бар
Кең байтақ мынау даламда.
Қарттарым - асыл қазынам
Өсиет айтқан ғаламға.
|
|
Ой толғаныс
|
Оқып, талдау.
Ұшқан ұя
- Мәтін не туралы?
- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:
Ел тану деген -......
- Сызбаны толтыр.
Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаң
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді мазмұндау. «Біздің үйдің салт - дәстүрлері» тақырыбында шағын мәтін жазу
|
Күнделіктеріне жазып алады
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Мысалы,мен өз сабақ беретін сыныптарымда оқушылардың ең алдымен психологиялық дайындық жасап алып,сабағыма кірісемін. Сабағымды бастарда:
-Сәлеметсздерме?
Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Топтасып,жұптасып,жеке жұмыс істеуге дайынсындарма?
Сабақ бастауға дайынсыздарма?
Үйренуге дайынсыздарма?
Жаңалыққа дайынсыздарма?
деген сұрақтар қойғанымда оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабақты белсенді бастауға мүмкіндік берді.
Сабақтарымда диалогтік тәсілмен оқытуды және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдістерін ,Блум таксономиясын кеңінен қолданлым.
Менің бұл жерде байқағаным сабақта оқушылар диалогті оқыту, сыни тұрғысынан оқыту модулдерін басшылыққа ала отырып, өз ойларын алдымен топта әңгімелеп жинақтап,іздестіріп алып, сосын бір пікірге келіп постермен қорғап жатты. Оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуы, яғни диалогтің орын алуы сабаққа деген өызығушылықтарын арттырды. Соның ішіндегі дарынды және талантты балалардың көзқарастарына, түсініктемелеріне сыни тұрғыдан қарап, өз ой-пікірін ашық айта алатын қабілеті орташа балалардың белсенділігі байқалды.
Курс бағдарламасының идеяларын қолданғанда тағы бір ескеріп өтетін жайт сыныптағы диалогтік әңгіменің болуы оқушының сыни тұрғыдан ойлауға, білім берудегі басқару және көшбасшылыққа үйретеді. Сондықтанда өз сабақтарымда бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастырып, жасерекшеліктеріне сай өлшемдерді және тапсырмаларды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді жөн көрдім.
Қорыта келе түйгенім: Мұғалім әр сабағына және өзіне рефлексивті есеп бере отырса жұмыс жасау қарқыны жақсарып жанданады. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. Білім берудің қазіргі таңдағы тиімді әдістерінің дәстүрлі білім беруден артықшылықтары мол. Жаңа әдістерді пайдалана отырып біз: оқушылардың өз бетінше дамуына, оқушы мен оқытушы арасында байланыс орнатуына, оқушының жан-жақты ізденуіне, оқушының өзін және өзгені бағалауына, өз ойларын жетік айтуына қол жеткіземіз деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: |