Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі


Үшінші бағыты «Оқыту және қоныс аудару» бойынша



бет30/33
Дата06.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#36774
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Үшінші бағыты «Оқыту және қоныс аудару» бойынша
2013 жылы Кәсіптік оқумен-75 азаматты оқыту жоспарланған. Жоспарға сәйкес 75 азамат «Кәсіптік оқу» курстарымен толық қамтылды. Оның ішінде Қармақшы аграрлы-техникалық колледжіне «Автослесарь», «ЭВМ операторы», «Аспазшы», «Электрик» мамандықтары бойынша 55 жұмыссыз азамат оқуға жолданды. Қалған 20 азаматты Қызылорда қаласындағы арнаулы оқу орталықтарына түрлі мамандықтар бойынша оқуға жолданды.
2013 жылы «Қайта даярлау» курстарымен 90 азаматты оқыту жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес «Қайта даярлау» курстарына Республикалық бюджеттен 9438,0 мың теңге қаржы бөлінді. «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес Қармақшы аграрлы-техникалық колледжімен «Бір көзден сатып алу» тәсілі бойынша ағымдағы жылдың маусым айының 17 жұлдызында келісім-шарт жасалды. Қаралған қаржыға даяшы мамандығына -15, тас қалаушы мамандығына -15, ағаш ұстасы мамандығына -15, барлығы 45 азамат оқу курстарына қамтылып оқып бітірді.
Қайта даярлау курстары бойынша «Плитамен қаптаушы», «Байланыс технигі», «Бояушы», «Құрғақ әдіс құрылысының маманы» мамандықтарына оқытуға жарияланған конкурс қорытындысымен Байқоңыр қалалық «Космос» колледжіне Байқоңыр қаласынан 56 азамат, Төретам кентінен 1 азамат және Ақай елді мекенінен 1 азамат барлығы 58 азамат жолданды.
Жалпы жыл басынан «Қайта даярлау» оқу курстарына жолданған адам саны 103. Бүгінгі күнге 100 азамат толық курстарын аяқтады. Қайта даярлау курстарын аяқтаған 100 азаматтың 69 азаматы тұрақты жұмыс орындарына жолданды, 20 азамат өз бетінше жұмыспен қамтылған. Қалған 11 азамат дәлелді себептермен ұсынылған бас тартқан.
2009-2010 жылы «Жол картасы» және 2011-2012-2013 жылдары «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы » Бағдарламасы аясында оқу курстарын аяқтағандар саны 544 азамат, оның ішінде жұмысқа орналасқаны 394 , белгілі себептермен жұмысқа бара алмайтындар және жұмыстан бас тартқандар 104 азамат, жұмыссыз-46, яғни жұмыспен қамтылғандар 72,5 пайызды құрайды.
Қайта даярлау курстарына қаралған қаржының 8427,0 мың теңгесі игеріліп, мемлекеттік сатып алу бойынша ҚҚС-н төлемеуден үнемделген 1011,0 мың теңгесі республикалық бюджетке кері қайтарылды.
2013 жылы Республикалық бюджеттен «Жастар тәжірибесіне» 90 жас маманды жұмыспен қамтуға 20900,0 мың теңге қаралған. Қаралған қаржыдан бүгінгі күнге 20900,0 мың теңгесі толық игерілді. Аудан көлеміндегі 66 жұмыс беруші мекемелерге 121 жас маман жолданып, оның ішінен 12 азаматы тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
«Әлеуметтік жұмыс» орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 24049,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге қаралған қаржының 24049,0 мың теңгесі толығынан игерілді, аудан көлеміндегі 45 жұмыс беруші мекемелерге 166 жұмыссыз азаматтар жолданып, жыл соңында 50 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.
Оқыту және қоныс аудару аясында 2013 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Т.Көмекбаев ауылынан 7 екі пәтерлі қызметтік тұрғын үйлер салу жөнінде 27.03.2013 жылғы №10-03-39/0234 санды ұсыныс хат жолданған.
Осыған сәйкес «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Т.Көмекбаев елді-мекенінен инженерлік инфрақұрылымы дамыған екі пәтерлі 7 тұрғын үй объектісінің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға жергілікті бюджет есебінен 2 766,0 мың теңге бөлінген. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында үстіміздегі жылдың мамыр айының 18 жұлдызында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес жеңімпаз «Мұнай Газ Инжиниринг» ЖШС-гімен келісім шарт жасалынды. Жобалаушы мен «Мемсараптама» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы арасында келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Т.Көмекбаев ауылында салынуға жоспарланған 7 екі пәтерлі қызметтік тұрғын үйдің құрылысына аудан көлеміндегі мекемелер қатарынан 5 жұмыс беруші мекемелердің 10 % үлесін қосу арқылы пилоттық режимде қызметтік тұрғын үйлер салу жоспарланған. Бұл ретте 7 екі пәтерлі қызметтік тұрғын үйлер салуға Республикалық бюджеттен 84,748,8 мың теңге қаралып, қазіргі таңда аудандық құрылыс бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес қараша айының 12-ші жұлдызында конкурс рәсімдерін өткізіп, қараша айының 23 жұлдызында «Дарын-Ж» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жеңімпаз болып танылған «Дарын-Ж» ЖШС-гі екі пәтерлік 7 қызметтік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізіп, республикалық бюджеттен қаралған қаржыны толық игерді. Екі пәтерлі 7 қызметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2014 жылдың қаңтар айының үшінші онкүндігінде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет