Мал азығын дайындау: Мал шаруашылығын дамытуға қажетті шаралардың бастысы мал азығымен қамтамасыз ету екені белгілі. Аудан әкімдігі бұл іске ерекше назар аударып, аудан әкімдігінің мәжілісінде арнайы қаралды. Аудан әкімінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 163 «Мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауданды жем-шөппен қамтамасыз етудің іс-шараларын бекіту туралы» қаулысымен әр бір ауылдық округтерге қысқа түсетін мал басына қажетті жем-шөп дайындау межесі 37500 тонна ірі мал азығы, 5500 тонна сабан, 7500 тонна жоңышқа шөбі, 7852 тонна дән кебегі, 2038 тонна жарамды күріш қалдығын дайындау межесі бекітіліп берілді. Сонымен қатар облыстық ауылшаруашылығы басқармасының қысқы мал азығын дайындау тапсырмасына сай 58,5 мың тонна ірі мал азығы, оның ішінде 5,3 тонна жоңышқа шөбі дайындау қамтамасыз етіліп тапсырма 100,1 пайызға орындалды. Дегенмен мал азығына қажетті жоңышқа дақылынан төмен өнім алынуда. Мал жеміне қажетті дән қалдықтарын, дән кебегін ауылшаруашылық құрылымдары және кәсіпкерлер жыл бойына қамтамасыз етеді деп күтілуде.
2013 жылы аудан бойынша нарықтағы бәсекелестікті дамыту және бағаны тұрақтандыру мақсатында мал азығы тапшы Жосалы, Төретам кенті мен Ақай ауыл округтерінің тұрғындарын, 2013-2014 жылдың қысына мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кесте жасалып, 1 тамыздан бастап шөп жәрменкесі ұйымдастырылды. Атап айтқанда 12 рет шөп жәрмеңкесі өткізілсе, онда 252,7 тонна жоңышқа және табиғи шөп, 16,5 тонна күріш кебегін сату қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |