Аймақтық үйлестіру кеңесіне индустрияландыру картасына енгізу үшін «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 1 жоба ұсынылып, картаға енді.
Картаға енген жоба «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» жобасы. Жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайтын бұл жобаның есепті кезеңде 95,0 пайыз құрылыс жұмыстары атқарылды. Қазіргі уақытта қонақ үй, мейрамхана, асхана, намазхана, автотұрақ іске қосылып жұмыс жасауда. Автокөліктерге сервистік қызмет көрсету орталығы, жанар-жағар май бекетінің құрылысы жүргізілуде.
Инфрақұрылым тарту жұмыстары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Аман-Құрылыс» ЖШС-і 197,0 млн.теңгеге жүргізілді (электр желі, қосалқы станция, ауыз су желісі, аяқ су, насос станциясы).
Жобаны жүзеге асыру барысында 50 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс жасауда жоба іске қосылғанда 15 адам тұрақты жұмыс жасайтын болады.
Жоба толық іске қосылғанда «Қорқыт Ата зиярат етушілер орталығында» мейрамхана, намазхана, қонақ үй, автотұрақ, техникалық қызмет көрсету орталығы, жанар-жағар май бекеті, ұлттық қолөнер шеберханасы, туристер демалатын бақ жұмыс жасайтын болады.
2013 жылы облыстық өңірлік индустрияландыру картасына енгізуге аудан тарапынан екі жоба ұсынылып картадан тыс бақылауға алынды. Олар «АНК-Даулет» ЖШС-нің «Темір-бетон бұйымдарын және құрылыс материалдарын шығаратын кіші зауыты» - құны 51,0 млн.теңге, «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехы» - құны 64,0 млн.теңге. Жобалардың іске асыру мерзімдері 2014 жыл.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік аймаққа Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімінің 17.06.2013 жылғы №471 шешімімен 15,0 гектар жер телімі белгіленген.
Қазіргі уақытта аудандық бюджеттен аймаққа инфрақұрылым тартуға жобалық сметалық құжат дайындау үшін 9 646,6 мың. теңге қаржы бөлінді.
Аталған индустриялық аймақтарда кірпіш шығаратын шағын цех, қаңылтырдан профлист шығару цехы, шеге шығару цехы, жем шығару цехы, брусчатка, бордюр, ауасы бос блок шығаратын цех, жылыжай, темір жол тұйығы арқылы басқа облыстардан келетін құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары және т.б. орналастырылатын қойма орналасады деп жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |