Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және инженерлік инфрақұрылым 2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 16 206,1 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 154,7 пайызға артты. 2013 жылы аудан бойынша әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.
Атап айтқанда: «Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы 300 орындық мектеп» құрылыс объектісі 3 жылдан бері құрылыс жұмыстары тоқтап қалған нысанына 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен бар жоғы 26,0 млн теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыға «Дарын-Ж» ЖШС-і мектептің қалған жұмыстарын аяқтап, үстіміздегі жылдың мамыр айында пайдалануға берілді