Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі



бет18/33
Дата06.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#36774
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Жолдар мен көшелерге байланысты:
2005 жылдың 1 қаңтарына дейін аудан территориясындағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары (184 км) облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы балансында болып келсе, ал 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жергілікті маңыздағы автокөлік жолдары облыстық және аудандық (қалалық) маңыздағы жолдарға бөлінді.
Осыған байланысты, белгіленген тәртіппен, аудан көлеміндегі коммуналдық меншіктегі жалпы ұзақтығы 184 шақырым жолдардың 142 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары болып бөлініп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне берілді.
Оның ішінде 61,0 шақырымы қара қиыршық тасты және 81,0 шақырымы қиыршық тасты жолдар. Және де аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыз № 267 қаулысымен Жалағаш-Жосалы-Мара баба кесенесі бағытындағы 11,1 шақырым жол аудандық маңыздағы автомобиль жолдары тізбесіне енгізілді.
Есепті кезеңде 2012 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 108,5 пайызға, жүк айналымы 100,7 пайызға, жолаушылар тасымалдау 108,4 пайызға, жолаушылар айналымы 107,8 пайызға өсті.

2013 жылы Қызылорда облысы көлемінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.


Осыған орай Қызылорда – Жосалы, Жосалы- Қызылорда бағыты бойынша автокөліктер ағымы облыстық маңызы бар «Жалағаш- Жосалы» автомобиль жолымен жүзеге асуда. 2008- 2012 жылдар аралығында осы жолдың 34 шақырымына күрделі, 4 шақырымына орташа, барлығы 38 шақырымы жөндеуден өткізілді.
2013 жылы республикалық бюджеттен 404,0 млн.теңге қаржы «Жалағаш- Жосалы» автожолының 8,3 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Кент, ауылдық округтері көшелеріне де жөндеу жұмыстарын жүргізу жүзеге асуда. Атап айтқанда, 2012 жылы облыстық бюджеттен 140,0 млн теңге қаржы қаралып, Қармақшы ауданы бойынша 13,1 шақырым жолдар мен көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына жүргізілді.
Ал 2013 жылы облыстық бюджеттен 336 440,0 мың теңге бөлініп, Жосалы кентінің көшелеріне, атап айтқанда Сейтжан ақын, Ораз Ахун, Нұртай, Мұратбаев, Сегізов, Сералиев, Жомартов, Тоғанас батыр, Төребай би, Томанов, Әбдікешов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Облыстық бюджеттен 166 752,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолының 15-30 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 155 801,0 мың теңге қаржы бөлініп, Ақжар, Ақай, Қармақшы, Иіркөл, Дауылкөл ауылдық округтері мен Төретам кентінің 8,3 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен 43 122,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдық округтері мен Төретам және Жосалы кенттерінің көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Яғни көшелерге жаяу жүргінші жолы салынды.
Және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 25 943,0 ,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Жолаушы тасымалына байланысты
2005 жылы Төретам кент аумағынан жолаушыларға қызмет көрсету мақсатында автостанса өз жұмысын бастады. Автостансада 2008 жылдан бастап билет сату жүйелері енгізілген. Осы автостанса арқылы «Шымкент- Төретам» бағыты бойынша 1 рейс, «Төретам –Қызылорда», «Байқоңыр- Қызылорда» және «Қызылорда- Байқоңыр» бағыттары бойынша – 13 рейс, «Төретам -Казалы» және «Қазалы- Төретам» бағыты бойынша 6 рейсте жолаушы тасымалданады. Сонымен қатар, осы автостансаның Жосалы кентіндегі «Ақмаржан» кафесінің маңынан диспетчерлік пункт ашылып, 2010 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Осы диспетчерлік пункт арқылы да Қызылорда бағытына қатынайтын жолаушы тасымалына билет сатылып, кент тұрғындарына қызмет көрсетілуде.
Жосалы кенті орталығындағы автобекет 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарып келген. Дегенмен де 2012 жылдың шілде айынан бастап автостанса иесі өз ғимаратын сатуына байланысты автостанса қазіргі таңда өз жұмысын тоқтатып тұр. Осыған байланысты, аудан әкімдігі тарапынан жеке кәсіпкерлер арасында Жосалы кентінде автостанса ғимараты құрылысын салуға қызығушылық тудыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жосалы кенті орталығынан қолданыстағы Заңдылықтарда көрсетілген талаптарға сай автостанса құрылысын салу жеке кәсіпкерлер тарапынан қолға алынады деп жоспарлануда.
Елді мекендер бойынша Көмекбаев, ІІІ- Интернационал, Алдашбай Ахун, Жаңажол елді мекендері бойынша жолаушы тасымалы жеке автокөліктерімен (кезекпен) және кентішілік бағыттар бойынша 7 автокөліктерімен жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асуда. Қазіргі таңда елді мекендерге қатынайтын автокөліктердің зауыттан шығу уақыты 1981 – 2004 жыл аралығында болып отыр. Және кентішілік бағыттар бойынша тиісінше 1997- 2002 жылдар аралығын қамтиды.
Қалған ауылдық округтер мен елді мекендер тұрғындары жеке такси қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) арқылы аудан орталығына қатынайды.
Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде 4 жер Жосалы кенті әкімінің 2 қараша 2012 жылғы № 31- Ө санды өкімімен және Төретам кенті әкімінің 07 қараша 2012 жылғы № 290 санды шешімімен 2 такси орындары белгіленген.
Жолаушы тасымалдаушы автокөліктер жеке тұлғаларда болуына байланысты өз қаржылары есебінен жаңартуға мүмкіндіктері келе бермейді. Жеке кәсіпкер Суюбердиева Забира тарапынан кентішілік бағыттар бойынша жолаушы тасымалдаушы автокөлік иелерімен келісім- шартқа отырып, кентішілік бағытта жолаушы тасымалдауды тиісті дәрежеде ұйымдастыру қолға алынды.
2013 жылы кентішілік бағыттарда жолаушы тасымалы сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен 1500,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. 2013 жылы жолаушы тасымалдаушыларды анықтау мақсатында конкурс өткізу үшін аудан көлеміндегі жолаушы тасымалдау қатынастарында жолақы тарифтерінің ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген есептеу әдістемесіне сәйкестендіру бағытында аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ауданішілік және кентішілік бағытта жолақы құны есептеліп, қолданыстағы Заңдылықтарға сай аудан әкімдігінің қаулы жобасы рәсімделіп, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ- нан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өткізілді. Сонымен бірге аталған қаулы жобасы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сараптамалық қорытынды алуға ұсынылып, қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, аудан әкімдігінің қаулы жобасы аудандық мәслихатпен келісілу жұмыстары жүргізіліп, облыстық әділет басқармасына тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық салық басқармасы тарапынан 2013 жылдың басынан бастап жекелеген сұрақтар бойынша салық органында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен жолаушылар тасымалын жасаумен айналысып жүрген жеке тұлғаларды анықтау мақсатында 6 рейдтік тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесімен 28 жеке тұлға салық органында кәсіпкер ретінде тіркелмей жолаушылар тасымалымен айналысып жүргендігі анықталып, сот шешімімен 117,7 мың теңге айыппұл салынды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жосалы кентіне 80 дана жол белгілерін орнатуға 1620,0 мың теңге қаржы қаралып, «Туған ел келбеті» ЖШС- мен тиісті жұмыстар атқарылды. Және 2013 жылғы қазан айындағы аудандық мәслихаттың шешімімен Жосалы кентіне қосымша 32 дана жол белгілерін орнатуға 620,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Және Төретам кентіне 300 дана жол белгілерін орнатуға сметалық есебін әзірлеуге қажетті 464,0 мың теңге қаржы бөлініп, қолданыстағы заңдылықтарға сай тиісті шаралар атқарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет